1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16216)   18 сәуір, сейсенбі 2017
18 сәуір 2017
Димаш тағы да таңдай қақтырды

Қытайдың Чанша қаласында «Мен әншімін» байқауы мәреге жетті. Осы дүбірлі дода арқылы күллі әлемге танылған Димаш Құдайберген ақтық сайыста екінші орынды иеленді. Алайда байқау басталғаннан-ақ Димаштың даңқы дүркіреп шықты. Сайыстың ең алғашқы күнінде француз тілінде ән шырқап жеңіске жеткен және кезеңнен кезеңге сүрінбей өтіп, барлығында жоғары нәтиже көрсеткен Димаш дүйім жұртқа өзін сөзсіз мойындатты.
Шешуші сайыстың алдында NTES News тілшісінің: «Байқаудан қандай орын алуды қалайсың?» – деген сұрағына Димаш: «Қандай нәтиже болса да, мен қазірдің өзінде жеңімпазбын. Өйткені мені қолдап, әрқашан демеп жүретін сіздер барсыздар», – деп жауап берген екен. Десе дегендей-ақ, аталған байқауға қатысушылардың арасында дәл Димаш сияқты ел ықыласын иеленген, танымал өнер жұлдыздарының назарына ілігіп, үлкен баға алған әнші жоқ.
Байқаудың шешуші кезеңінде Димашқа қолдау білдіру мақсатында Қазақстаннан Қытайға Димаштың ата-анасымен қатар, құрамында А.Райымбекова, А.Мұсақожаева, Ғалым Ахмедьяров, Асхат Маемировтар бар арнайы делегация барды. HUNAN.TV телеарнасының бас директоры Люй Хуанбин ресми кездесу барысында: «Біз Димаштың талантына таңғалдық», – деп, қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болғанын айтқан.
Талантымен топ жарған арда ұл тілекші болған ел-жұртын бұл жолы да жерге қаратқан жоқ. Орындаушылық шеберлігімен әлем тыңдармандарын тағы да таңдай қақтырды. Сондай-ақ байқаудың шешуші кезеңінен кейін Instagramға: «Жүрегім өнер деп соғады. Мақсатым – ән айту, күллі әлемге ішімде жатқан барды жар салу... Міндетім – қазақ әнін паш ету, жанкүйерлеріме жан-жүрегімде жатқан жырды жырлау, өнерімді бағалайтындармен бірге толғану, тебірену!... Менің әлі айтарым бар! Бұл – бастамасы! Жеңіс құтты болсын! Жүрегім сіздермен бірге! Ыстық ықыластарыңыз үшін раxмет!» – деп жазды.
Өзі айтпақшы, бұл – болашақтағы талай жеңістің бастамасы екеніне біз де күмән келтірмейміз. Жас таланттың алар асуы, шығар биігі, әрине, әлі алда.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар