1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16255)   31 тамыз, бейсенбі 2017
31 тамыз 2017
Құрбан айт – мұсылманның ұлық мерекесі

Құрбан айт мерекесінің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады.
Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт.
Құрбан – араб тілінде «жақындау» деген сөз, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт – мұсылманның ұлық мерекесі.
Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.
Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:
мұсылман болуы;
ақылды және балиғат жасына толуы;
Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;
негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.
Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.
Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Жаратушы Иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауызбіршілігін арттыра бергей! Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын!

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Қажымұқамбет Қаракедей | 5 қыркүйек 2017 01:15
Бердік саған молшылық
Малды шалу- құлшылық
Көбейеді сенің ұрпағың
Құрып қалар дұшпаның
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар