1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
5 қаңтар 2017
Суретшiлердiң еңбегi лайықты бағаланып жүр ме?

Суретшiлер одағы – Қазақстандағы ең iрi және ең алғашқы шығармашылық одақ. Оның негiзi 1933 жылы 8 шiлдеде қаланған-ды. Бұл ұйымның құрамында қазiргi күнi 1082 мүшесi, 12 филиалы бар. Елiмiздегi ең iрi республикалық қоғамдық бiрлестiк. Яғни, мемлекеттiк емес ұйым. Барлық уақытта да мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырушылар ретiнде танылған суретшiлер ұжымының бұл күнде өзiндiк мәселелерi жетерлiк. Осы ретте мейлiнше қордаланып қалған ұсыныстарды ортаға сала кеткендi жөн көрiп отырмыз.

Ең алдымен, жыл сайын берiлетiн Мемлекеттiк стипендия туралы ереженi қайта қарау керек сияқты. Себебi, берiлетiн 50 орынның 25 орынын – жазушылар, 24 орынды – әртiстер алады, 1 ғана орынды суретшiлер алады. Биыл 90 жасқа келген, Отан соғысының ардагерi А.Школьныйға әрең дегенде мемлекеттiк стипендия алып бердiк. Масқара емес пе?!..
Жыл сайын берiлетiн «Қазақстанның еңбегi сiңген қайраткерi» атағын көбiнесе 20-25 жастағы әншiлер мен әртiстер алады. Бұлардың еңбегi сiңгендерiне сену де қиын. Былтыр 45 адамға осындай атақ берiлдi. Оның 13-i – жазушылар. Кiм алғаны бiрақ баспасөзде жарияланбады. Кiм неге еңбек сiңiрiп жатқанын тек өздерi бiледi...
Суретшiлер одағы ұсынған адамдардың бiрде-бiреуi осы атақты ала алмады. Айтпақшы, Алматыдағы Тәуелсiздiк монументiн жасаған, былтыр ғана өмiрден озған Әдiлет Жұмабайды бiрнеше рет ұсынсақ та, ала алмай-ақ кеттi осы атақты. Одан басқа қаншама атақты суретшiлер бар. Олардың алды ақсақалдық жасқа келдi. Осы ретте бiздiң бiр ұсынысымыз бар. «Қазақстанның еңбегi сiңген суретшiсi» деген жеке атақ енгiзiлсе. Сонда бұған өзгелер де, шенеунiктер де, шендiлер де таласпайды!
Жазушыларға әр баспа табақ үшiн 150 000 мың теңге қаламақы төленетiн болды (Әзiрге бұл – жоба). Бiздiңше, бұл суретшiлерге де қолданылуы керек. Суретшi суреттерiн жинап альбом шығарса, альбомның әр баспа табағына қаламақы төленуi қажет.
Кеңес заманында да, бүгiнде де Суретшiлер одағының тарихында ешқашанда оның жеке баспасөзi болған емес. Журнал ашып, не портал ашып, осыған ақша аударуды қарастыру керек.
Көркемөнер конкурстарын Суретшiлер одағының қарамағына басы бүтiн беру керек. Неге? Сонда нашар ескерткiштер болмайды. Суретшiлер одағы ескерткiштердiң үздiктерiн таңдап, кейiн Мәдениет министрлiгiне бұл жөнiнде есеп берiп отыруы керек. Қазiр әр облыс, қала бердi әр аудан өз бiлгендерiн iстеп жатыр. Масқараға айналған ескерткiштер көбейiп кеттi. Бұның өзi Мәдениет министрлiгi мен Суретшiлер одағының арасында ешқандай байланыстың жоқтығын көрсетедi.
Үздiк шығармашылық үшiн берiлетiн Мемлекеттiк сыйлық ережесiне де өзгерiс керек. “Жоба жетекшiсi” деп, кiлең үкiметте отырған лауазымды тұлғалар қатысып, сыйлықты солар алатын үрдiс пайда болды. 2014 жылы Алматы қаласының әкiмi болған Ахметжан Есiмов метро құрылысының жетекшiсi ретiнде Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған болатын. ОҚО әкiмi болған Асқар Мырзахметов суретшiлер мен сәулетшiлерге арналған Меммлекеттiк сыйлықты алса, биыл осы сыйлықты Иманғали Тасмағамбетов жоба жетекшiсi ретiнде алды. Осы топтағы Нұрлан Далбайды Суретшiлер Одағы осы сыйлыққа бiр емес, екi рет ұсынғанда, Мемлекеттiк сыйлық ала алмаған едi.
Көрдiңiз бе, ерiксiз “мықты жоба жетекшiсi” керек болды. Яғни, онсыз атақ алу мүмкiн емес деген сөз. Бұны тоқтату керек! Конкурсқа тек шығармашылық адамдарды ғана қатыстыру керек.
“Шабыт” сияқты жастарға арналған халықаралық конкурстарға мiндеттi түрде бiр сыншы, не өнертанушы қатысуы керек. Бұлардың не үшiн орын алғанын айтатын кiсi де керек емес пе?! Жастардың көбi көңiлдерi толмай, бiзге талай шағымданды. Сыншы мақала жазып, көрсетiп, баспасөзге шығарса, сол әдiл болар едi. Жастардың көңiлдерiнде қаяу да, күдiк те қалмас едi.
Шетелдiк конкурстарға, не көрме жасауға Қазақстан атынан баратын суретшiнiң жол шығынын төлеуге мемлекет тарапынан көмек берiлуi керек. Көптеген республикалық мерейтойларда өтетiн көрмелерге суретшiлер мүсiн мен картиналарын қояды. Ол көрме комиссиясының (выставком) сараптамасынан өтiп, көрмеге қойылады. Көрме сараптамасынан өткен шығармалардың авторлары осы жұмыстары үшiн мемлекет есебiнен кем дегенде осы жұмысқа кеткен материалдық шығындарын қайтарып алатындай ақша төленсе, өте орынды болар едi. Мысалы, мен бiр картина салдым делiк, оның бояуларына, кенепке, қылқалам мен рамаларына, багеттерiне қазiргi бағамен 30-40 мыңдай ақша жұмсалады. Және ол картинаны музейге жеткiзу үшiн суретшiлер автокөлiк жалдайды. Осының бәрiне 40-50 мың теңгедей ақша кетедi. Мемлекеттiк маңызы бар көрмелерге қатысқан авторлардың бәрiне материалдық шығын ғана емес, ынталандыру сыйақы тағайындалса. Ал шығармашылықпен салынған картинаның сатылуы да екiталай, бiрақ ол көрмеде ел-жұрттың жүрегiне рухани ләззат сыйлайды емес пе?!
Салыстырып қарасақ, осы салтанатты кеште әншiлер де өз өнерлерiн көрсетедi. Мерейтойда фонограммамен ән салған әншiлердiң әрқайсына ақша төленедi. Бiздiң ұсынысымыз – осындай мерекелiк үлкен республикалық көрмелерге қатысқан суретшiлерге де ақы төленгенi дұрыс. Сондықтан осындай мемлекеттiк маңызы бар көрмелерге Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен субсидиялар бөлiнiп, сурешiлердiң еңбегi лайықты бағаланса.
Өнер бағаланбаса, өнер иесi бағаланбаса, бiз алысқа бара алмаймыз.

Жанарбек БЕРIСТЕН, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Суретшiлер одағының жауапты хатшысы
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Сағи Ахтанов | 5 қаңтар 2017 21:44
Жанарбек Берстеннің жан айқайын түсінуге болады Мәдениет министрлігін Үкімет басшыларын ойландыратын проблема екен
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар