18 ақпан 2010
Әдеби-мәдени әлем
«Ымырттағы махаббаттың» 100-iншi қойылымы
19 ақпан күнi Қазақтың Мемлекеттiк М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат» спектаклiнiң 100-iншi қойылымы болады (Қоюшы режиссер Р.Андриясян, Т.Аралбай). Бұл спектакльде басты рөлдi КСРО халық әртiсi, ҚР Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, дарынды актер Асанәлi Әшiмов ойнайды.
ӨЗБЕК ТIЛБҰЗАРЛЫҚ ПЕН ДIНБҰЗАРЛЫҚТЫ ЕШУАҚЫТТА КЕШIРМЕЙДI
Соңғы күндерi бiздiң орыстiлдi газеттерiмiз Өзбекстанның белгiлi фотосуретшiсi Умида Ахметова туралы күн құрғатпай хабарлама берiп жүр. Бұлардың айтуынша, Өзбекстанның құқық қорғау орындары У.Ахметованы жарыққа шыққан кезектi фотоальбомы үшiн кiнәлап, сотқа тартқан. Бiрақ, У.Ахметова амнистияға iлiгiп, түрмеден аман қалыпты, әйтеуiр...
«Бұл қалай? – дейдi ғой бiздiң орыстiлдi журналистерiмiз, – Шындықты көрсеткенi үшiн, Өзбекстандағы хал-ахуалды боямасыз фотосуретке түсiрiп, оны жариялағаны үшiн фотосуретшiнi неге кiнәлаймыз? Демократия қайда?» Тағы бiр орыстiлдi газетiмiз: «Умида, ұнжырғаңды түсiрме! Бiз әрқашанда сенiмен бiргемiз!» дедi...
Өзбек – қазақ сияқты ашық-шашық халық емес. Өзбектер төмендегiдей үш нәрсенi ешуақытта кешiрмейдi: тiлбұзарлықты, дiнбұзарлықты, ұябұзарлықты. Өзбектi өзбек етiп отырған да – олардың осы қасиетi. Умида Ахметова – тек фотосуретшi ғана емес, сонымен бiрге деректi фильм түсiретiн режиссер де. Осыдан бiраз бұрын У.Ахметова «Бремя девственности» деген деректi фильм түсiрдi. Орыс тiлiнде. Мұнда мынадай болған оқиға баяндалады. Өзбектiң бiр бойжеткенi күйеуге шығады. Некеқияр тойдан кейiн өзбек жiгiтi әлгi қызды үйiнен қуып жiбередi. Неге? Қыз пәк болмай шығады. Содан бүкiл елге, күллi ауыл-аймаққа, туған-туысқа масқара болған қыз өзiн-өзi өлтiру үшiн екi рет әрекет жасайды... Не керек, қыз байғұс азып-тозып, елдiң көзтүрткiсiне ұшырайды ғой. Осыны көрсете отырып, деректi фильм «Осындай қатыгез дәстүрдiң (яки, некеқияр түнiнде қалыңдықтың пәк, не болмаса пәк емес екенiн тексеру) не керегi бар? Осы дәстүрдiң тамырына балта шапсақ қайтедi?» деген ой айтады. Мiне, Умида Ахметованы сотқа сүйреп жүрген де – осы жайт. Өзбектер У.Ахметоваға бiр рет ескерту жасады: У.Ахметованы сотқа тартып, артынан амнистияға iлiктiрiп жiбердi. Егер У.Ахметова осындай фильмдердi, яғни өзбектiң ұлттық дәстүрiне қарсы шығатын фильмдердi бұдан былай да жалғастыра беретiн болса, онда олар У.Ахметованы Өзбекстаннан қуып жiбередi (Азиза сияқты).
Өзбек – қазақ сияқты ашық-шашық халық емес. Олар тiлбұзарлықты, дiнбұзарлықты, ұябұзарлықты ешуақытта кешiрмейдi. Бұл үшiн өзбек халқын кiнәлауға болмайды. Керiсiнше, сыйлау керек сияқты.





Сонда Үмиданың кінәсі не? Болған жағдайды авторлық фильмде көрсеткені ме? Өзбек халқын кінәлаған кім? Үмида өз халқының дәстүріне қарсы шығып тұр ғой сеніңше? Шіркін-ай, ойланып барып жазуға уақытың болмады ма? Бұл не мораль? Осы опусты дайындаған шимайшының аты-жөні неге жазылмайды?
Жауап күтем
Болат Атабаев