1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
17 қаңтар 2017
«Бәрi сатты, жалғыз қалдым...»

Халқының қалаулы ұлы, елiнiң еркесi, опасы жоқ мына жалған дүниеге сыя алмай кеткен бiртуар оғлан Заманбек Қалабайұлы Нұрқадiлов жер басып жүргенде 15 қаңтарда жетiншi мүшел жасқа толған болар едi! Асылдары мен жасындарын көзi тiрiсiнде көре алмайтын, тасада тұрып тас ататын, тегершiгiне таяқ қыстырып отыратын халықтың бiрi де бiрегейi, сiрә, бiз болармыз. Егер де тiрi болғанда Заманбек бұл күндерi жетпiс үш жасқа толар едi-ау. Ендiгi жерде бiздер – батырдың көзiн көргендер, оның назарына iлiккендер, шапағатына ие болған жандар осы бiр асыл азаматтың ерлiк iстерiн, жалпақ жұртқа жасаған жақсылығын жыл сайын оның туған күнiнде еске алып отыруға

12 қаңтар 2017

Дүкендерде, базарларда күрек көп болғанымен, екi қолға бiр күрек таба алмай, қышыған алақанымды қасып қойып, “бүгiн тиын-тебен табамын-ау!” деген оймен қаладағы “Құл базар” атанып кеткен жерге келдiм. Жұмыссыз жастар, жасамыстар осы жерге жиналып, бай-бағландарға жеке жұмысқа жалданады. Мұнда келсем, қарақұрым адамдар жол жағалап тұр екен. Қыстың қара суығында бүрсеңдеп тұрмыз. Бала-шаға аш, “Джиптер” тоқтай қалса, астына түсiп кете жаздап, тұра жүгiремiз. Бүгiн жұмыс берушiлер жоқ. “Итiм ине жұтып өлдi, соны көмiп берiңдер!” деп шiренген бiреу

12 қаңтар 2017

Есiмде жоқ,
Көктем бе едi, жаз ба едi,
Көңiл көкте,
Уайымның да аз демi,
Жұмыс уағы,
Шақырып ап бастығым,
Бiр досыма
Мадақнама жаз дедi!

Ойланбадым,
Көр-жер сөздi термекке,
Талаптандым,
Тәуiр баға бермекке,
Елге елеулi

12 қаңтар 2017

Сөйтiп, 2017 жылы бүкiл бiлiм саласы үштiлдiлiкке көшiп жатыр... Қаратабан жай қазақтан бастап игi жақсы атаулы “Ау, бұл қазақты бiржолата жоюдың жолы ғой” деп қанша қарсылық бiлдiрсе де, билiк бұған пысқырып та қарамады. Кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезов өзiнiң өкшесiн басып келе жатқан қаламгерлерге: “Осы сендер, “өй, айттық қой, жаздық қой” дейсiңдер, қайталап айтып отыру керек, үйдiң төбесiнен тамшылап аққан су-екеш су да iргеде жатқан қара тасты тесiп өтедi, қайталап айтып отырыңдар!” дейдi екен. Сонда бүгiнгi Қазақстан билiгi қазақ ұлтының амандығы төңiрегiнде қазақтардың сан қайталап айтқан пiкiрiне құлақ салуға келгенде сол қара тастан да қатты болғаны ма?!
Ұлыбританияның Уэльс атты уәлаятында туған ұлы ғалым Д.Кристал өзiнiң “Тiл ажалы” деген кiтабында “Бiр ұлтты жоқ қып жiберу үшiн оларға қостiлдiлiктi енгiзу керек. Сонда олардың тiлiн

12 қаңтар 2017
«Кiтап өртеу» деген не сұмдық?!

Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiловтiң “Сенесiз бе, мен өз елiме жете алмай жүрмiн!” деген (“Жас Алаш”, 25 қазан, 2016 жыл) мақаласын оқып, жағамды ұстадым. Жазушылар Одағы күнi бұрын жоспарлап, Қабекеңнiң 80 жылдық мерейтойын Алматыда және туған жерi Шығыс Қазақстан облысында өткiзудi ұйғарыпты. Алматыдағы мерейтойы жақсы өткен. Ал Шығыс Қазақстандағы той қалай өтер екен дегендей жазушының көңiлiнде күдiк, күмән да болған. “Себебi Семей мен Өскемен жұртшылығы кезiнде ГПУ, НКВД, КГБ сияқты мекемелердiң “тәрбиесiн” көп көрген ел ғой. Абай ұрпақтарын әр жаққа жер аударып, ақынның сүйiктi ұлы Тұрағұл мен Жағыпарды (Мағауияның баласы) 1933 жылы аштан өлтiрген... Шыңғыстауда аң қарап жүргенде Шәкәрiм қажыны атып өлтiрiп, сүйегiн

12 қаңтар 2017
Ұлтын сүйген ұлы тұлға

Бүгiн – халқымыздың ұлы перзенттерiнiң бiрi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күнi. “Көрнектi адамдар өз елiнiң не бағына, не сорына туады” деген көне мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елiнiң бағына туған адам және бiздiң әрқайсымыз үшiн айрықша ыстық” деген екен кезiнде Iлияс Есенберлин. Көзiнiң тiрiсiнде-ақ “Димаш аға!” деп күллi Алаш жұрты төбесiне көтере ұлықтаған Дiнмұхамед Ахметұлы – шын мәнiнде, қазақтың iргесiн нықтап, еңсесiн тiктеп, бүгiнгiдей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен айтулы

10 қаңтар 2017
«Аманатқа қиянат жасауға қақым жоқ...»

Нұрғали Нүсiпжанов – бүгiнде Қазақстанның Халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының профессоры, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясының халық сүйген айтулы әншiсi! Ал шын асылдың бағасын бiлер көзiқарақты қауым, дүйiм қазақ халқы үшiн оның “Нұрғали Нүсiпжанов!” деген атының өзi – кез келген

10 қаңтар 2017
Желтоқсан қазақтың жан жарасы едi...

Өткен жылы әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiне 30 жыл толды. Әлемдiк геосаясаттың өзгеруiне, социалистiк жүйенiң күйреуiне, КСРО деген алып елдiң ыдырауына, сол арқылы оның құрамындағы 15 одақтас республиканың 15 мемлекет болуына жол ашқан, дүниежүзiлiк маңызы зор тарихи ұлы оқиға тәуелсiздiгiмiздiң ширек ғасырлығының көлеңкесiнде елеусiз қалып қойды. Алайда мүлде атаусыз, ескерусiз күйде өттi дей

5 қаңтар 2017
Суретшiлердiң еңбегi лайықты бағаланып жүр ме?

Суретшiлер одағы – Қазақстандағы ең iрi және ең алғашқы шығармашылық одақ. Оның негiзi 1933 жылы 8 шiлдеде қаланған-ды. Бұл ұйымның құрамында қазiргi күнi 1082 мүшесi, 12 филиалы бар. Елiмiздегi ең iрi республикалық қоғамдық бiрлестiк. Яғни, мемлекеттiк емес ұйым. Барлық уақытта да мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырушылар ретiнде танылған суретшiлер ұжымының бұл күнде өзiндiк мәселелерi жетерлiк. Осы ретте мейлiнше қордаланып қалған ұсыныстарды ортаға сала

5 қаңтар 2017
Үшқара – басың биiк, аса алмадық...

1996 жылдың соңғы аптасы. Баянауылға соғымға баруым керек. Әуелi ат басын аудан орталығында тұратын Бөрiшiбай досымның үйiне бұрғам. Обалы не керек, аузын ашса, жүрегi көрiнетiн ақкөңiл досым дастарқанын жайғызып, қазанын көтертiп қойыпты. Сол күнi жақын араласатын көршi-қолаң, дос-жарандары бар, ән айтылып, күй тартылып дегендей, әсерлi кеш болды.

 

29 желтоқсан 2016
Елiн сүйген ер едi

Ендi бiр-екi күнде марқұм Зардыхан Қинаятұлының қырқы берiлмек. Осы айтулы күнге орай асыл азаматтың қайраткерлiгi, отаншылдығы, ғалымдығы туралы жазылған мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Зардыхан ағамен алғаш танысқанымнан берi 40 жылға таяу уақыт өтiптi-ау...
1980-жылдардың аяғы 1990 жылдардың басында Кеңес империясы ыдырай бастаған тұста, Кеңес елiмен 70 жылдай бiрге бiте қайнасқан Моңғолияда да саяси өзгерiстер орын ала бастады. Бұған түрткi болған жайт – Моңғолия халық революцияшыл партиясының Орталық комитетi жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының бөлiм меңгерушiсi, философия ғылымдарының докторы

29 желтоқсан 2016
Қазақтығым деп жылаймын, азаттығым деп жылаймын

Долы да долы, долы күн,
Жұртымның неге жолы мұң?
Билiктен бастап бәрiнiң,
Жалтақтық басқан көңiлiн.
Бiз – қазақ деген xалықпыз,
Заманы қалай құбылса,
Қисайтқан солай бөрiгiн.
 

29 желтоқсан 2016

Қадiрлi оқырман! 2016 жылдың соңғы – 104-нөмiрiн қолыңызға алып, кезектi рет дидарласып отырсыз. Бәрi жыл қорытындысын шығарып жатқанда, бiз де – журналистер мен газет шығарушылар – сiздердiң рухани қажеттiлiктерiңiздi өтей алдық па деген сұраққа жауап iздедiк.
1. “Жас Алаштың” қоғамдағы орнын қалай бағалайсыз?
2. Газеттiң ұстанған бағыты мен жарияланған материалдары көңiлiңiзден шықты ма?
3. Айтар тiлегiңiз бен ұсынысыңыз қандай? деген сауалдарға қайтарылған жауаптар төмендегiдей.

 

27 желтоқсан 2016

Абайдың мұрасы – халқымыздың ескiрмейтiн, көнермейтiн рухани қазынасы. Ескiргенiңiз былай тұрсын, заман өзгерiп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын

27 желтоқсан 2016

ТМД-ының Парламентаралық ассамблеясы осыдан бiраз жыл бұрын Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлық тағайындаған-ды. Әдеби шығармашылық үшiн берiлетiн бұл сыйлық – ТМД кеңiстiгiнде үлкен беделге ие. Мiне, осы

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»