1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
8 тамыз 2017
«Астана операда» – «Мадам Баттерфляй»

Хорватияның талантты жас әншісі Сандра Пламенац «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» жауһарындағы бас партияны орындады.
Сандра Пламенацтың табиғи опералық дауысы, жоғары кәсібилігі, образды терең жеткізе білуі және даралығы тыңдармандарды әрдайым таңғалдырады. Оның вокалдық керемет дауысын туған жерінде де, шетелде де операсүйгіш қауым жоғары бағалайды. Әртіс әртүрлі бейнелерді кейіптеу және күрделі музыканы орындау қабілетімен ерекшеленеді.
Оның репертуарында Р.Вагнер, Дж. Верди, Дж. Пуччини, Ш.Гуно, Г.Перселл, В.Моцарт, П.Чайковский, У.Джордано, Ф.Альфано және басқалардың операларындағы жетекші партиялар бар.
Биылғы мамыр айында Сандра Пламенац елорда сахнасында Дж. Пуччинидің «Богема» операсындағы Мимидің партиясын орындады. Сол кезде солист ең үздік еуропалық театрлардың өзінде мұндай жоғары дәрежелі әртістерді кездестірмегенін атап өткен еді.
– Қысқа мерзім ішінде «Астана Опера» театры әлемді таңғалдырып үлгерді. Творчестволық ұжым сиқыршылар тобы тәрізді жұмыс істейді. Театр табалдырығынан аттаған бойда басқа әлемге енгендей боласың. Бұл, сөз жоқ, сахна әртістерінің де, шымылдық артындағылардың да жоғары кәсібилігін көрсетеді. Мен осы театр сахнасында тағы да өнер көрсеткеніме қуаныштымын, – дейді Сандра Пламенац.
Мадам Баттерфляй партиясы – вокал техникасы жағынан да, төзімділік пен актерлік шеберлік жағынан да операның ең күрделі рөлдерінің бірі. Сандра Пламенац кейіпкері образын жан-жақты сомдайды. Әнші Чио-Чио-сан образы тыңдарман үшін жақын әрі түсінікті екенін атап өтті: себебі Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсының сюжеті өзгертілместен шынайы оқиғалар желісінде негізделген.
– Ескішіл ұғым құрбаны Пинкертон сүйікті әрі сүйе білетін батыл әйел нағыз Баттерфляйді көрмейді. Сөзін қабыл алмаған, әйелдерді жиі алмастыратын жапондық принц Ямадори тәрізді болса да, Чио-Чио-сан Пинкертон мен Американы дәріптейді. Жақсы мен жаман барлық жерде бар. Өкінішке қарай, бұл жөнінде ол кеш біледі. Қызығы, Баттерфляй ешқашан гейша болып көрмеген де, оны қаламаған да. Тек отбасындағы қайғылы оқиғаларға байланысты, анасының айтуымен ғана бұл кәсіпке үйренген. «Әйелге керегі – тек ақша, сонда ғана махаббатты сатып алуға болады» деп теріс ойлайтындардың бұл операны қалайда көргені жөн, – дейді әнші.
Сандра Пламенац «Астана Опера» сахнасында бұрын өнер көрсеткен болса, дирижер Иво Липанович қазақстандық тыңдармандармен алғаш рет жүздесті. Хорватиядан келген әйгілі маэстроның опералық спектакльдер, симфониялық концерттер және хор шығармаларына дирижерлік ету тәжірибесі мол. Ол беделді марапаттар лауреаты, олардың ішінде Загребте өткен жас дирижерлер байқауының бірінші сыйлығын атауға болады. Иво Липанович Италия, Франция, Германия, Австрия, Корея, Турция және басқа да Еуропа, Азия және Америка елдерінің үздік театрлары мен концерттік залдарында зор табыспен өнер көрсетіп келеді.
Қойылымдағы басты партияларды «Астана Операның» Медет Чотабаев, Дина Хамзина, Евгений Чайников сияқты жетекші солистері орындады.

Р.СЕРІКБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар