1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16257) 7 қыркүйек, бейсенбі 2017
7 қыркүйек 2017
Көрген-баққан

Рахымжан ОТАРБАЕВ
Алдым – сағым, артым – сағыныш. Құдай басқа сана, тілге бояу, қолға қалам берді. Жарқыратып маңдай, жалбыратып шаш, жабылдырып дұшпан, жалғыз-жарым дос берді. Бәріне де шүкіршілік!

***
Жас кезім. Бір күні үйге удай мас боп келе жаттым. Көше бойы. Екі жағыма алма-кезек теңселемін. Дүниенің бәрі осы ырғаққа көшкен сияқты. Бәрі маған мейірленіп, күлімдеп, құттықтап қарайтындай. Өзіме соншама ұнады.

***
Атыраудан Ақтауға ұшып бара жаттым. Жаныма жақсы көретін інім Құрманғали (Тасмағамбетов) келіп жайғасты. Әңгімеміз гүлдеп сала берді. Өз кезегінде Құрманғали:
– Раха, кәрі күзеннің не деп армандайтынын білесіз бе? – десін.
– Жоқ.
– Дені дұрыс пальтоға жаға болсам деп.
Рахаттанып күлдік. Бірақ ойланып қалдым. Неше түрлі арманым еске түсті. Кәрі күзеннің жасына жақындап қалған соң ба?..

***
Бір топ үйрек бір көлді тастап, дүр етіп көтеріліп, екінші көлге қарай ұшып барады дейді. Жолай сұңқар кезігіп сұрайды: «Қайда бет алдыңдар?» – деп. Сонда үйректер: «Құрысын, мына көл сасып кетті. Ана көл таза, соған барамыз», – деседі. Сұңқар айтты дейді: «Мына көтендерің аман болса оны да сасытарсыңдар», – деп.
Облыстан облысқа, министрліктен министрлікке ұшып-қонып түк бітірмей жүрген біреулерді көрсем ылғи да осы әпсана есіме түседі.

***
Бір ағашта жүз бұтақ бар. Біреуі ғана қамшыға сап болады. Соны таңдай білетін көз бен көкірек болса ғой.

***
Баяғыда тұрмыс құрмай қалған бір апамыз: «Алла маған бір бай бережақ», – деп отыратын. Күлетін ек.
Қазірде кейбір қыздарымыз: «Құдай маған бір қытай бережақ», – дейтінді шығарыпты. Жылайсыз ба, қайтесіз?!

***
Асанәлі ағамен (Әшімов) әңгімеміз арна тауып, жарасып жүре береді. Бірде телефондағы сөзіміз ит жайлы боп кетті.
– Күшік итке, сен осы адамдарға сенуіңді қоймадың ғой, – деп Асекем рахаттанып күліп алды. Мен де қарап қалмадым.
– Асеке, иттің дос болғаны жақсы. «Алайда достың ит болғаны жаман» деп жазғанмын, – деймін.
– Ай, Бағдат, мына сөзді жазып алу керек, – деп Асекем жеңгемізге дауыстап жатты. Кей достары есіне түсіп кеткен шығар.

***
Алабайдың күшігін асырадық. Өзі еркек. Ал атын Ләззат деп қойдым. Жұрт қызық көріп бұл аттың сырын сұрайды. Мен айтамын, «неше түрлі иттігінен ләззат алып отырайын деп қойдым» деп.
Ақыры сұраған біреуге беріп жібердім. Заты – еркек, аты – әйел болған соң ит те болса болмайды екен...

***
Мектептің тұсынан өтіп бара жатыр ем. Кішкентай жез қоңырау баланың даусымен жылады.

***
1945 жылы Сталинге көмекшілері «Гитлер бункирінде атылып өлді» деп баян етеді. Сонда ол бір ауыз ғана сөз айтыпты: «Доигрался, подлец!»

***
Кәріқызатанғанбірапамызбейсауытбіреулердіңқарасыкөрінсе: «Ойбай, мыналарменіалыпқашайындепжүргенсияқты», – депүйденүйге, қораданқорағатығылатын. Еріксізкүлетінек. Қазірдесолкөріністіелжірепескеаламын.

***
Мысыққатірітышқанкерек. Алдымендомалатыпойнайды. Әрлі-берліаударып-төңкереді. Құмарықанғансоңжұтасалады. Осыойынөтетанысойын.

***
Дүние жалған емес, адам жалған. Дүние тұр ғой, мәңгілік өсіп-өніп, жасарып, асқақтап. Адам өзінің уақытшалығын соған жауып құтылғысы келеді.

***
Кейде руыңды ғана емес, ұлтыңды да өзгертіп алғың келеді.

***
Ақ шелектей төңкеріліп Ай да қартайды, мен де қартайдым.

***
Тозаққа барғым келеді. Өйткені атам қазақ «Көппен көрген ұлы той» деп үйреткен.

***
Қытайлар моңғолдарға: «Біз теңізбіз, сендер балықсыңдар. Балық теңізден шығып қайда барады?» – деген.
Соны естігенде өкпем ауа сормай қалды.

(Жалғасы бар)
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар