1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Эксперименттік фильм жүлде алды

Қазақстандық режиссер Бақтияр Исламовтың «Эдип тұратын жақта» атты қысқаметражды фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-ші Халықаралық Festival of Nations кинофестивалінде «Үздік эксперименттік фильм» жүлдесін алды. Фильм продюсері Дарья Корнееваның айтуынша, картина Алматы облысында түсірілген. Фильмнің режиссері, авторы әрі қоюшы операторы – Бақтияр Исламов. Бұл – осы фестивальге ұсынылған қазақстандық жалғыз фильм. Осылайша Қазақстан алғаш рет «Үздік эксперименттік фильм» жүлдесін жеңіп алды.
Festival of Nations – Австриядағы коммерциялық емес қысқаметражды фильмдердің фестивалі. Ол UNICA ұйымының және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Жыл сайын кинофестивальге қатысуға әлемнің 55 елінен мыңдаған өтініш келіп түседі. Кинофестивальдің ерекшелігі – қазылар алқасы киноны сыншылармен бірге талқылайды. Биыл Германия мен Австрияның продюсерлері әрі режиссерлері қазылар алқасы ретінде келсе, Unica президенті Дэйв Вотерсон фестивальдің құрметті қонағы болды.
Бақтияр Исламовтың «Балалық шағымдағы Берлин аспаны» (2015 жыл) фильмі Нью-Йорктегі фестивальде екі рет жүлде алған. Сондай-ақ режиссер Лос-Анджелесте өткен Los Angeles World International Film Festival байқауында жүлделі болған.

Р.СЕРІКБАЙ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар