1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
5 қыркүйек 2017
Уақыт адамға дос емес

Мағынасы зор, мазмұны бай рәміздерімізді құрметтеу, қадір тұту, насихаттау парыз. Жалпы, мемлекетіміздің рәміздеріне деген құрметті балаларға кішкентай кезінен үйреткен дұрыс. Рухани өзегі мықты ұрпақ қана өз елінің қасиетіне құрметпен қарайды.
Әнұран мемлекеттің болмысын, тыныс-тіршілігін, әдеби де мәдени бейнесін көрсетіп тұруы керек. Осы жағынан келгенде біздің әнұранымыз әуендік жағынан да, өлеңдік жағынан да, орындалуы жағынан да өте жоғары деңгейде екеніне дау жоқ. Алайда әнұранның екінші шумағындағы екі сөзге байланысты пікірімді ұсынғым келеді:
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Осындағы «тәуелсіз» деген сөзді «ерікті» деген сөзбен алмастырса, әлдеқайда орынды болар еді. Өйткені құлдықтан құтылып, енді біреуге бағынбайтын басы бос, еркін деген ұғымды білдіреді. Соған қарағанда орыс империясының құлдығынан кеше ғана құтылып, өз бостандығымызға әлі де болса сенімсіздеу екенімізді білдіретін сияқты болып көрінеміз. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр болса да, мойнымызда тәуелділік қамытының иісі әлі де болса қалып қойған сияқты. Ал «ерікті» деген сөз қолданылса, «тәуелді» деген сөз санамыздан алшақтай түсер еді.
Екінші күдік келтіріп тұрған сөз – «Қарсы алған уақытты мәңгілік досындай» деген жолдардағы «мәңгілік» сөзі. Жалпы, «мәңгілік» сөзін орынды-орынсыз кез келген жерде қолдана беруге болмайды. Өйткені өмірде мәңгілік еш нәрсе жоқ. Мәңгілік тек бір Алла ғана және оның жаратқан жаратылысы – он сегіз мың ғалам, күллі әлем жүйесі.
Ойхой, дүние серуен,
Адам – бір көшкен керуен.
Дүниені тастап қызық біз,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз, шықса жоқ,
Таусылмастай көрінген.
Ажал айтып келмейді,
Өлген қайтып келмейді,
Қауіп етіңдер өлімнен... –
деген ескертуді ұмытпасақ керек. «Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай» деген тіркестегі уақыт адамға тіпті де дос емес. Уақыт өтті-кетті, ешқашан кері оралмайды. Оған мына келтіріп отырған өлең жолдары айқын айғақ емес пе? Керісінше, жарқ еткен жасындай уақытты тиімді пайдалана білсек, одан артық қандай бақыт керек?! Сол үшін де:
Қарсы алған уақытты,
Жарқ еткен жасындай, –
десек, әлдеқайда жарасымды болмас па еді?
Бұл менің жеке өз пікірім. Бұған көпшілік қалай қарар екен?

Абдрахман АСЫЛБЕК, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар