1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
20 қыркүйек 2016
«Аспанда ұшып жүрген боталы түйе»
“Егемен Қазақстан” газе­тiнiң 20 мамыр 2016 жылғы санында театр жайлы ой айтуға талпыныңқыраған мақала жа­рық көрдi. Атынан ат үркедi. “Қалғыма, қазақ театры!”. Тақырыпты көрiп, қазақ театрларын оятатын, серпiл­те­тiн, қай театр қалғып барады, қай театр ұйықтап барады, бәрiн-бәрiн жiпке тiзiп, жiктеп-жiлiк­теп, жiлiгiнiң майын шағып тастаған шығар-ау, деп оқуға кiрiстiк... Ендi айтатын шығар, ендi айтатын шығар деп емекси-емекси, аяғына жеттiк.
16 қыркүйек 2016
Тәуелсiздiк немен өлшенедi өзi?
Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған шығарма
Өткендi қайтару, өлгендi тiрiлту, әри­не, ешкiмнiң қолынан келмейтiнi де белгiлi. Десек те, өткенге, яғни тарихқа қалам сiлтеген жазушы сол өткендi қайтара бiлуi, өлгендi тiрiлте бiлуi керек. Егер ондай “өнерi” болмаса, ол жазушының тарихи тақырыпқа баруы да бекер, жазуы да бекер. Кiтап шығаруы да бекер... Тарихи тақырыпқа қалам сiлтеген жазушыға бiз неге бұлай тым биiк мiндет артып отырмыз?
16 қыркүйек 2016
“Азаттық” мемориалы ашылса
Ұлт азаттық көтерiлiсiне – 100 жыл
Қазақ халқының басынан өткен қилы кезеңдер ешуақытта ұмытылмауы тиiс. Тарих қойнауына баяғыда енген оқиғалардың жадымызда жаңғырып тұруы шарт. Кешегiсiн бағаламаған ел ер­теңiне бағдар таппайды. 1916 жыл­ғы ұлт азаттық кө­терiлiсi – бұдан бiр ғасыр бұрынғы еркiн­дiк­ке ұмтылған халық толқуының биiк шыңы.
16 қыркүйек 2016
Директор тұлға болуы тиiс

Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде оқу-бiлiм беру iсiнiң мән-жайын назардан тыс қалдырмай, оның жай-жапсарына терең үңiлетiн жандардың бар екенiн көргенде қуанғанымызды несiне жасырайық. Оған “Жас Алашқа” жан-жақтан келiп жатқан үшбу хаттар куә. Редакцияға хабарласып, ой-пiкiр, ұсыныс қосып жатқан жұрт қаншама. Демек, қоғам бұрынғыдай бойкүйез емес, бiреудiң айтқанына көнiп, айдауына жүргiсi келмейдi, iшiнара сана-сезiм сiлкiнiсi пайда бола бастаған десек,

15 қыркүйек 2016
АЗАТ СЕЙIТМЕТОВ ҮЗДIК АКТЕР АТАНДЫ
Оңтүстiк Кореяның Сеул қаласында өткен халықаралық кинофестивальде Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық театрының актерi Азат Сейiтметов кинорежиссер Асқар Ұза­баевтың “Әке” телехикаясындағы әке рөлi үшiн қазылар алқасының шешiмiмен “Жылдың үздiк актерi” атағын жеңiп алды.
15 қыркүйек 2016
«Аспандағы айда не әкесiнiң құны бар?!»
– Мына газеттi оқып отыр­саң, жер бетiнде қа­зақтан артық, қазақтан данышпан халық жоқ сияқты, – дедi Көбiк көршiсi Қисыққа сығырая қарап. – Қазақтың қандай халық екенiн осы уақытқа дейiн бiлмей жүрген ол неғылған газет?! – дедi Қисық. – Осы газетте отырғандарға да жазатын сөз қалмаған-ау деймiн. Қазақ деген ит емес пе, қазақты қалай мақтауға болады?
15 қыркүйек 2016
Салқар дала, сағым дала, Бетпағым!
Ұлы дала, керiм дала. Қызыр қонған киелi дала дәл осы Бетпақдала болып көрiнедi маған. Елi­мiздiң шығысы мен батысын, күн­гейi мен терiскейiн, орталығын, бәрiн араладым. Айналып келгенде, көңiл шiркiн неге екенi белгiсiз, туған жер – Бетпақдалаға тiре­ледi. Бетпақдалада биiк-биiк асқаралы таулар, арқырап ағып жат­қан өзендер, сылдырап аққан тұма бұлақтар, ну тоғай, қыздай сызылып тұрған ақ қайыңдар, тiптi жасыл желектi қарағайды да таппайсың
15 қыркүйек 2016
Директорлар қызметтерiнен бас тартты
БҰЛ – АҚТӨБЕ ӨҢIРIНДЕ БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙ
Ақтөбе қалалық бiлiм бөлiмi бiрнеше мектеп директоры, балабақша меңгерушiсi мен мектептен тыс бiлiм беретiн мекеме басшыларына конкурс жариялады. Себеп 7 қыркүйек күнi Ақтөбедегi №24, 25, 28, 32, 38, 42, 46, 51, Қызылжар, Благодарный орта мектеп директорлары зейнеткерлiкке шығуға арыз жазған. Дәл осы күнi №17 мектептiң зейнеткер емес директоры отбасылық жағдайына байланысты, №9 мектеп-гимназия директоры тұрғылықты мекенжайын
8 қыркүйек 2016
Жазушылардың айтыс-тартысына орай
Дәл қазiр жазушылар екi жақ боп айтысып-тартысып жатыр. Оны “Қазақ әдебиетi” газетi мен “Жас Алаш” газетiнiң соңғы нөмiрлерiн оқығандар бiрден аңғарады. Жазушылардың бiр тобы “Нұрлан Оразалин –Парламент депутаты, сенатор. Ендi ол неге Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметiнен кетпейдi? Екi қызметтi бiрдей атқарып жүре бермек пе?!”
8 қыркүйек 2016
Жердi ешкiм жұта алмайды, есте сақта, түбiнде жер жұтады барлығыңды!
Әкiмнiң әкесi
Гулетiп, кең даланы гуiлдетiп,
Шаңдатып, күре жолды дүрiлдетiп,
Әкiмi облыстың келдi ауылға,
Шатырын ескi үйлердiң дiрiлдетiп.
8 қыркүйек 2016
Тамыз кеңесiнiң “тамашасы”
Қазiр металлургтер қаласының кәрi-жасы, әсiресе, ұстаздар қауымы биылғы тамыз кеңесiнiң “тамашасын” талқылауда. Оған түрткi болған әлеуметтiк желiде жүрген өлең. Тамсан­ғандықтан емес, тiл тағдырына түңiлгендiктен туған... Ұстаздардың жылда қайталанып бiр келетiн үлкен жиы­ны орыс тiлiнде өтiптi. Көлеңкеде қалып қойған ана тiлiнде тұщымды ой-пiкiр ести алмай жаны жабырқаған, сағы сынған бiреу тiптi күйiнгеннен туған өлеңiн әлеуметтiк желiге жариялап жiберiптi.
8 қыркүйек 2016
Мұғалiмнiң мәртебесi немесе “ала қарға” атанбау сыры

“Жас Алаш” газетiнiң өткен №71 санында (6 қыркүйек, 2016ж.) Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты “Жаңатұрмыс” орта мектебiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаеваның өзi жұмыс iстейтiн бiлiм ошағының басшысы Б.Нүсiп­бековаға қатысты берген талап-арызының (№137 бұйрықты заңсыз деп тану) қанағаттандырылғанын естiп қуанып, редакцияға хабарласып жатқан жұртшылық көп. Олардың iшiнде ұстаздар қауымы да жоқ емес.

8 қыркүйек 2016

1-сыныптың жаңартылған мазмұндағы оқулықтарын көру мақсатымен кеше таңертең Алматыдағы бiлiм ұяларының бiрiне бас сұқтық. Үлкен сыныптардың сабағы әлдеқашан басталып кеткен. Аулада мектеп табалдырығын биыл аттаған бүлдiршiндер мен олардың ата-аналары ғана тұр. Қанша бала болса, сонша ересек адам. Бәрiнiң қолында – тыңқиған бiр-бiр сөмке. Зiлдей бәленi бiр жапырақ балаға көтертуге обалсынып, ешқайсысы кетер емес.

6 қыркүйек 2016
“Есiгiмдi қаққан кiм?”

“Менiң есiмiм Гүлнұр. Әке-шешем, жолдасым, кiшкентай қызым бар. Тәрбиелi отбасынанмын. Оқыған, тоқыған, көзi ашық адаммын. Бiрақ… жат ағымның жетегiнде қалай кетiп қалғанымды өзiм де бiлмей қалдым. Азғырып жүрiп күйеуiмдi де адастырдым. Бiр жыл күйеуiм екеумiз сол радикалды топтың құрамында жүрдiк, үйден кетiп қалдық. Бiр жылдан кейiн үйге келiп, қызыма никаб кигiзiп, ата-анамыздың жылағанына қарамай,

6 қыркүйек 2016
Жазушылардың ұйымы – балықшылардың, не болмаса бал арасын өсiрушiлердiң ұйымы емес!
Жазылған жайдың жаңғырығы
“Жазушылар ұйымы”, “Жазушылар одағы” дегенiмiз қандай ұйым? Бұл кiмдердiң ұйымы? Бұл ұйымға кiмдер мүше бола алады? Бұл ұйымның өзге ұйымдардан өзiндiк ерекшелiгi неде? Жазушылар ұйымы–“сөз өнерi” деп аталатын ұлы өнерге өзiндiк үлес қоса алған дарынды һәм талантты тұлғалардың ұйымы. Жазушылар ұйымына мүше болу үшiн өтiнiш берген қаламгердiң пысықтығы да, қалталы екендiгi де, тамыр-таныс­тарының молдығы да, ауылдастық-ағайыншылығы да, жерлестiгi де
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»