12 наурыз 2010
Әдеби-мәдени әлем

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ КIМГЕ ЕЛIКТЕЙДI ЕКЕН?
Сәннiң (мода) тарихын зерттейтiн орыс ғалымы Александр Васильевтiң айтуынша, дәл қазiр орыс қыздары Тина Канделаки мен Ксения Собчакқа қатты елiктейдi екен. Әрине, мұны ғалым зерттеп, тексерiп барып айтып отыр. Егер орыс қыздары Тина Канделаки мен Ксения Собчакқа қатты елiктесе, онда орыс қыздарының талғамын шынымен-ақ шаң баса бастаған екен.
Ендi осы орайда мынандай сұрақ туындайды: қазақ қыздары қазiр кiмге елiктейдi? Бұрындары қазақ қыздары Шара Жиенқұловаға, Күләш Байсейiтоваға елiктейтiн. Зылиха Тамшыбаева мен Кәмшат Дөненбаеваға елiктеген қыздарымыз да аз болған жоқ. Ал қазiр ше? Дәл осы сұрақ төңiрегiнде арнайы сауал жүргiзер болсақ, бiздiң қыздарымыздың да “кумирi” осы Тина Канделаки мен Ксения Собчактың төңiрегiнен табылатындай (яки, еркектердi қолындағы қолғабындай ауыстыратын, байлықты пiр тұтатын, өзiнiң аты мен атағын шығару үшiн ештеңеден тайынбайтын, керек десеңiз, көптiң көзiнше К.Собчак сияқты тыржалаңаш шешiнуге дейiн баратын) болып көрiнедi де тұрады.
«ТҰРАННЫҢ» КОНЦЕРТI
Қазiр қатты өсiп келе жатқан, өскенде де өзiнiң ұлттық сипатын анықтап, ұлттық бiтiмiн айшықтап өсiп келе жатқан ансамбльдiң бiрi – “Тұран” этно-фольклорлық ансамблi.
Кеше Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында “Тұранның” алғашқы күйтабағының тұсаукесер салтанаты өттi. Бұл кеште қазақтың халық күйлерi, Дәулеткерейдiң күйi, сазгер Ақтоты Райымқұлованың шығармалары орындалды.
ЕҢ ҚЫСҚА РОМАНҒА СЫЙЛЫҚ БЕРIЛДI
Ресейдiң жазушысы Владимир Блинов (Екатеринбург) ең қысқа жазылған романдардың бәйгесiне қатысып, арнайы жүлделердiң бiрiн жеңiп алды. Бұл ең қысқа роман екi-ақ сөйлемнен құралады: “Не надо! Я сама”.
ҚАЗАҚТЫҢ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫРЕПЕРТУАРЫ
12 НАУРЫЗ
Ромео мен Джульетта. У.Шекспир.
ауд. Ә.Кекiлбаев
реж.О.Салимов
13 НАУРЫЗ
Бәкей қыз.
Т.Мәмесейiт.
реж. Ә.Рахимов
14 НАУРЫЗ
Көктөбедегi кездесу. Қ.Мұхамеджанов,
Ш.Айтматов.
реж. О.Кенебаев.
16 НАУРЫЗ
Қазақтар.
Қ.Ысқақ, Шахимардан
реж. Тұңғышбай әл-Тарази
17 НАУРЫЗ
Мәңгiлiк бала бейне. Р.Мұқанова.
реж.Б.Атабаев.
18 НАУРЫЗ
Ымырттағы махаббат. Г.Гауптман.
ауд. Қ.Ысқақ.
реж. Р.Андриасян.
19 НАУРЫЗ
Қарагөз.
М.Әуезов.
реж. Б.Атабаев.
20 НАУРЫЗ
Сұлу мен суретшi.
Т.Ахметжан.
реж. Н.Жақыпбай
21 НАУРЫЗ
Мұрагерлер.
Д.Исабеков.
реж. О.Кенебаев.
23 НАУРЫЗ
Аршын мал алан.
Ү.Ғаджыбеков.
реж. Тұңғышбай
әл-Тарази
24 НАУРЫЗ
Көшкiн.
Т.Жүженоғлы.
ауд. О.Қыйқымов.
реж. А.Кәкiшева.
КIШI ЗАЛ САҒ. 15-00
25 НАУРЫЗ
Қылмыс.
М.Байджиев
реж. О.Сәрсенбек.
25 НАУРЫЗ
Қожанасыр тiрi екен... Т.Нұрмағанбетов.
реж. О.Кенебаев.
26 НАУРЫЗ
Мұрагерлер.
Д.Исабеков.
реж. О.Кенебаев.
27 НАУРЫЗ
Үмiт үзгiм келмейдi. Н.Келiмбетов.
реж. Е.Обаев, Т.Аралбай.
28 НАУРЫЗ
Жүрейiк жүрек ауыртпай. Б.Жәкиев.
реж. Е.Обаев.
31 НАУРЫЗ
Бес бойдаққа бiр той. Т.Нұрмағанбетов
реж. Ә.Рахимов.





Уәж айту