1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15528) 3 қыркүйек, жұма 2010
26 тамыз 2010

Өткен аптада Ереванда Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымының бейресми жиыны болып өттi. Бұл жиын­ға Беларусь президентi А.Лукашенконың келу-келмеуi белгiсiз едi. Тiсқаққан сарапшылар Ресеймен арадағы ақпараттық соғыстан соң, әсiресе батьканы әбден масқаралаған фильмдерден кейiн Лукашенко Ереванға аттап баспайтын шығар дескен. Оның үстiне Ресей президентi Д.Медведев Беларусь президентiмен екi­жақты кездесудi жоспарламаған-ды. Ақпараттық соғысты қыздырып жүрген ресейлiк бұқаралық ақпарат құралдары да Медведев Лукашенкомен кездесу түгiлi, әңгiмелеспейдi де деп гулеткен.

12 тамыз 2010
“Қаңғып келген шүрегейдiң”, яғни Колбиннiң тұсында бiздiң бiр кексе журналисiмiздiң Шымкент облысын (бүгiнгi Оңтүстiк Қазақстан облысын) “ескiлiктiң ұясы” деп сынап-мiнегенi бар. Марқұм Оралхан Бөкей, ол кезде Орағаң “Қазақ әдебиетi” газетi бас редакторының орынбасары едi, газеттiң жас журналис­терiн жиып алып:– Бiле бiлсек, Шымкент облысы – бiздiң алтын қорымыз. Қазақтың, ұлттың алтын қоры. Тiлiмiздi де, дiлiмiздi де, дiнiмiздi де, дәстүрiмiздi де сақтап отыр­ған кiм? Шымкент облысы. Мәселен, менiң шығармаларымды қадағалап оқитын оқырмандардың 90 пайызы – шымкенттiктер. Өзге облыстардан бiр хат алған кезде, Шымкент облысынан 10 хат алам мен. Бетi бүлк етпей “ескiлiктiң ұясы” дептi... Ал ендi шын түсiне алсаңдар, ескiлiктi сақтау да – естiлiк. 
12 тамыз 2010
«ОТАНДАСТАР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ЕНГIЗГЕН ӨЗГЕРIСТЕРI АРҚЫЛЫ КРЕМЛЬ ОСЫНДАЙ ҰРАН ТАСТАҒАН ЖОҚ ПА?
«Орыс картасы», «Ресей отандастары» деген ұғым және оны iске асыру жобасы пайда болғанда, қазақстандық қоғам дүр сiлкiнiп, бұған қатысты әртүрлi пiкiрлер айтылған-ды. Қызу талқының мән-жайы Кремльге де жеттi ме, әйтеуiр бұған қатысты Ресейдiң экс-президентi В.Путин де өз түсiнiктемесiн берген едi. Ол «отандастар» ұғымына қатысты былай дедi: «Отандастар деге­нiмiз кiмдер? Бұл – ресейлiктер, яғни Ресей аумағында өмiр сүретiн бiздiң елдiң азаматтары. Ал сiздер үшiн «отандас» деп кiмдi айтуға болады? Бұл – қазақ елiнiң аумағында тұратын қазақстандық азаматтар деген сөз. Осының ара жiгiн айырып алғанымыз жөн болар. Бiзде бөтен пиғыл жоқ екенiн есте тұтқан абзал». Содан берi бiрнеше жыл өттi. В.Путиннiң Ресей билiгiне келуi бұл елдi жаңа белеске көтергенi мә­лiм. Ресейлiк билеушiлер (КСРО ыдыраған соң) өздерi­нiң жеке амбициясын ұлттық мүд­деден жоғары қоймайтынын анық көрсеттi
15 шілде 2010
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ ТҮСIНЕ ДЕ КIРМЕЙДI. СТАТИСТИКА АГЕНТТIГI ЕЛIМIЗДЕ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ 74 791 ТЕҢГЕ ДЕЙДI. СIЗ БҰҒАН СЕНЕСIЗ БЕ?
ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2010 жылдың мамыр айында орташа есеппен Қазақстанның әрбiр азаматына 39 120 теңге кiрiс кiрдi. Орташа айлық жалақы 74 791 теңгеге жеттi. Жұмыссыздар саны – 495 900, жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретiнде тiркелгендер – 69 500 адам. Төрағаның дерегiне жүгiнсек, Қазақстандағы жұмысқа қабiлеттi азаматтардың 5,7 пайызы ғана екi қолға бiр күрек таба алмай жүр. Ал белгiсiз жұмыссыздар – 0,4 пайыз ғана. Бұл деректер ақиқаттан алыс жатқан жоқ па? Таразылап көрелiк.
8 шілде 2010
АБАЙЛАСАҢ ПАЙДА, АБАЙЛАМАСАҢ АПАТ КЕЛТIРЕДI
Биылғы жылдың алғашқы күндерi Қазақстандық «Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық компаниясы уран шикiзатын өндiруден ғалам елдерi арасында бiрiншi орынға шыққанын және жалпы өндiрiлген шикiзат өнiмiнiң 13 665 тоннаны құрағанын, екiншi жүлделi орынға 9 934 тонна өндiрген Канаданы ысырып, уран қоры жағынан ғаламда бiрiншi орын алатын құрлық – мемлекет Австралияны да үшiншi көрсеткiшке, яғни 8 022 тоннамен артқа тастап кеткенiн жариялап, сүйiншi сұрады. Алайда бұл көрсеткiш «Қазатомөнеркәсiп» АҚ бұрынғы басшысы М.Жәкiшовтiң 23.11
24 маусым 2010

Белгiлi ғалым, академик Мұфтах Диаров Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы аса мол көмiрсутегi қорын игеру барысындағы болуы мүмкiн апаттарға ғылыми болжам жасайды. 2010 жылғы сәуiрдiң 23-iнде Мексика бұғазында мұнай төгiлдi. Әртүрлi ақпарат көзi 27000 тонна мұнай рәсуа болғанын айтады. Төгiлген мұнайды жинақтау iсiне 97 мың адам мен 670 кеме тартылған. Бұл оқиға бүкiл АҚШ халқын дүр сiлкiндiрдi. Еске түсiрсек, дәл осындай апатты жағдай бiзде де 1985 жылы маусымның 25-iнде болған едi. Академиктiң терең зерттеулер мен нақты сараптамаларға сүйенген бағамдары мұнайлы елдiң қаралы ертеңiнiң нақты көрiнiсi iспеттi.

22 маусым 2010

«Жас Алаш» газетi белгiлi саясаткерлердiң, қоғам қайраткерлерi мен партия жетекшiлерiнiң басын қосып, дөңгелек үстел өткiздi. Оған «Азат» партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай, Коммунистiк партия жетекшiсi Ғазиз Алдамжаров, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов, белгiлi ақын, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Темiрхан Медетбек, «Мемлекеттiк тiл» қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов, Қазақстан журналистер одағының жетекшiсi Сейiтқазы Матаев, «Әдiл сөз» халықаралық қорының төр­а­йымы Тамара Калеева және «Жас қазақ үнi» газетiнiң бас редакторы Қазыбек Иса, «Свобода слова», «Жас Алаш» газетiнiң тiлшiлерi Мирас Нұрмұхамедов, Жанболат Мамай қатысты. Оқырман назарына осы жиында айтылған ой-пiкiрлердi ұсынамыз.  

17 маусым 2010

Қоғамдық пiкiрдiң қызу талқысына түскен «Ұлт көшбасшысы» туралы заң жобасы қабылданып, күшiне ендi. Президент Назарбаевтың баспасөзде мәлiмдеме жасап, одан «бас тартуына» қарамастан. Мемлекет басшысының пiкiрi БАҚ-та жариялана салысымен билiктiң «бұлбұлы» Ермұхамет Ертiсбаев «президент бұл заң жобасына вето қойған жоқ, одан түбегейлi бас тартпады, ал вето қойылмаған заң бiр айдан соң ресми баспасөзде жарияланып, ол күшiне енген болып саналады» деген едi. Шын мәнiнде солай болып шықты. «Елбасы ерледi», «президент дұрыс iстедi», «мемлекет басшысының көреген саясатының нәтижесi» деп бөркiн аспанға атқан билiкшiл топтар да, «масқарадан аман қалдық», «абыройымызды сақтадық» деген тоқтамға келген тәуелсiз сарапшылардың да айтқанын жоққа шығарды.

15 маусым 2010

ЕЛ ТӘУЕЛСIЗДIГIНЕ ШОҢ ҚАТЕР ТӨНДIРЕДI

Маусымның 10-ынан  11-iне қараған түнi Қырғызстанның екiншi iрi қаласында жергiлiктi ұлт өкiлдерi мен этникалық өзбектердiң арасында кикiлжiң басталды. Бейресми деректерге сүйенсек, қақтығыс Оштағы ойынханалардың бiрiнде тұтанып, ары қарай ұлтаралық араздыққа әкеп соққан. Оштағы оқиғаларды көзiмен көрген адамдардың айтуына қарағанда, өзбек пен қырғыз арасындағы қарулы қақтығыс бiрден тұтанған. «Жастардың қолында қару-жарақ, соғысқа қажеттi құрал-саймандардың бәрi болды», – дейдi олар. Бiрнеше күнге созылған қақтығыстың нәтижесiнде қаза тапқандардың саны 100-ге жеткен. Бiр мыңнан астам адам жараланған.
1 маусым 2010

Мiне, тура екi айдан асып барады, теледидарды ашып қалсаң да, радионы басып қалсаң да, сол баяғы бiр әңгiме: «ұлт көшбасшысы...». Құдай-ау, Қазақ мемлекетi мен қазақ мемлекеттiлiгiнiң төрт құбыласы түгелденiп бiтiп, ендi күллi тiрлiгiмiз бен мақсатымыз, барша мұратымыз бен миятымыз осы «ұлт көшбасшысы» деген атауға тiрелiп тұрғандай-ақ, соншама желiккенiмiз қай қылғанымыз? Халыққа, ұлтқа, Қазақстанымызға ауадай қажеттi №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7 мәселелердi көтерiп жатсақ бiр сәрi, егер маңыздылығы мен мәнiне қарай, салмағы мен құндылығына қарай нөмiрлесек, №950 болатын (бәлкiм №1050, тiптi №1150 болуы да!) қисынсыз, қиуасыз, беймезгiл әрi орынсыз

27 мамыр 2010
ДЕГЕНГЕ СЕНБЕСЕҢIЗ, ЕРКIҢIЗ БIЛСIН. ДЕРЕКТЕРГЕ ЖҮГIНЕЙIК
...Бакиев Шым­кент­тi шулатып жатыр. Көршiлес қырғыз елiнде айыр қалпақты ағайындардың құқығын аяққа таптаған Құрманбек Бакиев абыройы айрандай төгiлiп, би­лiктен айырылды. Ал Шымкент­те құ­рығы ұзын дейтiн құзырлы мекемелер В.Бакиев шектен шыққан заңсыз әрекеттерге барса да тәр­тiпке шақыра алмай шарасыз күй кешумен ғана шектелмей қайта оны жанұшырып қолдап, қорғап отырғандары қайран қалдырады. Нақты айғақ керек пе? Айтайық.
20 мамыр 2010

ОЛ НЕЛIКТЕН ТАСҚАРАСУДА ЖЕЛБIРЕДI? БҰЛ ҰЛТАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕНI УШЫҚТЫРМАЙ МА?

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылында шу шықты. «24 сәуiр күнi ауыл тұрғыны Хамра Намановтың баласы үйлендi. Жастар серуенге шыққан кезде Адылжан Тохтахунов жеке көлiгiнде Шығыс Түркiстанның туын көтерiп, Жiбек жолы бойымен Рахат ауылының арасында жүрдi. Шығыс Түркiстанның туы, елтаңбасы ұйғыр ағайындардың киiмдерiнде, көлiктерiнде iлiнiп жүр. Тiптi, әнұранымыздың сөзi бұзылып, «Қазақстаным» дегеннiң орнына «Ұйғырстаным» дейтiн оқушылар бар. Қазақстан жерiнде неге мұндай бассыздыққа жол берiлуде?»

12 мамыр 2010

Қазақтың қаһарман ұлы, авиация генарал-майоры, үш мәрте КСРО Жоғары Кеңесiнiң депутаты болған, екi мәрте Кеңес Одағының Батыры, сондай-ақ, соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн «Қызыл Ту», екi рет 1-шi және бiр рет 2-дәрежелi «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Ленин» «Александр Невский», 3-дәрежелi «Даңқ» және басқа да бiрнеше орден, медальдармен марапатталған, Ұлы Отан соғысында 305 жауынгерлiк ұшуды орындаған, 500 сағат өмiрiн аспанда өлiм мен өмiр арасында өткiзген, көзi тiрi кезiнде-ақ ерлiгi аңызға айналған Талғат Бигелдинов жеңiстiң 65 жылдық мерейтойында елеусiз қалды.

5 мамыр 2010

НЕМЕСЕ ҰЛТБЕЗЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Мұхтар Мағауин былай деп жазады: «Мұндай қоңыр көз, қыр мұрын, шықшытты сары қазақтар қай ауылда болмасын ұшырасып қалар едi... Әйтсе де, негiзгi белгi – тiл. Менiң байқауымша, күнделiктi қолданыстағы әдепкi, негiзгi тiл адамның ұлттық кейпiне тiкелей әсер етпек. Өзiндiк артикуляция – бет-ауыздың сөз, дыбыс ерекшелiктерiне қарайлас қозғалысы – кiсiнiң түр-әлпетiн қалыптайтын сыпаттардың бiрi. Сондықтан да мен тумыстағы тiлiнен мүлде ма­құрым, тек орысша ғана сөйлейтiн қазақтарды көбiне-көп сырттай, бiр қарағаннан-ақ танитын едiм. Олардың қалған қазақтан басқашарақ бiтiмi қапысыз аңдалатын».

27 сәуір 2010

МАРЧЕНКОНЫҢ ТҮПКI ОЙЫН ҚАЛАЙ ТҮСIНЕМIЗ?

Өткен аптада Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко Profinance.kz сайтында өткен онлайн конференцияда бiрқатар сұраққа жауап бердi. Онлайн конференцияда қойылған сұрақтардың денi бас банкир онсыз да үнемi жауап берiп жүрген, айта-айта әбден жауыр болған жайттар. Зейнетақы қорларының кемшiлiктерi қандай, қандай зейнетақы қорындасыз, дағдарыстың түбiне қашан жетемiз, оны қай уақытта еңсеремiз, теңге бағамы қандай болмақ дегендей. Жаңадан қабылданған қаржы секторын дағдарыстан кейiнгi даму тұжырымдамасына қатысты да бiрнеше сұрақ қойылыпты. Десек те Григорий Александрұлының шамына тиген сұрақтар да жоқ емес.

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6»