1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
10 наурыз 2017
Кітап сыйы

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Ұлттық музейге сый тарту» акциясын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Осы акцияның тағы бір тармағы ретінде «Музей кітапханасына кітап сыйы» акциясы ұйымдастырылды. Музейдің ғылыми кітапханасы аталған акцияны биыл екінші рет өткізіп отыр.
Акцияның мақсаты – халықтың тарихи-мәдени құндылықтарына, оның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару. Музей кітапханасының қорын құнды және сирек кездесетін басылымдармен толықтыру.
2016 жылы өткізілген акцияда музей кітапханасының қоры 1110 дана кітаппен толықты. Ал биылғы акцияда 531 дана кітап сыйға алынды.
Бір айта кетерлігі, бұл акцияға еліміздің танымал тұлғалары ерекше қолдау көрсетіп отыр. Шараға алғашқылардың бірі болып Сұлтан Оразалин, Жақсылық Шайманұлы, Әділ Ахметов, Қойшығара Салғараұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Крым Алтынбеков өз кітапханасынан кітаптар мен мерзімді басылымдарды өткізді. Осы жылғы акцияға өз үлесін қосқан Дархан Қыдырәлі, Бауыржан Байтанаев секілді зиялы қауым өкілдеріне музей ұжымы өз алғыстарын білдіреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, «Фолиант баспасы», Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана да акцияға қатысып, біршама басылымдарын музей кітапханасына сыйлады. Алдағы уақытта Ұлттық музейге сыйға берілген кітаптардан көрме ұйымдастыру жоспарлануда.
Толқын Дәріш,
ҚР Ұлттық музейі ғылыми кітапханасының жетекшісі

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар