1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
ЕХРO: Маса қырғыны

Астанада масамен алапат күрес басталыпты. Әсіресе, EXPO-2017 көрмесі өтетін Есіл ауданындағы масалардың тұқымын тұздай құрту науқаны 20 сәуірден басталып кетіпті. Маса қырғыш мекеме – Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 15 мамырда маса қырғынының екінші кезеңіне білек сыбана кірісіп, масалардың ұясы саналатын тоғандар мен қар суынан қалған

13 мамыр 2017
Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай...

НЕМЕСЕ МАКРОН МЕН САРЫМҒА ДЕЙІН
Әміржан ҚОСАНОВ, арнайы «Жас Алаш» үшін
Аунап өткеп аптада мен үшін айтулы деп атайтын екі оқиға болды. Бірі – Францияда, екіншісі – Алматыда. Екеуі біраз ойға жүк болып тұр. Жалпы, біз әлемдік дағдарыс туралы көп айтып, бұл тақырыпты жауыр ғып жібергендейміз. Экономика мен геосаяси қақтығыстардың да шаңын көп қағамыз. Бірақ ғаламдық іркіліс әр елдің саяси өміріне, салттары мен шарттарына жаңалығын

5 мамыр 2017

1 Мамыр өтті, 9 Мамыр келе жатыр. Екеуі де идеологиялық сипаты бар мерекелік күндер. Соны талқылайық. 1 Мамырға қатысты бір ой. Бірлік идеясын ешкім жоққа шығара алмайды. Философиялық тұрғыда бірлік керек. Бірлік ұжымға керек, мемлекетке, халық пен ұлтқа керек. Бірлік – таптырмайтын нәрсе, кез келген мемлекеттің дамуына қажетті шарт. «Бөлінгенді бөрі жейді» және «Төртеу түгел болса...» деген қазақтың бір сөзі тағы бар. Бірақ ол бірлік қандай

3 мамыр 2017

«Алға, Қазақстан!» Осы бір сөзді кім, қашан айтқанын, оның қалай жалпыхалықтық қолданысқа еніп кеткенін білмеймін. Әйтеуір, ерінбеген адамның шеке тамырлары одырайып, кеңірдегі жыртылып, «Алға, Қазақстан!» деп айғайлап жатады.
Пәтер жалдап, әрең күнелтіп, балаларының болашағын уайымдап жүрген қарапайым адамға осы ұран сөзден не пайда бар? Түк пайда жоқ. Мәселен, әлемдегі ірі спорт бизнесінің бірі саналатын бокста елден шыққан бір боксшы жұдырықтасып жатса

27 сәуір 2017
Болашаққа бағдар: БАЙЛАР ДА ЖАҢҒЫРА МА?

Сонымен, қоғамдық сананы жаңғыртуы тиіс бағдарламаны жүзеге асыратын ұлттық комиссияның жұмысы басталды. Комиссия президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жобаларды іске асыру үшін өз ішінде жұмыс топтарын құратын болды. Бұл топтарға салалық мамандар, сарапшылар, ғалымдар, білім және мәдениет қайраткерлері кірмек. Сосын олар қоғамдық сананы жаңғыртуға білек сыбана кіріспек. Әзірге халық санасының қаншалықты жаңғырғанын

20 сәуір 2017
Президенттің ұлттық таңдауы ма, әлде?..

Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ МАҚАЛАСЫН ОҚЫҒАННАН КЕЙІН ТУҒАН ОЙЛАР
Президенттің жақында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, сөзсіз, мемлекеттің рухани өмірдегі саясатындағы басты бағыттарға жаңаша және ең бастысы, жария басымдықтар беріп отырған дүние. Қанша биліктің сыншысы болсам да, онда айтылған көптеген дүниемен, соны идеялармен келіспеу, оларды қолдамау мүмкін емес. Өйткені қоғам қазанында бұрқ-бұрқ қайнап

20 сәуір 2017
Жолдаудан жалықсаңыз, «рухнаманы» оқыңыз

Астанаға екі күнге ресми сапармен келген Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевпен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойып кетті. Ресми жиыннан тараған ақпарат Назарбаев пен Бердімұхамедов келіссөзін «екі елдің қарым-қатынасын дамытудағы жаңа кезеңге» бағалап, Қазақстан мен Түрікменстан Орталық Азиядағы шекара дауы жоқ мемлекеттерге айналмағын айтты. Шекараны демаркациялау, үкіметаралық

18 сәуір 2017

«Біз Ресейдегі ғана емес, көршілердегі түрлі түсті революцияларды да басып-жаншимыз», – деген В.Путин Қазақстанға үшінші жолды қалдырмады. Қалған екі жолда бізді не күтіп тұр? Бүгінде путиншіл Ресей мен батыс елдері арасындағы текетiрес шыңырау шегiне жетті. Мұндай шиеленіс соңғы 40 жылдан берi байқалмаған. Сирия, Украина, Солтүстік Корея және басқа да түйткілдерде қарсы тараптардың ымыраға келуі енді екіталай. Осы тартыс

13 сәуір 2017
Латынға көшу мемлекеттік тілдің мәселесін шеше ме?

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мемлекеттік басылым «Егемен Қазақстанда» жарияланды. Үндеу сипатты мақалада латын әліпбиіне көшу де сөз болып: «2025 жылға қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды – бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт

6 сәуір 2017

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 82 пайызға жеткенін хабарлады. Ол анау-мынау тойда көтерген «тостында» емес, үкіметтің ресми жиынында осылай деді. Министрдің бұл дерегіне бір де әріптесі күмәнмен қараған жоқ. Яғни шенеунік біткеннің бәрі өздерінен басқа жұрттың мемлекеттік тілді біліп, қазақша сөйлейтінін шеттерінен мойындап отыр. Ал дені сау мемлекетте азшылық көпшілікке бағынады. Президент мұны демократия деп атап

6 сәуір 2017
Бүгінгі білім саласы

«КІМ КІНӘЛІ?» ДЕГЕННЕН ГӨРІ «НЕ ІСТЕЙМІЗ?» ДЕГЕН СҰРАҚ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙЛАНАЙЫҚ...
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ең көп реформа білім саласына жасалынды. Бірақ оң нәтиже берген жоқ. Неге? Себебі бұл реформаларға мұғалімдер қатыстырылмады. Олардың пікірін ешкім сұрамады да. Түрлі реформалардан әбден шаршаған білім саласында шешімін табуға тиісті өзекті мәселелер шаш етектен. Меніңше, елімізде білім саласының кері кетуінің ең негізгі себебі – біз тым «реформашылмыз». Еліміз тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде 12 білім-ғылым министрі ауысыпты. Сол министрлердің барлығы да «өз реформасын сүйрей» келген. Ең қызығы, бұл реформалардың барлығы да ғылыми тұрғыда зерттелінбей, жергілікті жағдай мен ұлттық ерекшелік ескерілмей, еш даярлықсыз,

5 сәуір 2017
Сапарбаевтың санын көбейту керек!

Наурыздың соңғы аптасы әкімдер мен мемлекеттік қызметкерлерде біліктілік қалмағанын тасқа таңба басқандай айқындап берді. Ақтөбеге іссапармен барған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев көпшілік алдында сырын айтамын деп шынын айтып кетті. «Көп нәрсеге көз тойдырған» үкімет жетекшісі Б.Сағынтаев: «Ақтөбенің ерекше аурасы ма, ол жағын

4 сәуір 2017
Сапарбаевтың санын көбейту керек!

Наурыздың соңғы аптасы әкімдер мен мемлекеттік қызметкерлерде біліктілік қалмағанын тасқа таңба басқандай айқындап берді. Ақтөбеге іссапармен барған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев көпшілік алдында сырын айтамын деп шынын айтып кетті. «Көп нәрсеге көз тойдырған» үкімет жетекшісі Б.Сағынтаев: «Ақтөбенің ерекше аурасы ма, ол жағын білмеймін.

30 наурыз 2017

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі бақытты елдердің (World Happiness Report 2017) рейтингін жариялады. Бұл тізімде «жер-жаһанды мойындатқан», «халықаралық қақтығыстарға төрелік айтқан», «аймақта оқ бойы озып, өзгелердің аузын аштырып кеткен» деп сипатталып, мақталатын Қазақстан ең бақытты елдермен терезесін теңестіре алмады. Қайта, керісінше, аста-төк байлығына қарамастан кері кетіп, алты сатыға төмендеп (өткен жылы 54-орында болатын), 60-орынға әрең тұрақтаған. Нағыз бақыттың құшағындағы үздік үштікке Норвегия, Дания және Исландия енген. Ал шын бақыттың бесігіне айналған он мемлекеттің ішінде Швейцария, Финляндия

28 наурыз 2017

Әрине, премьер-министрдің орынбасары деген қызмет өте үлкен лауазым ғой. Облыс әкімдері қызмет ауыстырып, министр боп тағайындалып жатса, ел «бұдан гөрі облыс әкімі боп жүргені дұрыс па еді?..» деп министр қызметін менсінбей қалатыны бар. Ал алда-жалда премьер-министрдің орынбасары креслосына жайғасып жатса, жұрт ол әкімді «бәрекелді, қызметі өсіп кетті» деп мақтар еді. Бәлкім, енді бір аттаса үкімет басшысының өзі боп шыға келмесіне кім кепіл дейтін шығар... Дегенмен де соңғы жылдары премьер-министрдің орынбасары қызметіне келгендер көп тұрақтамай жүр. Рас болса, Ақордаға жақын жүрген ағайындардан естігеніміз, бас уәзірдің

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»