1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қырғызстан президентi Құрманбек Бәкиев отставкаға кету жөнiнде Таразда жазған арызынан неге Минскiде бас тартты?
Таразда оны «туғаны» Н.Назарбаев мәжбүрлегендiктен (61.9%)
Шошқа етiнiң дәмi таңдайына татығандықтан (14.4%)
Жас тоқалының кеңесi ғой бұл... (14.1%)
Қырғыз халқының болашағын ойлағандықтан (9.7%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
10 наурыз 2010
Әдеби-мәдени әлем

БАҚЫТЖАН ЖҰМАДIЛОВ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Тағы да жол апаты... Осы бiр “жол апаты” деген пәледен қаншама қазақ өнерпаздары мезгiлсiз көз жұм­ды десеңiзшi?! Әйгiлi “Дос-Мұқасан” ансам­блiнiң белдi әншiсi, сазгер, белгiлi өнерпаз Бақытжан Жұмадiлов те жол апатынан қаза болды...
“Дос-Мұқасан” ансамблi алғаш рет ұйымдасқан кезде, Қазақстанда не көп, ансамбль көп болатын. Кейбiр iрi зауыттар мен фабрикалар қос-қостан ансамбль ашып, кеңшарлар мен ұжымшарлардың әрқайсысы бiр-бiрден ансамбль ұстайтын. Тiптi, Мәскеуден – әншi, Ленинградтан – гитарист, Одессадан – сазгер шақырған iрi зауыттың директорын да бiлушi едiк... Осылардың арасынан “Дос-Мұқасан” несi­мен жеке-дара озып шығып, шыр­қау биiкке көтерiлiп кеттi? Ұлттық сипатымен. Ұлт­тық болмысымен. Ұлттық қасиетiмен.
“Дос-Мұқасанды” “Дос-Мұ­қасан” еткен ұлтымыздың жiгерлi жiгiттерi, ұлтымыздың ұлттық намысы мығым өнерпаздары болса, солардың iшiнде Бақытжанның орны алабөтен едi. Халықтың әндерiн эстрадаға сай өңдеп, оны халықтың өзiне жаңғыртып, жа­ңартып қайтарып беру де – үлкен шеберлiктi қажет ететiн үлкен өнер. Мiне, Бақытжан осы үлкен өнердiң үдесiнен шыға бiлген жан едi.
Қазақстанның орыстiлдi қа­уымы Бақытжанды “мистер Құ­даша” дейтiн. Ал қазақтар “Бiр­жан салға” ұқсатып “Бақытжан сал” деушi едi. Киiктiң асығындай шымыр жiгiттiң бойында қазақтың сал-серiлерiне ұқсас қасиеттер де аз емес-тi. Бақытжан әрi әншi, әрi сазгер, әрi концерт жүргiзушi, әрi күлдiргi-әзiлкеш, әрi асаба, әрi аңшы, әрi бишi, әрi күйшi едi...
Қарап отырсаңыз, “Дос-Мұқасанның” негiзгi құрамының да қа­тары сирей бастапты: 1994 жы­лы “Дос-Мұқасанның әншiсi Құрманай Омарова дүние салды. 2007 жылы Шәрiп Омаров дүниеден оз­ды. Ендi, мiне, Бақытжан Жұма­дiлов...
Бақытжан Жұмадiлов жол апатына ұшыраған кезде, оның жанында досы әрi өнердегi әрiптесi Досым Сүлеев болыпты. Досым Сүлеев қазiр Алматыда, ауруханада. Үш қабырғасы сынған, кеуде сүйегi майысқан, миы шайқалған. Дәрi­гер­­лердiң айтуынша, бұған да шү­кiр, бетi берi қарай бастапты...
“Келшi, келшi, келшi бермен, құдаша...”, “Махаббаттың құдi­рет-күшi әлдилеп...”... Мiне, осы жолдарды жазып отырған бiздiң құлағымызға да Бақытжан Жұмадiлов­тың даусы, үнi, ол орындаған әннiң әуезi келiп тұр. Өзi салған әндерi сияқты Бақытжан Жұмадiловтiң есiмi де ешуақытта ұмытылмаса керек.
 
“ТАҒДЫР-ТАРАЗЫ”
“Тағдыр-таразы” деп аталатын жаңа журнал ашылды. Бұл журнал екi айда бiр рет жарық көредi. Журналдың бас редакторы – белгiлi журналист Сара Досниязова.
Бұл журналдың ерекшелiгi неде? “Тағдыр-таразы” журналының ең басты мiндеттерiнiң бiрi – қалың көпшiлiктiң құқықтық сауатын ашу. Сiздiң құқыңызды сақтайтын не? Әрине, заң. Ал заңды бiлу, әсiресе, заңның тiлiн түсiну – оңай-оспақ шаруа емес. Бұл журнал да осы тарапта жұртшылыққа үлкен жәрдемшi болмақ.
 
“ЭХ, НАТАЛЬЯ, НАТАЛЬЯ...”
Мәскеудiң “Молодая гвардия” баспасы өзiнiң “Тамаша адамдар өмiрi” атты әйгiлi сериясымен Вадим Старктың “Наталья Гончарова” атты кiтабын басып шығарды.
“Егер Н.Гончарова А.С.Пушкинге тимегенде, онда Пушкин де өлмейтiн едi” деушiлердiң қатары тым көп екенiне қарамастан, В.Старк 18 жасында А.С.Пушкинге жар болған Наталья Гончарованың ақынжанды әрi бiлiмдi болғанын жан-жақты дәлелдей келiп, оның өмiрiн, мiнезiн, ортасын, тағдырын қызғылықты етiп баяндайды.
 
В.ТОЛКУНОВА АУРУХАНАҒА ТҮСТI
Орыстың күмiскөмей әншiсi Валентина Толкунованың жүрегi ауырып, ауруханаға түстi.
“Белоруссияның Могилев қаласындағы Мәдениет сара­йында ән салып тұрғанмын. Кенет көзiм қарауытып кеттi... Ар жағын бiлмеймiн...” дейдi әншi. Дәрiгерлердiң айтуына қарағанда, В.Толкунованың жүрегi сыр бере бастаған, ендi әншiге ұзақ емделуге тура келедi.
 
ЕСКЕ АЛУ КЕШI
Өлең дегенiң, қарағым,
Жетi қат жердiң астында,
Айдаһардың аузында...
Мен соған кетiп барамын, – деп, Ұлы мәртебелi поэзияның мiндетiн қолдан оңайлатуға болмайтынын ескертiп кеткен ақын, небәрi 47 жасында қаза болған талантты шайыр Өмiрзақ Қожамұратовтың (1936-1983) “Сеп” баспасынан “Сезiм сәттерi” атты жыр жинағы шықты. Рас, бұған дейiн де Ө.Қо­жа­мұратовтың бiрнеше рет өлең жинақтары жарық көрген-дi. “Се­зiм сәттерiнiң” бiр ерекшелiгi, бұл жинаққа ақынның бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған бiр топ өлеңдерi енгiзiлген. Айтпақшы, Ө.Қожамұратовты 1959 жылы алғаш рет оқырманға таныстырған “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) болатын.
26 наурыз күнi сағат 15.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде (Абылай хан даңғылы, 105 үй) ақын Өмiрзақ Қожамұратовты еске алу кешi өтедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Ақжол | 11 наурыз 2010 09:10
Бақытжандай әншіміздің, ел еркесінің дүниеден өткені өкінішті-ақ. Тағдырдың жазуына шара бар ма? Жазмыштан озмыш жоқ, Құдайға да жақсылар керек.
Көрермені. | 11 наурыз 2010 13:10
Иманды болсын! Өте жаксы әнші, халықтын сүйікті ұлы еді. Өкінішті.
Aslan Turlybek | 12 наурыз 2010 05:25
Askar tauday Bakitzhan aga zhatkhan zheriniz torkha, topiraginiz torkha bolgay. Allah Tagallanin shapagatina boleniniz. Amin
Салтанат | 8 сәуір 2010 23:20
Бақытжан Жұмаділов қазақтың нағыз сүйіп тыңдайтын әншісі еді...өкінішті-ақ, бұл өмір қамшының сабындай қысқа емес пе?! Ағамыздың о,дүниеде жатқан жері жәннаттан болсын!Барлық туған-туыстарына көңіл білдіремін.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті