1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
27 шілде 2017
Бақ – құс қолдағы...

МҰҢЛЫ СЫР
Өтеді біреулер өмірден,
Ініге аға бола алмай.
Бауырға пана бола алмай,
Саялы орман бола алмай,
Әлсізге қ-орған бола алмай...
Өтеді өсек, сөз қуып,
Бұл – енді иттік, ез қылық!
«Жұмаққа» жалғыз бармақ па ол,
Жақынын қуып, бездіріп?..


ТУЫСҚАНДАР
Бауырлар! Ағайындар! Туысқандар!
Естісі – шын сыйласып, ұғысқандар.
Сүрінгенге сүйеу боп, жол көрсетіп,
Бүлінгенін жөндеуге тырысқандар.
Бауырлар мен абысын, бажа, балдыз,
Сөз қуып, бір-біріңмен ұрыспаңдар!
Іні, бауыр, ағалар – туысқандар,
Дүние үшін бет жыртып құрыспаңдар.
Байлық қуып, басқасын талақ етіп,
Бес күндік мына өмірде суыспаңдар!
«Менің атым озсын» деп, оны ұмытып,
Арам ой, жамандықты қуыспаңдар!
«Білерменмін» демеймін сендерге мен,
Ағайынның иттігін жөн көрмегем.
Берерім жоқ болса да, айтарым бар,
Сырт айналып, қашпаңдар сендер менен!
Басымдағы ақ қырау – ізі шығар,
Тағдырымның кей сәтте жөнделмеген...

***
Адам құнын білмесең,
Жақыныңды күндесең,
Өз қағыңнан бөлініп,
Харамданып, жерініп,
Кінәсізді тілдесең,
Жақсылықты жасаған,
Ұғынбасаң, білмесең,
Айт, сыясың кімге сен?..

***
Өтпейді деп ойлама мына өмірді,
Арлы бол, таза ұста жүрегіңді!
Адал болсаң аз күндік тіршілікте,
Алла берер сұраған тілегіңді...

***
...Пейілі жаман адамның,
Көңілі таза бола ма?..
Жаныңды ұқпас наданның,
Маңынан жүрме, жолама!

***
Ынсабы жоқ пенде де,
Тәубе де жоқ, ар да жоқ.
Пайда істемес елге де,
Ол – бір бықсып жанған от!

***
Дей алмаймын: «білгішпін!», «періштемін!»
Мүмкін, қате қылығым, көп істерім.
Сүрінгенді сүйесем деп ұмтылып,
Өркеуденің сөзіне келіспедім.
Содан шығар... аз менің жеңістерім...

***
...Ойлаушы едім, «бәріне үлгерем» деп,
«Төккен тердің жемісін бір көрем», – деп.
Тіреуі – күш жеп кеткен сыбағамды,
Қарғағам жоқ мен бірақ, тілдегем жоқ.
Алдап кеткен бір адам барымды алып,
Сыртқа тепкен бір ағам... үндегем жоқ.
Сатып кеткен сақалды ет жақыным,
Шыдап жүрмін сонда да білмеген боп!..
Оңашада түседі ақ қағазға,
Соның бәрі мұңлылау, сырлы өлең боп.
Мен Алладан жақсылық күтем әлі,
Өтелер деп тырбанып жүрген еңбек...

***
Сыр-мұңыма назар салшы сен менің,
Өресі тар, өзегі кір пенденің,
Өз баласын сыртқа теуіп, жау санап,
Жас жүрегін паршалап,
Бауырына күл шашқанын көргемін.
Жаныма шын батып-ақ жүр сол менің.

***
Сен тыңдасаң, айтайын, сырым менің,
Болыссам деп әлсізге, жүгіргенмін.
Ес жиған соң ұялмай сатып кеткен,
Қылығынан әлгінің түңілгенмін.
Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін,
Содан ба екен, мұңлылау жырым менің.
Білгің келсе, осындай сырым менің.


***
Сен әуессің тағуға кісіге мін,
Өзегің – кір, кеудең – өр, түсінемін.
Сен шалқайып тұрғанда кеуде керіп,
Қалай саған иіліп, кешіремін?..

***
...Осы кімбіз шын мәнінде мына біз?
Зерделеңіз, зерттеңіз де, сынаңыз!
Қазақпыз ғой, жөн сұрассақ дұрыстап,
Бауыр әрі жақын болып шығамыз.
Кейде соны аңғармаймыз мына біз.


***
Қастасқандар мен достасқандардың тағдыры,
Табысқандар мен қоштасқандардың барлығы.
Кеңдігі мен мына дүниенің, тарлығы!
Зулаған күндер бүгінгі,
Бақ – құс қолдағы,
Біз әлі зерттеп, білмеген,
Бәлкім, жүрмеген...
Өмірдің жұмбаққа толы, қиын да қыспақ жолдары...
 

Айтақын ӘБДІҚАЛ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар