1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (16174) 16 қараша, сәрсенбі 2016
16 қараша 2016
Қазақстан – қауiптi елдер қатарында
Қазақстан туристер үшiн қауiпсiздiк дең­гейi орта мемлекет­тердiң қатарына кiрдi деп хабарлайды Риа Новости агенттiгiне сiлтеме жасаған ҚазАқпарат.  Сарапшылар туристер үшiн 2017 жылғы ең қауiптi елдердiң интерактивтi картасын жасаған. Интерактивтi картаның авторы – Interna­tional SOS медициналық сервис компаниясы.
Онда 2017 жылы саяхаттауға болатын ең қауiптi және қауiпсiз мемлекеттердiң тiзiмi жарияланған. Компанияның сайтындағы картада әр мемлекет өзiнiң қауiпсiздiк деңгейiне қарай түрлi түстермен әрленген. Ең қауiптi өңiрлер мен мемлекеттер қою қызыл түспен белгiленген. Олар: Ливия, Мали, Оңтүстiк Судан, Йемен, Сирия, Ауғанстан мен Венесуэла. Осы тiзiмге Конго, Сомали, Судан сияқты өзге де бiрқатар мемлекеттердiң кейбiр аудандары кiредi. Ал туристер үшiн аздап қауiпсiздеу мемлекеттер ақшылдау түспен белгiленген. Бұл тiзiмге Мексиканың кейбiр штаттары мен Колумбия, Эквадор, Нигерия, Пәкiстан, Үндiстанның кейбiр аймақтары мен өзге де жерлер кiрген. Ал Бразилия, Боливия, Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Украина сияқты бiрқатар елдердi сарапшылар туристер үшiн қауiпсiздiк деңгейi орташа елдер қатарына жатқызыпты.
Қ.БАЯН
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар