1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
27 желтоқсан 2016
Алаш арысына құрмет

Қарағанды қаласындағы “Болашақ” университетiнде халқымыздың аяулы ұлы, адал перзентi, аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, Қазақ үкiметiнiң тұңғыш төрағасы, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның биылғы 150 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми-тәлiмдiк конференция болып өттi. Конференцияда ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспондентi Мәмбет Қойгелдi, Астанадағы “Алаш” ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, Ыстамбул университетiнiң профессоры Әбуақап Қара, ҚР Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкерi Берiк Әбдiғали, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Астанадағы Ш.Шаяхметов атындағы орталықтың директоры Е. Тiлешев, ҚР Ұлттық Инженерлiк академиясының мүше-корреспондентi, Ә. Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан Тобаяқов шығып сөйлеп, құнды баяндамалар жасады. Конференция қорытындысында Қарағандыдағы Октябрь ауданы мен Ленин даңғылына Алаш арысының есiмiн беру туралы ұсыныс айтылды.  Конференцияға Қарағанды облысының әкiмi Н.Әбдiбеков қатысты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар