1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Көршінің көздегені не?!

Ресей ғалымдарының Ұлы Қытай қорғаны жайлы зерттеулеріне зер салып қараған адам одан «медицинаны, ғылымды т.б. өркениетті Қытай жеріне солтүстіктен Құдайдың өзі жіберген ақ нәсілді адамдар алып келген» деген тұжырымды байқайды. Астарлы саясатқа негізделген бұл «ғылыми тексерістердің» салдарынан айтарлықтай «тарихи бетбұрыстардың» орын алып кетуі мүмкін.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында Александр Лукашенконың ешкімнен қаймықпай: «Өзің секілді өзге елдің (украиндарды меңзегені) жеріне көз алартасың. Сол сияқты қазақ, моңғолдар «Мәскеуге дейінгі жаулаған баяғы жерлерімізді қайтарыңдар» деп дауласса не істер едің?» – деген мағынада айтқан сөзі В.Путиннің жүрегіне оқтай қадалғаны айдан анық. Содан бері көршіміз ғалымдарын жаппай жұмылдырып, «жарты әлемнің орыстардың қол астында болғандығы анықталды» деп жұртшылыққа жар салуға көшті.
Негізі, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мемлекеттігіміздің әу баста құрылған қара шаңырағы – киелі Шу өңірінің бойындағы Хан тағы мен Хан қорасы орналасқан Хан тауында (бұрынғы Қозыбасы) өткізілуі аса қажет еді. Ұлы даланы әспеттей бастаған әкімқаралар алғашқы хандығымыздың құрылған жерлерін өзге елдердің өкілдеріне көрсетудің орнына, жеме-жемге келгенде 400 шақырым шалғайдағы Тараз қаласын таңдап, өздерінің орынтақтарын ел мүддесінен артық санады.
1975 жылы жарыққа шыққан Қазақ совет энциклопедиясының 6-томының 383-бетінде ХV-XVI ғасырлардағы алғашқы Қазақ хандығының картасы анық сызылған. Осы сызбада Мойынқұм ауданының түстігі мен оңтүстік-шығыс бөлігі, Хан тауы, сондай-ақ Шу ауданының жері түгелдей қамтылған. Орыс ғалымдарының жоқтан бар жасауға тырысқан әрекеті қайткен күнде де өздерін өзгелерден біртабан жоғары қоюға бағытталып отыр. Ал өз ғалымдарымызға келсек, бір-бірімен айтысып-тартысып жүріп-ақ барымызды жоққа айналдырып жатқаны ащы шындық. Шыңғыс ханды «моңғол» десе, бірі «қазақ» деп әлі күнге тоқтамды шешімге келе алмауда. Тіпті Қазақ хандығының дәл қай уақытта құрылғандығы жөнінде де кесімді байлам жоқ.
Әлемді аузына қаратқан Ескендір Зұлқарнайынның қалың қолын ақыл-айламен тоқтатқан қаған Шу батыр жайлы Қытай елі мұрағатынан табылған деректі неге ескермейміз? Өткен жылы Мойынқұм ауданының оңтүстігі мен Шу ауданының солтүстік-шығысында орта ғасырларда Түркі қағанатының мәдени орталығы болған мемлекет картасының Тайваньнан табылғандығы жайлы сенімді дерек көзі шықты. Соған қарамастан, біздің мемлекеттігіміз тек 1991 жылдан бастап қалыптасқан деп жүре бермекпіз бе?! Елдігімізді айғақтайтын осындай өзекті мәселелерді зерттеулермен тарихшы, археологтарымыз неге шұғылданбайды?! Әлде ол үшін де Ресейден рұқсат сұрауымыз керек пе?!

Мәкен УАҚТЕГІ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар