1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қырғызстан президентi Құрманбек Бәкиев отставкаға кету жөнiнде Таразда жазған арызынан неге Минскiде бас тартты?
Таразда оны «туғаны» Н.Назарбаев мәжбүрлегендiктен (61.9%)
Шошқа етiнiң дәмi таңдайына татығандықтан (14.4%)
Жас тоқалының кеңесi ғой бұл... (14.1%)
Қырғыз халқының болашағын ойлағандықтан (9.7%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15468) 4 ақпан, бейсенбі 2010
4 ақпан 2010
Әдеби-мәлени әлем

Уәлидиге жала жапты

Тұрар Рысқұловтың досы, башқұрт халқының ұлы қайраткерi Ахметзәки Уәлидидiң биыл 120 жылдық мерейтойы тойланады.
Жақында Ресейдiң Мемлекеттiк думасының депутаты А.Г.Назаров Ресейдiң құқық қорғау органдарына арнайы хат жазып, «Ахметзәки Уәлиди кезiнде фашистiк Германияға қызмет еттi» деген ақпаратты анықтап берiңiздер» деп сұрау салды. 
 Жөнсiз әрi жосықсыз айтылған бұл пiкiр башқұрт зия­лыларының ашу-ызасын туғызды. Олар Ресейдiң президентi мен премьер-министрiне арнайы хат жазып, А.Г.Назаровты депутаттықтан шеттетудi талап еттi. «Бiз сонымен бiрге Назаров мырзаның ел алдына шығып, башқұрт халқынан кешiрiм сұрауын талап етемiз», дедi башқұрт зиялылары.
 
«ҚЫЛҚОБЫЗҒААРНАЛҒАНХРЕСТОМАТИЯ» ЖАРЫҚҚАШЫҚТЫ
Қазақ ұлттық өнерiн өркендету жолында ерен еңбегiмен танылған қылқобызшы-педагог, ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi, жаңашыл педагог Әбдiманап Жұмабекұлының отыз жылдан астам уақыт жүргiзiп келген ұстаздық тәжiрибесi мен ғылыми-педагогикалық iзденiсiнiң нәтижесiнде «Қылқобызға арналған хрестоматия» атты еңбегi жарық көрдi. Үш томнан тұратын бұл қомақты еңбек «Бiлiм» баспасынан шықты.
 
ОРАЗАЛЫ ДОСБОСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА БЕРIЛГЕН БАҒА
Жуырда Алматы қаласындағы «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығынан жас қаламгер Әйгерiм Әлiмжа­нованың «Айтыстың көркемдiк әлемi» атты кiтабы жарық көрдi. Аталған зерттеу айтыс өнерiне өзiндiк үлесiн қосқан О.Дос­босыновтың шығармашылығына арналған. Бұл кiтап­та Оразалының айтыстарындағы көр­кемдiк тәсiлдердiң ерекшелiктерi арнайы қарастырылыпты. Еңбек жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттерiне, көпшiлiк қауымға арналған.
 
ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫ
4 ақпан. Сергелдең болған серiлер. (комедия). Авторы – Б.Мұқай, режиссерi – О.Кенебаев.
5 ақпан. Қарагөз (трагедия). Авторы –М.Әуезов, режиссерi – Б.Атабаев.
6 ақпан. Күзгi романс (драма). Авторы – С.Асылбек­ұлы, режиссерi – Ә.Рахимов.
7 ақпан. Актриса (драма). Авторы – Д.Исабеков, режиссерi – Н.Жұманиязов.
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар