1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
10 наурыз 2017
Қайымды мазақ еткендер табылар емес

«Ұрыда ұят болмайды» деген рас екен. Мұны Семейдегі Қайым Мұхамедхановқа орнатылған барельефтегі ғалымның ныспысынан үш әріпті қолды еткен қорлықтан көрдік. Ұлт руханиятында орны бөлек тұлғаның кім екендігін ұғынбаған ұрының ісін күнделікті орын алатын ұсақ-түйекке жатқызуға болмайды. Бұған қанша жерден саяси астар іздеудің қажеті жоқтығын айтып, жергілікті атқарушы билік «бұзақылық іске» жатқызғанымен, Қайымның аты – Қайым! Абай мұрасын түгендеу жолында азапқа да көніп, тордағы тозаққа да төзген тұлғаның ескерткішіндегі «Мұхамедха...» деген жазуға көзің түскен сайын жаның күйеді.

Расы керек, біз өз құндылығымызды жеткілікті дәрежеде қорғай алмайтын халықпыз. Ол бір ма? Қазақтың мықтысы кімдер екенін ұрпақ санасына сіңіруде тәрбиенің жеткіліксіздігі, ұлттық идеологияны дәріптеудің өте әлсіздігі дүниетанымы дүбара ұрпақтардан құралған қоғамды қалыптастырып отыр. Бұл – екі. Үшіншіден, осы шынымен әріптердің қымбат болуы себепті тоналғаны рас болса, бейнебақылау камерасы қалайша қойылмаған?! Демек, Семейде мәдени орындардың, нысандардың, ескерткіштердің қорғалуын қамтамасыз ету мәселесін жергілікті атқарушы билік әлі күнге дейін қолға алмаған деген сөз. Әйтпесе қаланың басты көшесі саналатын әрі жарығы түні бойы самаладай жарқырап тұратын Абай көшесінде орналасқан ғалым ескерткішіндегі «Қайым Мұхамедханов» жазуынан тапа-тал түсте (мейлі жеті қараңғы түнде болсын) «нов» бөлігінің тоналғанын ешкім көрмей қалуы таңғалдырады. Жай уақытта көше айналсаң, алдыңнан тобымен көлденеңдеп шыға келетін патрульдік полицияның иегінің астындағыны көрмей өтіп кетуі қалай?!
Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Елубек Оспановтың айтуынша, осы жағдайдан кейін тарихи маңызы бар нысандарды бақылау күшейтілген. Ұрлыққа қатысты іс қозғалғанымен, ұрылар әлі табылмапты, іздестіріліп жатыр. Қырсыққанда Абай көшесі мен Интернационал көшесінің қиылысындағы бейнекамераға Қайым ескерткішінің төңірегі түспейді екен. Ұрылар осы ұрымтал тұсты жақсы пайдаланған. Қаладағы темір қабылдайтын пункттерге де қымбат металдан тұратын әріптерді өткізуге апарған тірі жан жоқ.
Ал қаладағы ескерткіш атаулыға жауапты қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы айтқан болжамға сүйенсек, «Қайым Мұхамедханов» жазуының әріптері латуньнен құйылғаны себепті ұрланған болуы мүмкін.
Әлеуметтік желіде осы іске байланысты жазылған пікірлер ішінде «ең құрмаса «н» әрпін қалдыру керек еді» деген соқыр ұстанымды да көріп қалдық. Сонда қалған екі әріп «ов» болғаны себепті ұрланса, Қайымдай ғалымның тегін «Мұхамедхан» деп ұрылардың «түзетіп кеткеніне» алғыс айтуымыз керек пе?! Сөз жоқ, бұл да рухани құлдырауымыздың бір мысалы.
Семейліктер жақсы біледі, өткен жылдың соңында қаладағы Интернационал көшесі Қайымның атына берілетіндігі жөнінде қалалық мәслихат бірауыздан қолдап, шешім қабылдады. Бірақ ресми түрде бекітілуі түрлі себеп-сылтаулармен созылып келеді. Жасыратын несі бар, нақ сол кезде бұл істі жүзеге асыру оңай болған жоқ. Ғалымның аты Интернационалмен жапсарлас жатқан елеусіздеу Шмидт көшесіне беріліп кете жаздап әрең қалған. «Интернационалдан» құтылып, Қайымның көшесімен аяңдап келе жататын күнді асыға күтіп отырған қазақ үшін бұл тонау «бұзақылық» емес, надан ұрпақтың қолымен жасалған нағыз қорлық.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Семей қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар