1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
Мадақнама

Есiмде жоқ,
Көктем бе едi, жаз ба едi,
Көңiл көкте,
Уайымның да аз демi,
Жұмыс уағы,
Шақырып ап бастығым,
Бiр досыма
Мадақнама жаз дедi!

Ойланбадым,
Көр-жер сөздi термекке,
Талаптандым,
Тәуiр баға бермекке,
Елге елеулi,
Һәм қалаулы халқына,
Жақсы азамат,
Адал дедiм еңбекке!

Қуанар деп,
Көңiлiмнiң хошына,
Мадағымды
Оқып бердiм досыма,
Дедi маған,
Қарс жабылып қабағы:
– Бар мақтауың,
Сый-құрметiң осы ма?!

Досым мұндай емес едi
Ұрысқақ,
Келiстiрдi,
Тұздықтатып, бұрыштап,
Ойда-жоқта
Ұятты боп алдында,
Жазуға оны
Кiрiстiм кеп дұрыстап!

“Азаматы
Алты Алаштың әйгiлi,
Тұлпарлармен
Тайталасқан тай күнi!”
Теңеуiме
Мұрынын бiр шүйiрiп:
– Жаттанды сөз!
Деп қарап тұр жай мұны!

– Байқаттың-ау,
Көңiлiңнiң салқынын,
Қажет емес,
Маған гауһар, алтының,
Адамзаттың
Ақылманы емес пе ем,
Алаш маған,
Тарлау болар, жарқыным!”

“Орыны да ,
Порымы да бөлекше,
Орда бұзып, қамал алған,
Керексе!”
“Қамал – самал...
Кiм алмаған кезiнде,
Демейсiң бе,
Бәрiнен де ерекше!

Күндейсiң бе,
Пейiлге әлде кедейсiң,
Қалай ғана,
Басқалармен теңейсiң,
Неге менi теңдесi жоқ,
Тарихта
Ең ғажайып,
Ең керемет демейсiң?!”

– Ең, ең деген жөн емес-ау,
Адамға,
Деп қалып ем,
Тас-талқан боп табанда:
– Көре алмайсың,
Айтуға да қимайсың,
Мендей адам,
Жоқ қой күллi ғаламда!

Қазақ үшiн
Қымбат әр кез құрдасы,
Мадақ сөздiң
Көрiнген соң сұлбасы,
Теңеулердi
Төгiп-төгiп, түйдiм кеп:
– Адамзаттың
Ардақты бiр тұлғасы!

Досым тағы
Бiр бәленi бастады,
Бiраз жерге
Менi апарып тастады:
– Бiрi деме...
Құдай берген ерекше,
Де, тең қылмай,
Данышпанды, патшаны!

Иттiгiңдi
Баяғыдан бiлгенмiн,
Ұнамайтын,
Итиiп ап жүргенiң,
Мендей досты,
Мақтауға да жарамай,
Бұл да өзiңше
Балағымнан iлгенiң!

Көпiршiгi
Көкке ұшты да көпшiктiң,
Кеттi үзiлiп
Нәзiк қылы достықтың,
Көңiлiнiң айнасында
Мен оның,
Андай, мұндай,
Сондай, сондай
боп шықтым!

Жындандырып,
Оның асып-тасқаны,
Жазғанымды
Жыртып-жыртып
тастадым:
– Сенi Құдай
Ерекшелеп жаратып,
Байғұс қылып
Қойып па екен басқаны?!

Бiр қарадым,
Түгi шыққан түрiне,
Кеттiм шығып,
Көрместей боп түңiле,
Мiне, сөйтiп,
Пәлен жылғы достықтың,
Мазақ емес,
Мадақ жеттi түбiне!

Еске түсiп,
Кейде таза дос шағым,
Қимасам да,
Қайтiп есiк ашпадым,
Содан былай жан адамды
Тойларда,
Көбiк сөзбен
Келмей қойды мақтағым!

Айтпа маған
Ойға, қырға желгенiн,
Қара басы
Қандай қызық көргенiн,
Әдiл баға бергiң келсе,
Адамға,
Елге сiңген еңбегiн айт,
Еңбегiн!


Баянғали ӘЛIМЖАНОВ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар