1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
8 тамыз 2017
Рухани орындар қайта жандануда

Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай төрт шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 500 метр қашықтықта Гауһар ана кесенесі орналасқан.
Шежіре деректеріне сүйенсек, Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана бейітінің басына өз заманында күйген кірпіштен кішігірім кесене тұрғызылыпты. Алайда ХХ ғасырдың басындағы сұрқия саясаттың салдарынан кесене бұзылып, кірпіші тоналған екен. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2015 жылы Гауһар ана басына қайта кесене орнатты. Сәулетіне көркі сай кесене аумағындағы негізгі жұмыстар 2016 жылдан бастап қолға алынды. Жантақ, шеңгел басқан аумақ гүлзарлармен абаттандырылып, жүйелі түрде ағаш көшеттері отырғызылды. Кесене алдындағы автотұрақ аумағы тегістеліп, айналасы темір шарбақпен қоршалып, тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ескерту, белгі тақтайшалары қайта жаңартылып, жарық шамдар, Гауһар ана кесенесі туралы үш тілде жазылған ақпараттық тақтайша орнатылды.

Д.ҚОЖАМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар