1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (16254) 29 тамыз, сейсенбі 2017
29 тамыз 2017
ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ...

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Қаламгер – media» орталығының директоры Жанарбек Әшімжан енді «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін де қоса атқармақ.  Журналистиканы әдебиетпен қатар алып жүріп, ақындық қырымен де танылған Жанарбек Әшімжан – Халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при жеңімпазы, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Қазақ журналистикасында өзіндік орны бар Ж.Әшімжан әр жылдарда «Алматы ақшамы», «Жас Алаш», «Жас қазақ» басылымдарында қызмет атқарып, сан алуан тақырыпқа қалам тербеді. Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары ретінде де қазақ әдебиетінің дамуына, осы сала бойынша халықаралық байланыстардың жандануына көп еңбек сіңірді. Енді салмағы одан бірде-бір кем емес жауапты жұмысқа, яғни Сәкен, Ілияс, Бейімбет сияқты әдебиет алыптары негізін қалаған, Ғабит, Сырбай, Шерағаң сынды марғасқалар керегесін кеңейткен ұлт руханиятының шамшырағы – «Қазақ әдебиеті» газеті басшылығына тағайындалып отыр. «Қазақ әдебиеті» газетіне Жанарбектің жалынды ақын жүрегінен ғажайып ұшқындар шашырайды деп сенеміз.
Ал осыған дейін 10 жылдай «Қазақ әдебиетінің» тізгінін ұстаған танымал жазушы Жұмабай Шаштайұлы елдің бас газеті «Егемен Қазақстанға» ауысты. Осылайша қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы, қазақ руханиятының жанашыры, жаршысы болып келген қарымды қаламгер ендігі айтарын «Егеменнің» бетінде жалғастырмақ.
Қазақ руханиятына бергенінен берері көп қос қаламгердің еңбегіне жеміс, шығармашылығына табыс тілейміз.
 

Жасалаштықтар

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар