1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
Қайда ұштың қасқалдақ...

Совет өкіметінің отарлық жүйесіне қарсы күрескен 1986 жылғы Желтоқсан – ұлт-азаттық көтерілісінің бейресми әнұранына айналған «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің авторы, белгілі сазгер Лесбек Амановтың дүниеден озғанына да қырық күнге жуықтады. Көрнекті ақын Есенғали Раушановтың өлеңіне жазылған Лесбек Амановтың осынау мұңлы да зарлы әні сан ұрпақтың жадында әлі де талай жаңғырып, азаттықтың туымен бірге көкіректерде ойнап тұрары хақ.
Ғұмырын өнерге арнаған Лесбек Амановты жоқтап, рухына жыр жазған ақын Бауыржан Қарабектің өлеңі сазгерге ақынның соққан өлең ескерткіші.

САЗГЕР ЛЕСБЕК АМАНОВТЫҢ ҚАЗАСЫНА
Хабары қуаныштың кештеткенде,
Ескегін бұл тағдырдың еспек пенде.
Саз болып, әуен болып жаралған ең
Айдыннан ұшып кеттің Лесбек сен де.
Әніңді тыңдайды аға,тыңдайды іні,
Фәнидің келер аян мұндай күні.
Достарым шетінен ғайып болып
Қосады бір қайғыға бір қайғыны.

Тірліктің көп болса да баспалдағы,
Жоқ еді сұлу саздан басқа арманы.
Оранып «Ақторғынға» қай жаққа ұштың
Қазақтың қара бауыр қасқалдағы.
Өнерің кішкенеңнен елге ұнады,
Көкейде Сыр толқыны, желдің әні.
Досым-ай, сен ойнаған сырнайыңның
Дыбысын естімейміз ендігәрі.

Қызығын мына өмірдің тауыса алмай,
Саздарың келер күнге ауысардай.
Бір тойың болады деп күткен кезде
Еліңмен кеттің досым қауыша алмай.
Құлақта айтылатын сырың қалды,
Гүлдерің туған жерде бүрін жарды.
Сыр толқын, Қызылқұмның қойнауында
Қалады Лесбек бауыр, үнің мәңгі!

Бауыржан ҚАРАБЕКОВ, ақын


«ЖҰЛДЫЗСЫМАҚТАРДАН» ҚҰТЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛДІ
«Домбырашылар одағын құратын кез келді» деген мақалаға орай («Жас Алаш», 2 наурыз) мен де бір ауыз лебізімді білдірсем деймін. Бұл өзі тың бастама екен.
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң – тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден анық үн барда?
Домбыраның күші мол,
Көмейінде күй барда! – деп Ілияс Жансүгіров айтқандай, киелі домбыра ғасырлар бойы қазақпен бірге жасасып келеді.
Қазіргі кезде домбырашы жігіттер мен қыздарымыздың қатары барлық аймақтарда жыл өткен сайын толығуда. Керек десеңіз, домбыраға басқа ұлт өкілдері де қызығушылық танытып жүр. Соған қарағанда домбырамыздың келешегі мәңгілік іспетті.
Бұл аспап маған етене жақын. Жарты ғасырдан астам уақыт домбырадан сабақ бердім. Халық аспаптар оркестрін және домбырашылар ансамблін құрдым. Көптеген шәкірттер дайындадым. Музыка әлеміне жолдама беріп, ықылас таныттым. Көпшілігі П.Чайковский атындағы музыкалық колледжде оқып, білім алып жатыр. Алды Құрманғазы және «Отырар сазы» оркестрінде еселі еңбек етуде.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Сержан Шакраттың жанайқайын қолдаймын. Мұндай жақсы бас-
таманы жерге тастамайық. Қолдайық.
Киелі сахнаны даңғаза әуенімен жаулап, жұртты мезі еткен әпербақан «әншісымақ» пен «жұлдызсымақтардан» құтылатын кез келді. Лай сулар кетіп, таза сулар келсе екен деймін.
Домбырашылар одағы құрылып жатса, Құрманғазы, Тәттімбет, Дина сияқты күйші-домбырашылардың аруағы риза болары хақ.

Әнуар БЕКЖАНОВ, ҚР білім беру ісінің үздігі
Алматы қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Тұран | 16 наурыз 2017 01:33
Қазақтың қара бауыр қасқалдағын әнге қосқан Есенғали ағамызға Тәңiр қуат берсiн!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар