1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16257) 7 қыркүйек, бейсенбі 2017
7 қыркүйек 2017
Батыр рухына тағзым

Аты аңызға айналған халық батыры Құлан-Қыпшақ Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлына тұрғызылып жатқан кесене құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйектің 15-16-сы күндері Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылында Кейкі батырдың мәйітін жерлеу рәсімі өтеді. Халық батырының рухына тағзым ретінде алты Алашқа ас беріледі. Осыған орай, ұлттық-мәдени, спорттық іс-шаралар да жоспарланып отыр. Аталған шара аясында аламан бәйге, ұлттық ат спорты ойындары, балуандар күресі, сонымен қатар өнер шеберлерінің концерті мен республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ Кейкі батырдың өмірі жайындағы ғылыми-зерттеу конференция өтіп, Арқалық қаласында Серік Тұрғынбековтің «Кейкі батыр» спектаклі қойылады.
Кейкі батырдың бас сүйегін Ресейден қайтарып алуға және кесенесінің тұрғызылуы мен ас беруге қатысты бүкіл жұмыстарды ұйымдастырудың басы-қасында жүрген сенат депутаты Серік Ақылбайға халықтың алғысы шексіз.
А.ЫСҚАҚОВ

БАЛАЛАР БАҚ СЫНАЙДЫ
Батыс Қазақстанда мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбында аймақтық шығармалар байқауы жарияланды. Байқау 5 қыркүйек пен 25 қазан аралығында барлық білім беру мекемелері 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтеді. Байқауды арнайы конкурстық комиссия бағалайды. Комиссия құрамында «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, білім басқармасының қызметкерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, аймақтың қоғам қайраткерлері мен белгілі жазушылар, журналистер, партияның бастауыш ұйымдарының төрағалары, мектеп ұстаздары, жоғары оқу орындары және колледж оқытушылары болады. Шығармалар «Шағын Отан неден басталады?», «Туған өлке батырлары», «Туған өлке болашағы жайлы арманым», «Туған өлке игілігі» аталымдары бойынша қабылданады. Шығармалар жас ерекшеліктеріне байланысты үш санатқа (5-6, 7-9, 10-11 сыныптар) және қазақ тілінде немесе орыс тілінде жазылған шығармалар деп бөлек қаралады.
Бір айта кетерлігі, шығарманы жеке адам жазуы керек. Ұжымдық жұмыстар қабылданбайды. Байқау қорытындысы 2017 жылдың 30 қарашасында жарияланады. Жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының грамоталары, дипломдары мен естелік сыйлықтарымен марапатталады. Сонымен қатар бірінші орын алған шығарма партияның орталық аппаратының қолдауымен шығарылатын ең үздік шығармалар жинағына енеді.


АҒАШ ШЕБЕРЛЕРІ ТАТАРСТАНДА БАС ҚОСАДЫ
Биыл 19-20 желтоқсан күндері Татарстанның Ғылым академиясында «Түркі әлеміндегі ағаш жону өнері: өткені мен бүгіні» тақырыбында халықаралық симпозиум өтеді. Шараны Татарстан Республикасы Ғ.Ибрагимов атындағы Ғылым академиясының Тіл, әдебиет және өнер институты мен Өнертанушылар қауымдастығының татар бөлімі ұйымдастырады. Симпозиум түркі халықтарының материалды және рухани мұрасын насихаттау және дамыту мақсатында Ғ.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институты 2008 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «Түркі әлемінің өнері» циклдік жобасы шеңберінде өткізіледі.
Халықаралық іс-шара екі күнге жоспарланған. Бірінші күні ғылыми-практикалық конференция өтсе, екінші күні қатысушылар суретшілер мен еріктілерге арналған шеберлік сабақтарына қатысып, ағаш жонудың заманауи үрдістеріне арналған көрме жұмысымен таныса алады. Симпозиум жұмысы негізінен ағаш шеберлерінің дәстүрлері мен бүгінгі дамуы, көрме ісінің менеджменті мен PR-технологиялары, музей коллекцияларының анализі және этнотуризм мәселелері бағытында жүреді деп жоспарлануда.

Р.СЕРІКБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар