1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
30 мамыр 2017
Рух жыры

Мен – сол, баяғы Менмін!
Үзілмей қалған деммін...
Ұлы далада қасқырдай ұлып,
Заманға есесі кеткен елмін!
Қазақ

Менің ата-бабаларым арбаның дөңгелегін ойлап тапқан күннен бастап, тіршілік тізгініне жан бітіп, мына дүние дөңгеленіп жүре берді. Содан бастап өр рухым – мәңгі өлмеске бекіп, орнынан түрегелді.

30 мамыр 2017

Күлімхан әжем марқұм, бертінде, жасы жүзге жетіп өмірден озды. ХХ ғасырдың басында дүниеге келген ол кісі зұлмат ашаршылықтың да, кешегі күркіреп өткен қан майданның да қасіретін бір адамдай-ақ тартқан екен. Әжемді тыңдасам, тірі тарихпен тілдескендей боламын. – Мен ол кездері бой түзеп есейе бастаған шақта едім. «Кеңес өкіметі орнады» деп жатты біреулер. Заман ию-қию болып кетті ғой сол күндері... Біз бала емеспіз бе,

25 мамыр 2017
Сумен жазылған... өлең

Жүзіңді жалын шарпығандай күйдіретін аптапта талдың көлеңкесі де сая боп жарытпайды. Жапон желпуішімен желпініп, «жан сақтап» көрмек болғам. Бірақ әдет етпеген кісіге ол да қол емес екен. Кеуде кере тыныс алар үп еткен лепке зар боп, жаным қысылып отырғанда көзім бір қарияға түсті. Кәсіпқой суретшілердің қылқаламына ұқсас, бірақ одан әлдеқайда үлкендеу құралымен таспа жолды түрткілеп жүр. Тосын көрініс менің ғана назарымды аудармапты, ары-бері өткен жүргіншілер де әлгі шалдың төңірегіне жинала бастаған. Өзін қаумалаған қауыммен ісі жоқ қария болса қолындағы «қаламын»

23 мамыр 2017
Қаралы тарих түгел ақтарылуы тиіс

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ел болып еске алатын 31 мамыр біздің еліміздегі қастерлі күндер қатарына кіргелі, міне, 20 жыл болып қалды. Дәлірек айтқанда, 31 мамыр айрықша мәртебеге ширек ғасырдан бері ие. Алғаш рет бұл күн еліміз мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген бетте, 1992 жылы ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген болатын. Содан соң ауқымы кеңейтілді. 1997 жылдан бастап

18 мамыр 2017
Қабірде қауышқан қос дарын

Ада Лавлейс. Өмірден озғаннан кейін, 100 жылдан соң ғана әлемдегі тұңғыш бағдарлама жасаушы екені мойындалған әйел. Бір кездері математика «ерлердің ісі» болған заманда Ада компьютер ғылымына (кейінірек информатика аталған) қызығушылық танытады. Әдетте Лондонда жоғарғы тап өкілдерінің қыздары көңілді балдарда билеуді армандаса, бойжеткен Ада ұшатын аппарат

18 мамыр 2017
18 мамыр 2017
Ораза қабыл болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫНЫҢ қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа ҮНДЕУІ
 

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті отандастар!

Баршаңызға қасиетті Рамазан айының қарсаңында жыл сайынғы дәстүрлі үндеуімді жол-даймын.
Өздеріңізге белгілі, еліміздің Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы отанда-старымыз айтып келмейтін табиғи су тасқынынан

16 мамыр 2017
Қасқырға жем болған қыз

31 МАМЫР – ҚУҒЫН-СҮРГІН және АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
Cайрам ауданына қарайтын Қоcбұлақ ауылы да барша қазақ жұрты сияқты көктем шыға аштық кесірінен тоз-тоз күйге түскен. Бiреулер Ақcуды жағалап, Көкiрек-Балдыберек cуын өрлей Дарбазаға жетiп, тау iшiндегi жалғызаяқ жолмен қырғыз аccа, ендi бiреулер Түлкiбаc пен Шымкенттiң, Жуалы мен Әулиеатаның темiржол cтанcаларына қарай ағылды. 1929 жылы колxоз құрылғанда Қоcбұлақ аудандағы

13 мамыр 2017

Ақтауда халқымыздың жазба мәдениетін дәріптейтін мұражай ашылады. Белгілі сәулетші Сайын Назарбекұлы Каспийді қаламен қосатын мүйістегі ең үлкен үңгірді ғимарат ретінде қолдану туралы бастама көтерді.
Ұлы Абай мен Домалақ ана кесенелерін қайта жаңғыртқан танымал сәулетшінің бұл ұсынысына қала әкімдігі қолдау білдірді. Сонымен, ұзындығы – 70, биіктігі 2 метрлік үңгірдің ортасына тастан киіз үй пішіндес ғимарат салынып, оның қабырғасына қазақтың көне жазулары қашалып

13 мамыр 2017
Жамал апай қартайған жоқ

Айтыла-айтыла жауыр болған, нәтиже шықпаған әлдебір мәселе туралы «Айта-айта «Алтайды», Жамал апай қартайды» деу әдетке айналып барады. Көп адамдар осы тіркесті келсін-келмесін көрінген тесікке апарып тықпалайды. Шынтуайтында дәл осы сөз қазақтың мақалында да, мәтелінде де жоқ. Оның баламасы қазақ тілінде ықылым заманнан бері қолданылып, айтылып та, жазылып та келеді. Мәселен, қазақ сөз ұқпайтын кещелерге қарата: «Айқайлай-айқайлай қасқырдан да ұят болды», – деген. Негізі, кез келген көзіқарақты адам Жамал апайдың кім екенін

13 мамыр 2017
Қазақ суретшілерінің картинасы қаншалықты құнды?

Шынын айту керек, біз картиналарды көбінесе музейлерден, үлкен кеңселердің төрінен көреміз. Кейбір жеке пәтер, үйлердің қабырғасына ілінген картиналарға енді-енді көзіміз үйреніп келеді. Онда да қылқаламмен салынған осынау дүниелердің маңызына, сапасына, авторына мән бере бермейміз. Көбінесе гүл, табиғат көріністері, құйындатып шауып бара жатқан бір үйір жылқының суреттерін көріп, «тамаша екен» деп тамсанумен

11 мамыр 2017
Киелі жерлер зерттеледі

Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжановтың айтуынша, Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу үшін ғалымдар жыл соңына дейін еліміздің төрт өңіріне экспедицияға аттанады. Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу, оны қағазға түсіру шараларына еліміздің ғалымдары ертеден-ақ ден қойып келеді. «Бұрынғы атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен тәжірибелерді ескеріп, енді осы қасиетті жерлердің мемлекеттік тізімін жасасақ деген ой бар. Бұл жергілікті басқару

11 мамыр 2017

Елордадағы «Жастар» театрында «Тұмар» фильміне кастинг басталды. Режиссер Ақан Сатаев осыдан екі ай бұрын: «Биыл біз мәдениет министрлігімен бірлесіп «Тұмар» тарихи фильмін түсіруді бастағалы отырмыз. Сапалы дүние шыққан жағдайда ол отандық көрерменнің де, шетелдік аудиторияның да қызығушылығына ие бола алатынына сенімдімін. Тұмар патшайым – әлемдік тарихтың барысына ықпал еткен тұлға. Кинопрокатымыздың географиясын

11 мамыр 2017
Саяси мұратқа үндеген Шәйке молда

ХХ ғасырдың басынан заманауи өркениетке сай өрістеген, бүгінде Алаш атымен аталатын қазақ ұлт-азаттық қозғалысының бастауында діни қайраткерлер тұрған еді. Ұзақ уақыт отарлық езгіде келе жатқан қазақ халқының азаттықты аңсаған жаңа тұрпатты саяси ойы мен әрекеті, шынында, діни-рухани қызметшілердің от тастауымен тұтанды. Қозғалыс дін адамдарының қарсылық істерінен бастау алып, бірінші орыс революциясының дүмпуімен жаңаша мазмұнда дами бастады. 1861 жылғы реформа

5 мамыр 2017
Нақты қадам: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ

Ұлттық кітапханада халықаралық Қазақ ПЕН клубы шығарған «Нақты қадам» және «Возвращение к себе» деп аталатын қазақ-орыс тілдеріндегі прозалық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті. 500 данамен шығарылған жинақтың қазақшасына 15 автордың шағын әңгімесі енген. Орыс тіліндегі жинаққа сегіз автордың шығармалары

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»