1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
19 қаңтар 2017

Қазақтың ұлттық кәсiби театры дегенде, биыл туғанына 125 жыл толатын Жұмат Шанинның аты алдымен аузымызға түседi. 1926 жылы сол кездегi ел астанасы Қызылордада ұйымдасқан қазақ театрының директоры әрi көркемдiк жетекшiсi болып барған Ж.Шанин жайлы белгiлi театртанушы Бағыбек Құндақбаев: “Ел арасынан шыққан өнер шеберлерi Еуропа үлгiсiндегi театр өнерiн жасап, көрушi қауымның сүйiспеншiлiгiне бөлендi. Солай болғанмен де, оларға өз бетiмен, өздерiнiң күшiмен театр жұмысын кәсiби жолға қою аса қиындыққа соқты.

19 қаңтар 2017
«Ел айрылғанның» қайталануы мүмкiн бе?..

Алматыдағы “Спутник” кинотеатрынан “Алмас қылыш” көркем фильмiн арнайы барып көрiп шықтық. Ендi осы фильм жөнiнде оқырмандармен ой бөлiскендi жөн көрiп отырмыз.

***
Жасыратын түк те жоқ, “Алмас қылыш” фильмiне қорқа-қорқа бардық. Сонда кiмнен, неден қорықтық? Осыдан бiраз жыл бұрын түсiрiлген, түсiрiлгенде де 50 миллион долларға түсiрiлген “Көшпендiлер” фильмiнен көңiлi қалмаған қазақ жоқ та шығар, сiрә. Бiрiншiден, “Алмас қылыш” та осы “Көшпендiлердiң” кебiн киген жоқ па екен деп қорықтық. Екiншiден, киногерлерiмiз “Алмас қылышты” баянсыз
 

19 қаңтар 2017

Қазақстанда Тележурналистика бойынша кәсiби бiлiм беру және ғылыми зерттеу мектебiнiң қалыптасуы мен оның өркендеуi филология ғылымдарының докторы, профессор Марат Барманқұлов есiмiмен тiкелей байланысты. Марат Кәрiбайұлы негiзiн қалаған ғылыми мектеп пен студенттiк телестудия дәстүрiн кафедра үзiксiз жалғастырып келедi. Барманқұловтың есiмiн ұрпақ санасында үнемi жаңғыртып отыру мақсатында жыл сайын өтетiн “М.Барманқұлов оқулары” қарсаңында студенттiк тележобалар байқауы

19 қаңтар 2017
Зiкiрия Жандарбек, дiнтанушы ғалым: ҰЛТТЫ САТУ БIР ӘРIПТI САТУДАН БАСТАЛАДЫ

Бүгiнде Қазақстанның дiни әлемi түрлi ағымдарға жiктелiп кеткен. Бұл ұлт үшiн өте қауiптi. Керек десеңiз, елдiң есiн алған экстремизмнiң де бiр ұшы осы дiни адасушылыққа барып тiреледi. Ал Дiн деген не? Дiндi мәдениеттен бөлiп қарастыруға бола ма, әлде ол ұлттық таным-түйсiктiң ажырамас бiр бөлшегi ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын оқырман төмендегi сұхбаттан табады ғой деген ойдамыз. Бұл – белгiлi дiнтанушы ғалым Зiкiрия Жандарбектiң “Есi дұрыс адам “Аллах” деп айтқызумен руханиятты көгертем деп ойлай ма?” атты тақырыппен әлеуметтiк желiде

17 қаңтар 2017
Тельман қойшының құпиясы

«СОЦИАЛИЗМ ӘҢГIМЕСI» ЦИКЛЫНАН

“Әңгiме әлсiреген кезде әдебиет те әлсiрейдi” дейдi жапон жазушысы Дадзай Осаму (1909–1948). Демек, әңгiме – әдебиеттiң қозғаушы күшi, әдебиеттiң өсiрушi әрi өлшеуiшi iспеттi аса маңызды, құнды жанр. Құнды жанрдың құнын түсiрмей, қасиетiн кетiрмей, осы салада өтiмдi де өнiмдi еңбек етiп, қазақ әңгiмесiнiң көкжиегiн кеңейтiп жүрген жазушымыздың бiрi – сөз жоқ, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Әлiбек Асқаров.
Әлiбек Асқаров соңғы кездерi “Әйел парасаты”, “Аңшының хикаялары”, “Социализм әңгiмесi” деген атпен циклдi әңгiмелер жазу үстiнде. Бұл циклдi әңгiмелер жеке-жеке кiтап болып жарық көрдi де. Әсiресе, осы жерде Ә.Асқаровтың “Әйел парасаты” деген атпен жарияланған циклдi әңгiмелерiнiң қазақ әдебиетiне үлкен олжа салғанын атай
 

17 қаңтар 2017
«Бәрi сатты, жалғыз қалдым...»

Халқының қалаулы ұлы, елiнiң еркесi, опасы жоқ мына жалған дүниеге сыя алмай кеткен бiртуар оғлан Заманбек Қалабайұлы Нұрқадiлов жер басып жүргенде 15 қаңтарда жетiншi мүшел жасқа толған болар едi! Асылдары мен жасындарын көзi тiрiсiнде көре алмайтын, тасада тұрып тас ататын, тегершiгiне таяқ қыстырып отыратын халықтың бiрi де бiрегейi, сiрә, бiз болармыз. Егер де тiрi болғанда Заманбек бұл күндерi жетпiс үш жасқа толар едi-ау. Ендiгi жерде бiздер – батырдың көзiн көргендер, оның назарына iлiккендер, шапағатына ие болған жандар осы бiр асыл азаматтың ерлiк iстерiн, жалпақ жұртқа жасаған жақсылығын жыл сайын оның туған күнiнде еске алып отыруға

12 қаңтар 2017

Дүкендерде, базарларда күрек көп болғанымен, екi қолға бiр күрек таба алмай, қышыған алақанымды қасып қойып, “бүгiн тиын-тебен табамын-ау!” деген оймен қаладағы “Құл базар” атанып кеткен жерге келдiм. Жұмыссыз жастар, жасамыстар осы жерге жиналып, бай-бағландарға жеке жұмысқа жалданады. Мұнда келсем, қарақұрым адамдар жол жағалап тұр екен. Қыстың қара суығында бүрсеңдеп тұрмыз. Бала-шаға аш, “Джиптер” тоқтай қалса, астына түсiп кете жаздап, тұра жүгiремiз. Бүгiн жұмыс берушiлер жоқ. “Итiм ине жұтып өлдi, соны көмiп берiңдер!” деп шiренген бiреу

12 қаңтар 2017

Есiмде жоқ,
Көктем бе едi, жаз ба едi,
Көңiл көкте,
Уайымның да аз демi,
Жұмыс уағы,
Шақырып ап бастығым,
Бiр досыма
Мадақнама жаз дедi!

Ойланбадым,
Көр-жер сөздi термекке,
Талаптандым,
Тәуiр баға бермекке,
Елге елеулi

12 қаңтар 2017

Сөйтiп, 2017 жылы бүкiл бiлiм саласы үштiлдiлiкке көшiп жатыр... Қаратабан жай қазақтан бастап игi жақсы атаулы “Ау, бұл қазақты бiржолата жоюдың жолы ғой” деп қанша қарсылық бiлдiрсе де, билiк бұған пысқырып та қарамады. Кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезов өзiнiң өкшесiн басып келе жатқан қаламгерлерге: “Осы сендер, “өй, айттық қой, жаздық қой” дейсiңдер, қайталап айтып отыру керек, үйдiң төбесiнен тамшылап аққан су-екеш су да iргеде жатқан қара тасты тесiп өтедi, қайталап айтып отырыңдар!” дейдi екен. Сонда бүгiнгi Қазақстан билiгi қазақ ұлтының амандығы төңiрегiнде қазақтардың сан қайталап айтқан пiкiрiне құлақ салуға келгенде сол қара тастан да қатты болғаны ма?!
Ұлыбританияның Уэльс атты уәлаятында туған ұлы ғалым Д.Кристал өзiнiң “Тiл ажалы” деген кiтабында “Бiр ұлтты жоқ қып жiберу үшiн оларға қостiлдiлiктi енгiзу керек. Сонда олардың тiлiн

12 қаңтар 2017
«Кiтап өртеу» деген не сұмдық?!

Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiловтiң “Сенесiз бе, мен өз елiме жете алмай жүрмiн!” деген (“Жас Алаш”, 25 қазан, 2016 жыл) мақаласын оқып, жағамды ұстадым. Жазушылар Одағы күнi бұрын жоспарлап, Қабекеңнiң 80 жылдық мерейтойын Алматыда және туған жерi Шығыс Қазақстан облысында өткiзудi ұйғарыпты. Алматыдағы мерейтойы жақсы өткен. Ал Шығыс Қазақстандағы той қалай өтер екен дегендей жазушының көңiлiнде күдiк, күмән да болған. “Себебi Семей мен Өскемен жұртшылығы кезiнде ГПУ, НКВД, КГБ сияқты мекемелердiң “тәрбиесiн” көп көрген ел ғой. Абай ұрпақтарын әр жаққа жер аударып, ақынның сүйiктi ұлы Тұрағұл мен Жағыпарды (Мағауияның баласы) 1933 жылы аштан өлтiрген... Шыңғыстауда аң қарап жүргенде Шәкәрiм қажыны атып өлтiрiп, сүйегiн

12 қаңтар 2017
Ұлтын сүйген ұлы тұлға

Бүгiн – халқымыздың ұлы перзенттерiнiң бiрi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күнi. “Көрнектi адамдар өз елiнiң не бағына, не сорына туады” деген көне мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елiнiң бағына туған адам және бiздiң әрқайсымыз үшiн айрықша ыстық” деген екен кезiнде Iлияс Есенберлин. Көзiнiң тiрiсiнде-ақ “Димаш аға!” деп күллi Алаш жұрты төбесiне көтере ұлықтаған Дiнмұхамед Ахметұлы – шын мәнiнде, қазақтың iргесiн нықтап, еңсесiн тiктеп, бүгiнгiдей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен айтулы

10 қаңтар 2017
«Аманатқа қиянат жасауға қақым жоқ...»

Нұрғали Нүсiпжанов – бүгiнде Қазақстанның Халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының профессоры, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясының халық сүйген айтулы әншiсi! Ал шын асылдың бағасын бiлер көзiқарақты қауым, дүйiм қазақ халқы үшiн оның “Нұрғали Нүсiпжанов!” деген атының өзi – кез келген

10 қаңтар 2017
Желтоқсан қазақтың жан жарасы едi...

Өткен жылы әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiне 30 жыл толды. Әлемдiк геосаясаттың өзгеруiне, социалистiк жүйенiң күйреуiне, КСРО деген алып елдiң ыдырауына, сол арқылы оның құрамындағы 15 одақтас республиканың 15 мемлекет болуына жол ашқан, дүниежүзiлiк маңызы зор тарихи ұлы оқиға тәуелсiздiгiмiздiң ширек ғасырлығының көлеңкесiнде елеусiз қалып қойды. Алайда мүлде атаусыз, ескерусiз күйде өттi дей

5 қаңтар 2017
Суретшiлердiң еңбегi лайықты бағаланып жүр ме?

Суретшiлер одағы – Қазақстандағы ең iрi және ең алғашқы шығармашылық одақ. Оның негiзi 1933 жылы 8 шiлдеде қаланған-ды. Бұл ұйымның құрамында қазiргi күнi 1082 мүшесi, 12 филиалы бар. Елiмiздегi ең iрi республикалық қоғамдық бiрлестiк. Яғни, мемлекеттiк емес ұйым. Барлық уақытта да мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырушылар ретiнде танылған суретшiлер ұжымының бұл күнде өзiндiк мәселелерi жетерлiк. Осы ретте мейлiнше қордаланып қалған ұсыныстарды ортаға сала

5 қаңтар 2017
Үшқара – басың биiк, аса алмадық...

1996 жылдың соңғы аптасы. Баянауылға соғымға баруым керек. Әуелi ат басын аудан орталығында тұратын Бөрiшiбай досымның үйiне бұрғам. Обалы не керек, аузын ашса, жүрегi көрiнетiн ақкөңiл досым дастарқанын жайғызып, қазанын көтертiп қойыпты. Сол күнi жақын араласатын көршi-қолаң, дос-жарандары бар, ән айтылып, күй тартылып дегендей, әсерлi кеш болды.

 

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»