1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16255)   31 тамыз, бейсенбі 2017
31 тамыз 2017
Зиялының ішіндегі зияткері еді...

Қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, білікті басшы, қоғам қайраткері, айтулы публицист Жұмабек Кенжалиннің бақилық болғанына да 40 күнге жуықтады. Қаламы қуатты, ойы орамды, кісілік келбеті бөлек, тұлғалық қасиеті зор қаламгер жайлы замандастарының айтары көп. «Бір қарағанда тұйықтау көрінетін жігіт ағасы, шын мәнінде, сыпайының ішіндегі сыралғысы, зиялының ішіндегі зияткері еді. Тік жүріп, тік тұрып, ойын ашып тура айтатын, елді де, әріптестерін де бөліп-жарып қарамайтын, үлкен азаматтық ұстанымдағы Жұмекеңнің тазалығы мен адалдығын іштей бәріміз де мойындайтынбыз» дейді олар. Таудың биіктігі алыстаған сайын білінетіні сияқты өмірден ертелеу кеткен осынау бекзат болмысты тұлғаның қадірі де күн сайын арта берері анық.

Бауыржан ОМАРҰЛЫ:
– Оқырманға «Желкілдеп өскен құрақтай», «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз», «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз», «Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелері», «Ер Жәуке мінбегенмен алтын таққа», «Қалам қанаты» атты кітаптарын ұсынды. Шығармашылығын жүйелі жалғастыра жүріп, ғылыммен де айналысты. «Бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі» деген тақырыпта диссертация қорғап, саяси ғылымдар кандидаты атанды. Жұмабек Кенжалиннің қаламы қай салада да мүдірген жоқ...

Қазыбек ИСА:
– Қазақ журналистикасының ірі қайраткері, жолында жүк қалдырмас қаранары еді. Қазыналы, қажырлы жан еді. Бойында Алаш көсемдері туған Торғай топырағына тән қайраткерлік, зиялылық бар еді…

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ:
– ...Сыр бермейтін, сыр алдырмайтын. Иә, ол да адамға тән ет пен сүйектен жаратылған жан ретінде мұңайды да, оңаша өзімен-өзі қалып ой кешті де, әйтсе де соның бәрі оның жақсы азамат-адам тұлғасына, Жүкеңнің сондай болып қалып, сондай дәрежеде жүріп-тұруына, қызмет етуіне қылаудай дақ түсірмеді. Оның тұла бойынан жақсы адамға тән иман сезіліп, білініп, көрініп тұратын. Соған тән жүзі де жылы еді. Жүрегі мейірім мен шуаққа, қайырымдылыққа, қайырымға толы болатын.
Қазақ қоғамы, ұлтымыз, тамаша бір отбасы аты-жөні үлкен әріппен жазылатын жақсы азамат-адамнан айырылды. Бұл да бір Алланың жазуы. Енді Жаратқан Иеміз сол жақсы азамат-адамның жатқан жерін жайлы етіп, жанына жәннатты жазсын...
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар