1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Қытайлықтар Димашты толық танығысы келеді

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлеріне арналған туристік маршруттар жасалып жатыр.
27 маусым күні Астанада Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кеші өтеді. Аспанасты елінің жанкүйерлері концертке келіп қана қоймай, Димаштың туған өлкесімен және отбасымен танысқысы келеді. Осыған байланысты туристік компаниялар арнайы маршрут ұйымдастырады.
Сыртқы байланыс және туризм облыстық басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының айтуынша, өңірге шамамен 2 мыңнан астам қытайлық келіп, әншінің туған жерімен танысатындығын айтқан.
Шетелдіктерді әншінің туған жерімен, отбасымен таныстыру үшін арнайы гидтер де дайындалуда. «Қазір 2-3 гид дайын. Олар қытай тілін біледі. Бізге Астанадан да хабарласты. «Қытай тілін білеміз, көмек керек болса келуге дайынбыз» деген адамдар болды», – дейді Ермек Кенжеханұлы.

ОЛАР ЖАҚСЫЛЫҚҚА СЕНЕДІ
Алматыда режиссер Жаннар Шораеваның «Ақырғы теңізге» атты фильмінің тұсаукесері өтті.
Сценарий бір күнде жазылып, фильмнің өзі 10 күнде түсірілген. Тартылған теңіз бен оның жағасын мекен еткен жандардың тағдыры туралы картина алдағы уақытта көрерменге жол тартпақ. Мазмұны қарапайым болып көрінгенмен, фильмнің көтерер жүгі үлкен.
Сюжетке жүгінсек, суы тартылып, құрдымға кетіп бара жатқан Арал теңізінің жағасында Фатима өзінің он жастағы немересі Асланмен бірге тұрады. Сол құлазыған далаға үлкен қаланың мазасыз тіршілігінен мезі болған Гауһар есімді жас қыз келеді. Бұл адамдар құрғаған теңіздің жағасында тұрған кемелер сияқты қайта жаңғыруға және соған мүмкіндіктің боларына шын көңілдерімен сенеді. Жас режиссер өзінің тырнақалды туындысында тартылған теңіз бен оның жағасын мекен еткен адамдардың аянышты тағдырын ұштастыра білген.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Unknown | 15 маусым 2017 18:19
Димаш Құдайбергенов - Қытайдың арнайы қызметінің "Димаш" деген жобасы болып жүрмесін. Орысша "Троянский конь" ;)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар