1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
2 тамыз 2016
Осыдан бiрнеше күн бұрын Түркия тарапы Феттулах Гюленнiң iлiмiн насихаттайды деген күдiкпен елiмiз­дегi қазақ-түрiк лицейлерiн жабуды сұраған. Ресми Анкара аталған мек­теп­тердi бiлiмдi желеу етiп, астыртын өз саясатын жүргiзiп отыр деп айыптаған.  Осыған орай, ҚР Бiлiм және ғылым министр­лiгi ресми мәлiмдеме жасап, Қазақстанда атал­ған оқу орындарының жұмысы тоқтамайтынын, ата-аналарға, оқушыларға алаңдайтын негiз жоқ екенiн айтты.
2 тамыз 2016
Прокурорлар тыйым салуды ойлайды
АЛ АТА-АНАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕР ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
Бұдан бұрын елiмiздiң бiрнеше өңiрлерiнiң прокурорлары оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салуды ұсынған болатын. Қызылордалық прокурорлар смартфонның оқу процесiне жағымсыз әсерi болатынын ескерте келе, “ең қорқыныштысы, балалар смартфон арқылы өздерiнiң адамгершiлiк және рухани тұрғыда дамуына керi ықпал ететiн нәрселерге толы ғаламтор кеңiстiгiне қадағалаусыз қол жеткiзедi
26 шілде 2016
«Төңкерiс»
Бүгiнгi сатира
Құдай бастарыңызға салмасын, қаскөйлiк сiздерге бармасын, кеше менiң отбасымда төңкерiс болды! Отбасылық төңкерiс!
15 жыл осы отбасының прези­дентi едiм, он бес жыл бойы әйелiм Әсемгүл отбасылық саясаттағы серiгiм болып келiп едi, содан кейiн оған премьер-министр лауазымын берiп едiм. Қайдағы бiр миллионер полковниктiң әскерiне төтеп бере алмай
26 шілде 2016
– Жеңгеңдi жекешелендiрiп алдым, – дегенiн естiп, iшiп отырған тамағыма қақалып қалғаным бар. – Қолымнан келгенi сол... Бажайлап қарасам, мына заман тек жекеменшiктен тұрады екен. Өз басыма жекешелендiретiн бiрде-бiр зат бұйырмапты. Ең аяғы үй, қора-қопсы, аз-маз мал атаулыны “төрiңiзден көрiңiз жақын” деген соң, қолдағы келiн-балаға басыбайлы өткiзiп бергенбiз.
26 шілде 2016
Айырылады бәрiнен, басынан бақ тайғанда ел
Айтар сын көп билер менен бектерге,
Алса дағы бiреу кейде беттен де.
Азап кешпей, жүрсе деймiн бiр адам,
Азаттыққа қолы жаңа жеткенде!
Патша – жалғыз,
Сәтiн күткен нөкер көп,
Ертең олар кiмнiң туын көтермек?!
...Арасынан Арыстан мен Аюдың
Аласұрам қалай аман өтем деп!
26 шілде 2016
«Перiштелердiң өлiмi»
“Өлке” баспасынан “ХХI ға­сыр шығармалары” сериясымен көрнектi жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтiң “Перiштелер өлiмi” роман-хикаяттары жарық көрдi. Баспа мен қаламгердiң өзара келiсiмшарты бойынша жарық көрiп отырған бұл жаңа роман – талантты автордың ғана емес, соңғы жиырма бес жыл көлемiнде қазақ әдебиетiне келген елеулi құбылыс.
26 шілде 2016
Рухымның білтесі
... Үміт өлген,  оңынан арман өлген,
Жар жағалап шалшықты жалдап өлген.
Қарқарада сонау жыл қанды қасап,
Қазақ өлген, аңырап албан өлген.
21 шілде 2016
Қатарынан кем туғанға мойымаған
Бойында өнерi мен қа­бiлетi бар мүмкiндiгi шек­теу­лi жастардың табиғи талантымен, еңбегiмен, оп­тимистiк көзқарасымен жеткен жетiстiктерi жайлы газет беттерiнен оқып, телебағдарламалардан көрiп таңдай қаға таңғалып жатамыз. Сан мыңдаған тыңдармандары бар, көзi көрмейтiн зағип жiгiттерден құралған “Сәт” триосы, суда жүзуден әлем чемпионы атанған екi қолы иықтан жоқ жас жiгiт, арбаға таңылғанына мойымастан ән айтып, өнерiмен өрге жүзген әншi жiгiт
21 шілде 2016
Ұлық боп өмір сүргенше, ұлтшыл боп өлген көп артық

Көрнекті ақынымыз Серік Тұрғынбекұлы 70 жасқа толды. Жақсы ақын туралы кімнің жазғысы келмейді дейсіз, редакциямызға Серік Тұрғынбекұлы туралы да талай мақала келіп түсті. Бірақ, біз ақынның өзін сөйлеткенді орынды көрдік те, оқырмандары­мызға Секеңнің соңғы кездері жазылған жаңа өлеңдерін ұсынып отырмыз.

19 шілде 2016
Қазақ этнодизайнының қара нары

Оңтүстiк жұрты тау мен тастан, құм мен шөл даладан әсемдiк iздеген, қобыздан керемет бiр күй тартылып тұрмаса қолы жүрмейтiн, қазақтың күйлерiн өз өнерiнiң өрiсi санаған Аманжол Найманбайды еске алды. Облыстық тарихи-өлкетану музейiнде. “Түркiстан” сарайының директоры Күлия Айдарбекованың ұйытқы болуымен. Күнi кешеге дейiн Айдарбекова облыстық мәдениет басқармасын бiрнеше жыл бойы

19 шілде 2016
Соңғы жаңалықтар
(Новелла)
Ең жақсысы, менiң тып-тыныш барып ұйықтағаным едi, бiрақ мен өйте алмаймын. Себебi, түсiнiктеме жазып, апарып беруiм керек. Әйелiм мен бала-шағам баяғыда жатып қалды. Балалардың ендiгi ұйықтап қалғандарын да бiлiп тұрмын, ал әйелiм, әй, ұйықтай қойған жоқ. Ол менi күтiп жатыр. Бар шындықты өз аузымнан түгел естiмейiнше тынышталатын түрi жоқ. Менiң ендi iстi болатынымды, менен айырылып қалатынын бiлсе де, мойындағысы келмей, қор­қып жатыр-ау.
14 шілде 2016
Әдеби-мәдени әлем
Құлағдар бола жүріңіздер!
С.М.Киров атындағы Қазақ университе­тінің филология факультетін 1966 жылы бітірген түлектер! Аққан селдей, ескен желдей біздің де университетті бітіргенімізге жарты ғасыр өтіпті. Күні кеше арман қуған студенттер едік, әні-міні дегенше ақсақалға айналып шыға келіппіз. Бәріміз балалы-шағалы, немерелі-шөберелі болдық. 1961 жылы университетке түсіп, 1966 жылы, әртүрлі себептермен одан кейін бітірген
14 шілде 2016
Ырғыз, Торғайдағы көтерiлiс
Ұлт-азаттық көтерiлiске – 100 жыл
1916 жылы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерiлiстерi­нен кеңестiк тарихта көбiрек жазылғаны –Торғай көтерiлiсi. Қазақ даласының кiндiгi, Алаш қайраткерлерiнiң туған жерi –Тор­ғайдағы көтерiлiстi кеңестiк тарих Амангелдi Иманұлы, iшiн­ара Әлiби Жангелдинмен байланыстырса да, мұның шындығы мүлде басқа.
12 шілде 2016
Алашымның мен бақытты ұлымын

Өткенiме көбiрек үңiл­тер, алдағымнан жиiрек түңiлтер мазасыз ойлардың қоршауында дөң­бекшiтер жасқа жетiппiн. Содан ба күлiп тұрып та, күйiнiп қамығар адамды өзiмнен табушы едiм. Ал кеше ғана күдiгiмдi жұ­лып тастап, қуаныш күлкi­сiмен жүзiмдi жадыратып, жүрегiмдi бұлқынтқан бiр әсерлi шақты бастан өткiздiм. 75 жастық мерейтойыммен шын жүректерi­мен құттықтап, қаламымның қайырылмауын, дiмкәс ағзамның әлi де сау-саламаттығынан айырылмауын тiлеп

12 шілде 2016
Жер мен жемқорлықтан туған қақтығыс бүгiн Исатай
ТАЙМАНОВТЫҢ ҚАЗАСЫНА 225 ЖЫЛ ТОЛДЫ
2003 жылы үкiметтiң қаулысымен (№ 497) Орал қаласында Жәңгiр ханға ескерткiш орнатылып, және екiншi бiр университетке оның аты берiлдi. Соңғы жылдары бiрнеше кiтап (пьеса) жазылуы бүгiнде ХIХ ғасырдың Бөкей орда тарихын терiс қаратып оқуға әкелгендей. Ол заманның талапайшы-қасқырлары Исатай мен Махамбет болғандай. 2013 жылы 21 қарашада Оралдағы Махамбет университетi төрiнен астаналық ақынның әйгiлi өлеңi Баймағамбет сұлтанға арналыпты, Махамбеттiң авторлығы да беймәлiм екен деп тарихты тәрiк еттi. Жиналғандар үн-түнсiз қалды.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»