"Жас Алаш" ақпарат
Шекараны бұзып кірді
Жас Алаш №73 (16529)   14 қыркүйек, бейсенбі 2017
12.09.2017 14:10

Кешегі жексенбіде Саакашвили жақтас­тарымен бірге Польшаның Жешув қаласынан шығып, Украинаның Львов қаласына теміржол арқылы бармақшы болған. Бірақ украиналық компания оның пойыздан түсіп қалуын өтінген. Осыдан кейін Саакашвили автобус­пен Украинаның Медыка Шегини шекара бекетіне беттеп, украиналық шекарашылардың қоршауында қалған. Бірақ бірнеше күн бойы шекара маңында күтіп жатқан мыңдаған жақ­тастары қоршауды бұзып өтіп, оны Львов қала­сына жеткізеді. Михаил Саакашвилиді шекарадан күтіп алуға жоғарғы рада депутаттары мен оппозициялық саясаткер Юлия Тимошенко да барған. Ертеңінде Саакашвилидің үстінен қылмыс­тық іс қозғалды.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20711.html