"Жас Алаш" ақпарат
Тойдан қайтқандар қазаға ұшырады
Жас Алаш №73 (16529)   14 қыркүйек, бейсенбі 2017
12.09.2017 14:12

Маңғыстауда жол апатынан бір отбасының жеті мүшесі қаза тапты. Жол апаты 10 қыркүйекте шамамен сағат 19:00-де Бейнеу ауылында болған. Toyota Camry көлігі қоршауға соғылыпты. Апаттық медицина орталығының хабарына қарағанда, жүргізуші мен алты жолаушы (екеуі 2006 және 2001 жылы туған) оқиға орнында қаза тапқан.
«Көлік жапырылып қалған, көліктегі екі мәйітті арнайы техника құралы арқылы ғана алдық» дейді мамандар. Куәгерлердің айтуынша, көлікте тойдан қайтып бара жатқан бір отбасының мүшелері – ағайындылар, қарындасы және оның балалары болған.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20714.html