1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (16217)   20 сәуір, бейсенбі 2017
20 сәуір 2017
«Жасау мен қалыңмалды шатастырғаны несі?..»

Ана тіліміздің тазалығы, ұлттық ұғымдардың ұрпаққа ұғынықты түрде жеткізілуі мәселесіне немқұрайды қарай алмайтын жандар ел арасында аз емес. Солардың бірі – алматылық Тілеуберді Досбаев. Радио, телевизия саласында көп жыл қызмет еткен ардагер халыққа әуе толқыны немесе көгілдір экран арқылы таралатын әрбір ақпараттың, бағдарламаның сауатты да салмақты болғанын қалайды. Осы орайда, редакциямызға арнайы хабарласқан Тілеуберді аға «31-арнадан» бүгінде жиі беріліп жүрген Мартин шемішкесінің жарнамасына қатысты ренішін де жасырған жоқ.
Осы жарнамада қыз айттыра келген құдалар бойжеткеннің туыстарына «қыздың жасауы» деп пәтер, автокөлік, паркинг, кір жуатын машина және үш қорап Мартин шемішкесі деген сияқты біраз нәрсе айтады емес пе? Ал Тілеуберді аға:
– Қыздың жасауын ешкім құдалардан сұрамайды, оны қыз жағы өзі дайындап апарады. Бұл жерде қалыңмалмен шатастырып тұр. Бір адамның ғана қателігі болса бір сәрі, бірақ соны эфирге әзірлеген адамдар, түскен әртістер бар, қаншама адамның қолынан өтті ғой. Солардың ешқайсысы «біз не айтып тұрмыз? Жасау деген не өзі?» деп ойланбағаны ма? – дейді.
Ол сондай-ақ «қалыңмал» деген түсініктің соңғы кездері архаизмге айналып, оның орнын «ана сүті», «әке еңбегі» деген сөздердің басып келе жатқанына қынжылады және «салт-дәстүрде бар әп-әдемі сөзден қашпай-ақ, әр нәрсені өзінің атымен атағанның айыбы жоқ еді» деген пікірде. «Ең бастысы, жасау мен қалыңмалды шатастырып, дәстүрімізді соншама бұрмалағаны бізге абырой әпермейді. Тілдің тазалығы өз алдына, бұл – ұлттық ұғымға нұқсан келтіру, жас ұрпақты адастыру», – дейді ардегер.
Қоғамдағы келеңсіз жайттарға әркім осылайша дер кезінде назар аударса, өзі көрген, білген, көкейге түйген ойларымен бөліссе, ұлт үшін, ұрпақ үшін қандай сауапты іс атқарған болар еді!..

Р.СЕРІКБАЙ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
МАРТИН-КАРТИН | 21 сәуір 2017 17:27
«ана сүті», «әке еңбегі» емес "ана сүті", "әке күші" деп айтатын сияқты еді, сіз де "әке еңбег" деп шатасып отырған сияқтысыз. Бұған қалай қарайсыз? Әке еңбегі дейтіндей ол жер жыртып, тас қопарып немесе сурет салып, жылқы бағып т.б жүріп баланы шанадан тауып алған жоқ шығар. Білмеймін мен де қателесіп отырған шығармын. бірақ мен тіл маманы емеспін. Дұрысы қалай пікірлеріңізді білдіріңіздер. Білмегенді білейік... Шынымды айтсам Қайрат Нұртастың осы жарнамасы жынымды келтіреді. Ендігі жетпеге
МАРТИН ПАРТИН | 21 сәуір 2017 17:29
жетпегені осы Мартин пістесі еді. Одан да пісте егіп табыс табу жолын, елді жұмыспен қамтуды жарнамаласа....
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар