1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
20 қазан 2016
Баянаулада өмiр сүрген таңғажайып тұлғалар

Айтмұхаммет әулие жайлы мынадай да бiр әңгiме бүгiнге жеткен. Соғыс жылдары “Мұрынтал” колхозында ферма меңгеру­шiсi болған Дәрiм Смағұлұлы деген кiсi сол елдегi Сағымбек диуана деген адамның үйiне бiр шаруасымен бара қалады. Сағымбек те ел iшiнде “бақсы”, “диуана” атанған, халыққа ем-дом жасайтын адам екен. Барса, диуананың үйiнiң алдына доғарылған ат-арба, арбаның үстiн­де киiз үйдiң шаңырағына керiлiп байланған бiр әйел жатады.

20 қазан 2016
Елiмiздегi қазақ-түрiк лицейлерiнiң атауы “Бiлiм” инновациялық лицейлерi болып өзгердi. КАТЕV қоры таратқан ақпаратқа жүгiнсек, бұл бастаманы шәкiрттер мен олардың ата-аналары және лицей директорлары да қолдаған. Аталған бiлiм ошақтарының өзiндiк брендке айналған КТЛ атауы ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай өзгертiлген-мыс. КАТЕV-тiң мәлiмдеуiнше, бұл шешiм ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесе қабылданған. Құзырлы орындар оқу орнының атауы өзгергенi болмаса, ондағы оқу бағдарламасы, бiлiм-тәрбие процесi сол күйiнде қалады деп сендiруде.
18 қазан 2016
Жей берсiн!
(фельетон)
Осы жұрт көре алмайды, бiреудiң қуанышын бөле алмайды, қызғаныштан қытығы келiп, не “өле” алмайды... Жетi­сайдың же­тi әкiмi қызмет бабын пайдаланып, жеген екен, “ойбай, жетi жалмауыз жеп кеттi!” деп басылым бiткен жарыса жазды, ал менiң көршiм: “Парақорларды да құрметтеу керек!” дейдi... Дұ­­­рыс айтады. Жей берсiн! Ауыз болған соң жеймiз ғой.
18 қазан 2016
Жер
– Ауылды тоздырған өздерiң ғой! – дедi Тезекбай баяғыдан iшiнде жүрген өкпесi бұрқ етiп. – Бензин, солярка, көмiрге бартер жасаймыз деп совхоздың мыңғырған малын, астығын машиналап тасып құрттыңдар. Жайнап тұрған совхозды жаудай талап, тоз-тоз қылдыңдар! – Оның рас. Бiрақ менiң қо­лым таза. Директор мен бухгалтерге: «Әй, жiгiттер, қойыңдар! Құдайдан қорқыңдар!» дедiм, құлағына қыстырды ма. Шырылдап жоғарыға арыз жаздым. Сөйтсем, бар былық солардың өзiнен шығып жатыр екен ғой! Ақыры, мiне, осыған жетiп тындық. Құдай-ау, бұлар осыны бiлмей iстей ме, әлде қастығы ма – түсiнбеймiн.
13 қазан 2016
Жер
Әңгiме-реквием
О заман да бұ заман, Құдайдың иен-тегiн жерiн бас-басына бөлiп алып, мынау менiкi деп иемденгендi кiм көрген? Бұрын көрмесе, ендi көрдi. Совхоз жарықтықтың арпа-бидайы жайқалып тұратын атыздары, таудың сай-саласындағы шабындықтар, мал өрiсi... түгелдей бөлiске түстi. Обалы нешiк, шаңырағы ортасына түскен совхоздың озат тракторшысы болғанын ескердi ме, түйенiң көтенiндей ғып, құйқалы тұстан Тезекбайға да үлес бердi: төрт гектар егiндiк, алты гектар шабындық,
13 қазан 2016
Әдеби-мәдени әлем
КЕҢШIЛIК КЕҢIСТIГI
17 қазан күнi, сағат 17.00-де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театрында аса көрнектi ақын, Iлияс Жансүгiров атындағы сыйлықтың лауреаты Кеңшiлiк Мырзабековтiң 70 жылдығына арналған еске алу кешi өтедi. Iс-шараны Алматы қаласы әкiмдiгi мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ұйымдастырып отыр. Кеште ақын өлеңдерi оқылып, театрландырылған көрiнiстер қойылады, қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқайды.
13 қазан 2016
Әдекеңнiң ерлiгiн шықаңа телудiң еш жөнi жоқ
“...1961 жылдың дәл осындай көктем кезi. Совминнiң ауруханасы. Мұхаң да (М.О.Әуе­зов, - Ғ.Қ.) жатыр екен, бiрақ ол кiсi мен түскеннен кейiн төрт-бес күннен соң шықты. “Мен “Алматы” сана­то­рийiне реабилитацияға кетiп барамын, сонда жолығысармыз, тез сауығуыңа тiлек­тес­пiн!” – дедi. Содан арада үш-төрт күн өткенде палатама келдi. Ойда жоқта. Сәлем берiп, тұруға ыңғайлана бастап едiм: – Пәлi, Әди, қозғалма, саған әзiрше тұруға болмайды дестi, – дедi.
11 қазан 2016
«Желiп өткен желмая»
Хамит Ерғалиев –100
Көрнектi жазушымыз Әбiш Кекiлбаев өзiнiң рухани ағасы әрi ұстазы Хамит Ер­ғалиев туралы былай дейдi: “Бұл кiсiдей қазақтың керемет тiлiн аса жетiк бiлетiн жан кемде-кем. Хамаң баяғы Қазыбек, Төле, Әйтеке билер тiрiлiп келiп қасында отырса да, айылын жимай айдындана ақтарыларына еш күмәнданбаймын”. Хамаңның батылдығы мен шыншылдығы жөнiнде тек Әбiш Кекiлбаев қана емес, Зейнолла Қабдолов та, Рымғали Нұрғалиев та, Ақселеу Сейдiмбек те жазады.
11 қазан 2016

Ақтөбе облысының мек­тептерi мен балабақшаларына жүргiзiлген тексерiстер кезiнде пара алуға жол берiлгенi Бiлiм саласын қадағалау департа­ментiнiң бұрынғы бастығы Әкiмгерей Көшербаевқа қатысты сот процестерiнде әйгiлендi. Шалқар ауданының Қауылжыр, Қарғалы ауданының Қосестек ауылдарындағы мектептердi және Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектептi тексеруден кейiн Ә.Көшербаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының жергiлiктi қызмет­керлерi осы жылдың наурызында пара алды деп айыптаған.

11 қазан 2016
Кейкi батыр, келдiң бе?!
Сонымен, 1923 жылы сыртқа кеткен Кейкi батырдың бас сүйегi туған елiне, туған жерiне қайтып оралды. 93 жылдан кейiн! Әрине, бұл жерде Кейкi батырдың еш кiнәсi жоқ. Кiнәлi – кейiнгi ұрпағы. Яғни, бiздер. Не ақырып теңдiк сұрай алмадық, не ата-бабамыздың шашылып жатқан сүйегiн жинастыра алмадық... Кiм бiледi, аруағыңнан айналайын Кейкi батырдың бас сүйегi де мына езiлiп-жаншылып бiткен, әбден отарланған, орыстанған, отарлану мен орыстанудың салдарынан
6 қазан 2016
Шукшиннiң мұражайы жарқырап тұр, Оралханның мұражайы жабырқап тұр

...Тiрлiгiнде дауылдатқан, жауындатқан, қазақтың қара сөздерiн бiрiн-бiрiне жанып қайрағанда шатыр-күтiр найзағай ойнатқан, Алтайдың кермиық Кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдi алаш жоқтамады, аза тұтпады, оның есiмiн ел есiнде қалдыру үшiн мәнi мен маңызы, таным-тағлымы кесек-кесек iс-әрекеттер жасамады десек, Алладан ұят, бiраз шаралардың басы қайырылғаны шындық. Жыл сайынғы О.Бөкеев атындағы көркемсөзшiлердiң дәстүрге айналған

6 қазан 2016
Мағжан мен Мандельштам
Белгiлi жазушы, тарихшы әрi мұрағатшы марқұм Амантай Сатаевтың артында бiраз әдеби мұрасы қалды. Соның iшiнен бiз бүгiн автордың Мағжан Жұма­баев­қа қатысты эссесiн берiп отырмыз. Эссе орысша жазылыпты. Бiз ықшамдап аудардық. Мағжан Жұмабаев пен орыс ақыны Осип Мандельштамның жақын таныс болғаны жөнiнде өткен ғасырдың елуiншi жылдарының аяғында маған алғаш рет жазушы Зейiн Шашкин айтқан едi
29 қыркүйек 2016
Кеңестiк идеология жасырған ақиқат
Тоталитарлық жүйенiң бiр белгiсi – жабық мұрағат қорлары. Халыққа танысуға берiл­мейтiн тарихи фактiлер. Халықтан алшақтаған билiк осы әрекетi арқылы өзiнiң жалған бет-бейнесiн жасайды. Кеңестер одағындағы сталиндiк билiк осы жолмен жүрдi. Дегенмен, уақыт – төрешi. Жабық қорлардың шетi ғана ашылып едi, әлгi жалған бет-бейнеден ештеңе де қалмады. Тоталитарлық жүйенiң жетi қат жер астына жасырған құпияларының бiрi – қазақ ұлт-азаттық қозғалысы туралы ақиқат
27 қыркүйек 2016
АҚТАУ ҚАЛАСЫНАН ӘБIШ КЕКIЛБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Ақтау қаласында Қазақстанның Еңбек Ерi, ҚР Мем­лекеттiк сыйлығының лауре­аты, халық жазушысы Әбiш Кекiлбаев орталығы ашылады. Жазушының әдеби мұраларын сақтаумен, насихаттаумен айналысатын бұл орталықта кiтапхана, мұражай, концерттiк зал, кiтап дүкенi болады. Орталықтың құрылысы 2017 жылдан бастап жүргiзiлмек.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»