1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
27 шілде 2017
Ардақтының оралуы

Өткен аптада Алматы облысы Райымбек ауданы Жайдақбұлақ ауылында Алаш азаматтары Сейдахмет пен Көшкін Босқынбайұлдарының рухына арнап үлкен ас берілді. Жаңа қоғам орнатуға белсене араласып, қазақ халқының сауаттануына, заманға бейімделуіне үлкен еңбек сіңірсе де, «халық жауы» деп жала жабылған азаматтар аз емес. Жайдақбұлақ ауылындағы мектепке аты берілген Сейдахмет Босқынбайұлы да елінің арда ұлдарының бірі еді.
Асқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен қонақтар келді. Олар Алаш ұлдарының өмір жолымен танысты, мерекелік кешке, мектеп лентасын қиюға қатысты. Тәңіртаудың бір қуысында жатқан осы бір көркем ауылды Сейдахмет Босқынбайұлының ұлы Сүлеймен өз қолымен құрып, уақыт көшіне ілестіріп жіберген-ді. Бүгінде қос ардақтыдан тараған ұрпақ қазақ жеріне тарамдана тарап, қоғамның қажетіне жарап отыр.
Сейдахмет Босқынбайұлы 1904 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. Ораз Жандосовтың досы, пікірлес әріптесі болып, аймақта айтарлықтай жұмыстар атқарған. 1916 жылы төрт айлық қазақ ауылдық мектебін бітірді. Әуелі атакәсібін қолға алып қой бақты, егін егумен айналысты. 1926 жылдан бастап «Қосшы» одағының ауылдық ұйымының төрағасы, Торайғыр ауылдық кеңесінің төрағасы, аудандық жер комитетінің төрағасы, аудандық жер бөлімінің меңгерушісі, директоры, Кеген аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, Кеген аудандық партия комитетінің және Ұйғыр аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Бөрілітөбе аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары, Андреев аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып қызмет атқарды. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының деректері бойынша, 1942 жылдың 2 ақпанында Севостлагта қайтыс болған. Сейдахмет Босқынбайұлы 1958 жылы КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының шешімімен толық ақталды. Осы ақпараттың бәрі Қазақстан Республикасы президентінің мұрағатынан алынды. Қазір осы Тоғызбұлақ, Жайдақбұлақ ауылдарында да С.Босқынбайұлының ұрпақтары өсіп-өніп отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 28 желтоқсанындағы №883 қаулысымен Жайдақбұлақ ауылындағы мектепке Сейдахмет Босқынбайұлының есімі берілді. Елі үшін еңбек етіп, жазықсыз жала жабылған, жазаға ұшыраған арыстың аты енді ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Райымбек ауданында бұған дейін де «халық жауы» атанып, кейіннен ақталған халық ағартушылары Қ.Байғабылұлы, М.Орманұлы секілді арыстардың есімі де мектептерге берілген еді. Енді осы игі дәстүр Жайдақбұлақ ауылында жалғасып отыр.
 

(Өз тілшімізден)

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар