1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Депутат Тито Сыздықов Анкарадан бұрын Н.Назарбаевқа ескерткiш Астанада қойылуы керек екенiн айтты да, шек-сiлесi қата күлдi. Ол неге өйттi?
Кеңес өкiметiнiң көсемдерi туралы анекдот есiне түскендiктен (17.7%)
Не айтып тұрғанын өзi де түсiнбей қалғандықтан (26.2%)
Жағымпаздығын жуып-шаюды ойлағандықтан (46.8%)
Түрiктердiң әрекетi күлкiлi көрiнгендiктен (9.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15475) 2 наурыз, сейсенбі 2010
2 наурыз 2010
Тәуелсiздiкке төнген қатер бар

ОСЫНЫ ТҮСIНЕТIН ӘРI ТҮЙСIНЕТIН КЕЗ ЖЕТТI

Тәуелсiздiкке қатер төндi. Бұл көзқарас бүгiнгi жұртшылықты қатты мазалайды. Неге олай дейсiз ғой? Бiр қарағанда, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз заң жүзiнде бекiтiлген, Қазақстан барлық халықаралық ұйымдардың дербес мүшесi ретiнде қабылданды, елiмiздiң астанасы орнында тұр, билiктiң барлық тармақтары өзгеде емес, өзiмiздiң қолымызда, әнұранымыз, елтаңбамыз, егемендiктiң барлық символдары сақталған. Ендеше, қара бұлтты төбемiзге үйiрiп, «тәуелсiздiкке қатер төндi» деп дабыл қағудың ретi бар ма? Жоғарыда келiтiрген мәселелерден басқа елдiң егемендiгiн, мемлекеттiң тәуелсiздiгiн белгiлейтiн басқа да факторлар болады. Мiне, осындай проблемаларға қарасаңыз, онда Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiгiне шын мәнiнде қатер төнгенiн анық байқайсыз.
 
Мәселенi әрiден бастасақ. Қазақстан өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн бұрынғы КСРО елдерiнiң iшiнен ең соңғысы болып алды. Себебi, тәуелсiздiктi қазақ билiгi (халқы емес) армандаған да, аңсаған да жоқ болатын. «Амалсыздан» егемендiктi қабылдауға «мәжбүр болдық». Мәскеу әуежайында КСРО-ның ыдырауына байланысты БАҚ өкiлдерiне пiкiр бiлдiрген Назарбаевты көрсеңiз сонда. Өкiнiштен өзегi өртенiп, алып державаның құлағанына қатты налып тұрған адамның бейнесi. Мұны елiмiздiң телеарналары да көрсеттi.
Мемлекет тәуелсiз болған соң, Қазақстан өзiн үш ғасырға жуық бодандықта ұстаған Ресей империясының ұлтсыздандыру әрi рухсыздандыру саясатын әшкерелеп, отарсыздандыру процесiн қолға алуы керек едi ғой. Бiрақ, мұның бiрiн де қазақ билiгi қолға алған да, жүзеге асырған да жоқ. Қайта бұрынғы отарлаушы елдiң ұлтсыздандыру саясатын ары қарай жалғастырып, оны қатерлi қарқынмен жүзеге асыра бастады. Бiз ақпараттық, рухани, тiлдiк, мәдени, дүниетанымдық бодандықта қалып отырмыз. Ресейдiң құшағында тұншығып, Кремльдiң ықпалынан әлi құтыла алмадық. Сонымен қатар, Қазақстан, Белоруссия, Ресейдiң басын қосқан, Кедендiк одақ та бүгiнгi таңда елiмiзге, қазақ мемлекеттiлiгiне қатер төндiретiн бiрден-бiр бастама екенi даусыз. Бiр кездерi әсiреұлтшыл Александр Дугин былай деген едi: «Я думаю, если дружественные нам страны, такие как Казахстан и Белоруссия, вдруг от нас отвернуться, этих стран больше не будет существовать». Ресейдiң империялық көзқарасының жаршысына айналған Дугиннiң бұл сөздерi тегiн айтылған жоқ. Қазақстан да, Белоруссия да көп ұзамай Кедендiк одақ қатарына өттi. Бұл одақтың экономикалық шығындарын былай қойғанда, мемлекеттiгiмiзге нұқсан келтiретiнiн де ұмытпаған абзал. Қазiр қоғамда айтылып жүрген пiкiрлерге сүйенсек, Кедендiк одаққа мүше елдердiң шекарасын Ресей әскерлерi күзетпек. Егер бұл расқа айналып, орыс әскерi қазақ шекарасына келсе, онда бұл мемлекеттiгiмiздi құрдымға кетiрерi даусыз. КСРО-ның жаңартылған нұсқасын еске түсiретiн Кедендiк одақты бүгiнгi күннiң ең iрi қатерi екенiн түсiнетiн кез жеттi.
И.Тасмағамбетов үкiметiнiң бастамасымен қабылданған «Жер кодексiнiң» арқасында қазақтың жерi тiстегеннiң аузында, ұстағанның қолында кеттi. Таяуда ғана Қытайға жер беруге қатысты үлкен дау-дамай туғанын ел бiледi. Мұны халықтық қарсылық қана тоқтатты. Бiрақ, ел болып, ұлт болып ұйысып, бiрiгiп, бұған қарсы тұрмағанда не болар едi? Жоғары билiк өкiлдерi Қытайға жердi ұстатып жiберер едi. Бұл – сөзсiз ақиқат. Десек те, екi арада келiсiм болған соң Ақорда мұны ерте ме, кеш пе, қайтадан ортаға салуы ықтимал. Егер Қытай елiмiздiң аумағынан ойып тұрып орын алса, қазақтың өзi де, оның мемлекеттiк егемендiгi де келмеске кеттi дей берiңiз. Шағын ғана халқы бар Қазақстан алып Қытайға қай жағынан болсын еш қарсы тұра алмасы анық. Терещенконың Израильге жер ұсынғанын да айттық. Қазақтың жерi де, елi де ат төбелiндей топтың қолына өттi. Алтынбек Сәрсенбайұлы айтпақшы, мемлекет «Назарбаевтың жабық акционер­лiк қоғамына» айналды.
Бүгiнгi билiк «саяси тұрақтылық» жөнiнде көп айтады. Саяси тұрақтылықты бiр адамның билiгiмен байланыстырады. Шын мәнiнде, бiр адамның билiк құруы саяси тұрақтылыққа жата ма? Қайта бұл – нағыз саяси тұрақсыздық емес пе? Бүгiнгi мемлекет басшысы да басқалар сияқты екi аяқты пенде. Ертең не боларын, қандай жағдайға тап келерiн ол да бiлмейдi. Сонда алай-бұлай жағдай туындаса, мемлекеттi кiм басқарады? Билiктi кiм қолына алады? Жоғары билiк үшiн түрлi топтардың арасындағы қақтығыс өршiп, мұның арты мемлекет үшiн қатерлi жағдайға әкеп соқпай ма? Бұл да бүгiнгi қоғамды мазалайды, ойлантады.
Президент отбасының мүшелерi саясатқа да, бизнес саласына да дендеп енгенi белгiлi. Бiрақ, олардың өзара қақтығысы жайында қазiрдiң өзiнде көп айтылып жүр. Мемлекеттiк төңкерiс дайындауға әзiрленiп, қару-жарағын сайлап қойған Рахат Әлиев елден қашып тынды. Оның құдiреттi ақпараттық тобының       быт-шыты шығып, ыдырады. Мемлекет басшысының ортаншы күйеу баласына қатысты дау да басылар емес. Оның ұлттық компанияларда жасаған «жұмысы» туралы Мұхтар Әблязов көптеген құжаттарды құзырлы органдарға тапсырды. Құлыбаевтың әкесi Асқар да ұлының жоғары билiктен дәмелi екенiн жасырмайды. Бiр сөзбен айтқанда, президенттiң отбасы iшiндегi тартыс та қазақ мемлекеттiлiгiне нұқсан келтiрiп, тәуелсiздiгiмiзге қатер төндiруi бек мүмкiн.
Бұдан басқа да көптеген факторларды тiзiп беруге болады. Жемқорлықтың кеңiнен белең алуы, парақорлықтың қоғамда дендеуi қатерлi сипатқа ие болды. Бүгiндерi қазақстандық азаматтықты да, төлқұжатты да жемқор шенеунiк­терден оңай сатып алуға болады. Осындай жолмен елiмiздiң азаматы атанған адамдардың саны қаншама? Қысқасы, бүгiнгi билiк жүйесi iштен iрiп, мемлекеттiң келешегi үшiн, тәуелсiздiк үшiн жауапкершiлiктiң жүгiн арқалай алмайтын деңгейге жеттi. Ол елiмiздiң ертеңi үшiн емес, өз-өзiмен, өзiне қарсы шыққандармен алысып әлекке түстi. Тарихи жауапкершiлiк, мемлекетшiлдiк пен ұлттық мүдде тәрiздi мәселелердi жадынан шығарып, бойынан алыстатты. Бүгiнгi билiк жүйесi мемлекеттi өрге сүйрейтiн бастаушы күшке емес, қайта оны құрдымға итеретiн халықтың масылына айналды. Ол билiктi ешкiмге де бергiсi келмейдi, бiрақ ұлт үшiн де жұмыс iстеуге қауқарсыз. Одан жаңалық пен үмiт күту – бос әурешiлiк. 20 жылда ұлт үшiн еңбек етпеген билiктен бұдан кейiн не сұрайсыз? Ендi жұмыс iстейдi, қызмет етедi дегенге сенесiз бе? Жоқ! Әр нәрсенiң өз орны, өз уақыты болады. Бүгiнгi билiктiң өзi ескiрдi, уақыты өттi. Осыны мойындауы әрi түсiнуi керек. Қазақ халқы да, мемлекет те бүгiнгi билiк жүйесiнiң орнына жаңа күштер келгенде ғана басқаша сипатта дамып, еңсесiн тiктеуiне сене алады.
Осындай жағдайда халық не iстемек? Қоғамды да, өзiн де бүгiнгi билiк жүйесiнен кейiн билiкке келетiн уақытқа дайындауы қажет. Бүгiн айтылып та, жазылып та жүрген нәрселер – таяу болашақта iске асатын жобалар. Қазiргi кезеңде оның жүзеге аспайтыны, орындалмайтыны анық әрi айқын. Тәуелсiздiк үшiн күресу керек. Ең бастысы, қауiп-қатердiң бар екенiн, оның жақын қалғанын сезiп, ұлтты сақтауға, өз-өзiмiздi қорғауға күш салғанымыз жөн.   
Жанболат МАМАЙ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (21)
Асан кайғы | 2 наурыз 2010 12:11
айтамыз да қоямыз.
Ақжол | 2 наурыз 2010 13:07
Жанболат бауырыммен толық келісемін. Бүгінгі ел билігі іріп-шіріп барады, ендігі жерде бұл билік ұлт үшін бірдеңе істейді деуге сенім жоқ. Ең бастысы, дұрыс айтасың, тәуелсіздік үшін жатпай, тұрмай күресу керек. Егер біз қазақ болып өзімізді өзіміз қорғамасақ, Назарбаевтан қайырым жоқ. Бұл ащы да болса солай.
Берик | 2 наурыз 2010 13:25
айытканынын жаны бар осы кедендик одактын беталысы жаман, булар тагы бир сумдыкты ойлап табама деп коркам. Карапайым халык биз не истей аламыз? Аллах тагала казах машинасын айдап келе жаткандарга акыл берсин. Амин.
Батыр | 2 наурыз 2010 14:04
Жанболат айналайын оны бізздер осыдан он жыл бүрын түсіндік Бірақ одан корқпа Ресейден түкте шықпайды өздері безіп жүр Қытайдан қоркү керек Содан баратын жолымыз тек қана әділ демократия одан баска жол жоқ Ата бабаларымыз нағыз демократиямен неше ғасыр өмір сүрген сондықтан біз Америкамен болуымыз керек Ел болып қаламыз десек
Айсулу | 2 наурыз 2010 14:57
Иә, қазақтң тағдыры? болашағы белгісіз???
Үлтжанда | 2 наурыз 2010 15:31
Бай елміз деп жүрсекте де қоғамда байлар мен кедейлер мен парқы өте зор , билікпен призидентіміздін айналасындағы туыстарының мол ырғынға батуы , тіпті мәнсәпқа таласуы , үкіметті тығырықа тіреп ыдыратып жіберуы мүмкін міне біз бүны тәуелсіздіке төнген қатердер едік сондықтан бір адамның өмір бойы мәнсәп үстауы еш қандай ғылымилығы жоқ , қүрдымға апаратын жол деп білеміз !
Ардақ | 2 наурыз 2010 16:44
Қазақ тұңғыш президентін өзі сайламай, бұдан әрі мемлекетінің ғұмырын жалғастыра алмайды. Мәскеудің тағайындаған президентінің қазақты ұшпаққа шығармасы, тек шетелдік пайдакүнемдер мен отбасының байлығын ойлаудан басқа шаруаға шабан екені ендігі анық көрініп тұрғой.
Біреу | 2 наурыз 2010 18:53
Әйтеуір тілдерің сайрасын !!! Басқа не келеді қолдарыңнан ...
Біреу | 2 наурыз 2010 19:01
Әйтеуір тілдерің сайрайды. Басқа не келеді қолдарыңнан.
Еркін | 2 наурыз 2010 20:15
менше жамандай беруден ештеңе өнбейді. жамағат боп жиналып, қытайдан жерді уақытша алып қалғанымыз сияқты, тәуелсіздік жанашырлары бірігіп өкіметке қарсылық көрсету керек.
Сатиев Б. | 2 наурыз 2010 22:46
... Казакстанда жеке баска табынушылык белен алып бара жатыр. Билiктен Назарбаев кетпей ештенеде озгермейдi...
Әсия Өміршеқызы,Атырау | 3 наурыз 2010 04:32
"Бүгiн айтылып та, жазылып та жүрген нәрселер – таяу болашақта iске асатын жобалар. Қазiргi кезеңде оның жүзеге аспайтыны, орындалмайтыны анық әрi айқын. Тәуелсiздiк үшiн күресу керек. Ең бастысы, қауiп-қатердiң бар екенiн, оның жақын қалғанын сезiп, ұлтты сақтауға, өз-өзiмiздi қорғауға күш салғанымыз жөн."
"Керемет айтылған!!! "Тек Жанболат бауырым, Асан қайғы айтқандай айтамыз да қоямыз ба?! Айтқандарыңа өзің сенбейсің.Тәуелсіздік мәселесі қашанғы "болашақтың ісі бола бермек?" Өз елімізге, өз жерімізге ие болу ісі қашанғы "таяу болашақта іске асатын жобалар" болып қала бермек? 20 жыл аз ба? Қазіргі кезде оның жүзеге аспайтынына, орындалмайтынына сенетін болсаң, ҚАЗАҒЫМның нағыз шынайы тәуелсіздікке қол жеткізетініне сенбесең - қағазды шимайлаудың қажеті жоқ! Сөзді қару еткен - іске шақыра білу керек. Білген аз. Сол білгеніңнің арқасында іс,ама-әрекет істейік - міне,бұл нағыз ердің, өз елін сүйген азаматтың ісі. Дәл бүгін, осы сағаттан, осы минуттан, осы сәттен бастап НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? - соны айтайық, елді сол іске жұмылдыра білейік!!!
Нұратан | 3 наурыз 2010 08:43
Қытайға жем болмас үшін Нұрекеңе Бейжіңнен биіктігі 500 м ені 50 м ескерткіш орнатуымыз керек болашақ қазақтың астанасы ғой...
Нағашыбай Есмырзаев | 3 наурыз 2010 09:44
20 жылда ұлт үшiн еңбек етпеген билiктен бұдан кейiн не сұрайсыз? Ендi жұмыс iстейдi, қызмет етедi дегенге сенесiз бе? Жоқ!
-----------------------------------------------------------------
Осыны түсінгеніңе рахмет!
Мұрат Керей | 3 наурыз 2010 13:12
Әсия Өміршеқызы сізге толық келісем. біз Алматыда сіз айтып отырған бйлікке қарсы күресті бастап кетік, алла қаласа 20 науырызда алаңға шығамыз, халық өз ой пікірін айтады, барлық елін, қазағын сүген азамматтармен азаматтшаларға бізді қолдап митингге қатысұға шақырамыз.
тел: 8(727)226-06-89, 226-07-71, 8 701 777 34 10
Қазақ ұлтжандылары.
сәндібек | 3 наурыз 2010 14:25
- Әр заманның өз материалы, кермек шындығы болады. Қазіргі кезең таңданудың кезеңі емес. Таңдана білмегендіктен де ешкімді таңдандыра алмай жүрміз. Бұлдыр шешімдерге, қалаусыз қадамдарға таңданғандай сөз айтып, байбалам салған әңгімелерден аса алмай жатырмыз. Наполеон айтқандай "саясаттағы ақылсыздық пен ақымақтық кемшілікке саналмайтыны" көрініп тұр. Белгілі жайларды айта бергенше, істер амалдарды атап-атап айту керек шығар.
Алматылык | 3 наурыз 2010 21:25
халкы кандай болса президентi сондай
Мүсәпір | 3 наурыз 2010 21:42
Сіздерде қандай жоспар бар?! Не ұсынасыздар? Жоспарларыңызды қалай іске асырасыздар?
Өзбек | 4 наурыз 2010 08:57
Байқоңырды 10 жылға жалға берген жөн емес пе? Сонда келешекте өз мүддемізді қорғауға жақсы болмай ма? Кейін үш тілдің түкке қажеті жоқ. Өйткені Ресей халқы да ағылшын тілін жаппай үйреніп жатыр. Біз де орыс тілін оқымай ағылшын тілін ғана үйренсек орыстармен ағылшынша сөйлесе бермейміз бе? Сондықтан Білім министірі күштеп енгізбек болып отырған орыс тілінен ел болып бас тарту керек. Ұлтты жоюға бағытталған "Үш тұғырлы" тілді түп тамырымен құрту керек.
Майлыбай | 27 наурыз 2010 09:23
Әбіш, Олжас сияқты "зиянды" қауымның көмегімен осындай жағдайға жеттік. Кеш емес. Біріксек біз көппіз. Болашағымыз үшін солай істемесек болмайды. Көпке топырақ шаша алмайды. Меніңше, 11 сәуірден бастап, бүкіл қазақстандық қарсылық акцияларын өткізе беру керек. Биыл ОБСЕ төрағасы ерсі қылықтарға бара алмайды. Халықтың көзін сөйтіп ашу керек. Қозғалысты бүкіл республикалық қылу керек!
беттер:1 / 2»
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар