1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
27 желтоқсан 2016
Мадақтың құны

Естерiңiзде болса, газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Иманғали Тасмағамбетов қағандарға неге соқтықты?” деген мақала жариялаған едiк. Қисыны “Қыжыртпа” айдарына сұранып тұрған соң, “неге” деген сауалға жауап беруден гөрi президенттi қағандармен салыстыруға сан түрлi iлiк таба бiлген Иманғалидiң “қағылездiгiне” көбiрек мән берiлген-тiн. Дегенмен оқырман үшiн сол сауал әлi маңызын жоймаған екен. Оған редакциямызға түсiп жатқан қоңыраулар дәлел. Ақорда жақтан ызың еткен кез келген дыбыстан астар iздейтiн оқырман Тасмағамбетовтiң аспандата мақтауынан да мән аңғарғысы келетiндей. Әйтсе де бұл тақырыпқа қайта оралуымыздың сыры басқада. Күнi кеше ақпарат айдынына Имекеңнiң мадағымен “мағыналас” бiр ақпарат “топ ете” түстi.

Алдымен мына мәселенiң басын ашып алайық. Жұрт неге Тасмағамбетовтiң мақтауынан мән iздейдi? Қазiр президенттi кiм мақтамай жатыр? Өйткенi Иманғали мақтауды бас-көз жоқ бұттай беру деп түсiнетiн шал-шабырдың қатарынан емес. Керiсiнше, сол шал-шабырдың алдында әжептәуiр абыройы бар адам. Әдебиет пен мәдениет саласындағы қазақ интелегенциясына жасаған қолдауы оны сол шал-шабырға “Иман жүздi Иманғали” етiп көрсеттi. Тiптi жоғары билiкте жиi мадақталатын бiр адам – Н.Назарбаев болса, екiншiсi осы – И.Тасмағамбетов.
Екiншiден, Иманғали қызметiн сақтап қалу үшiн битiн салуға бар шендiлерге де ұқсамайды. Қайта, орайы келгенде өзiмбiлермендiгiн көрсетiп қоюға құмбыл. Рас, президенттi сирек мақтайды. Бiрақ сол сиректiң өзi ауыздыға сөз бермейтiн жалбақайлардың жыл бойы айтқан мадағынан асып түсiп жатады.
Жуырда ол VI ғасырдағы Көк түркiлерден бергi кезеңде Ұлы даланы билеген 128 қаған мен ханның ешбiрi Назарбаев секiлдi шаруа тындыра алмағанын айтты. Неге деген сауалға жауап iздемес бұрын оның осыған ұқсас iлгерiдегi бiр сөзiне назар аударайық: “Елбасы астананы Алатаудан Арқаға көшiрмегенде, қазақ ендiгi “Едiлдi” емес, “Есiлдi” жоқтап қалар ма едi. Осы тарихи шешiм үшiн ғана қазақ халқы елбасының алдында мәңгiлiк қарыздар. Бұл қарыз қарапайым өтеу емес, ұрпақ сүйген елдiң құдайы парызы, сол ұрпақ тұратын жердiң ұдайы мұрасы. Сондықтан да жүрегi өзгешiл сұлтандықты емес, отаншыл ұлтандықты қалап тұратын әз халқымыз әрбiр тамырымен “сүйер елiң болса, сен сүй, тұрар жерiң болса, жұбан” деп тұр”.
Мұны Тасмағамбетов қай кезде айтты деп ойлайсыз? 2011 жылы Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты. Ал оның алдында қандай оқиғалар болып едi? Ендi осыған назар аударайық. 2004 жылдан басталған “Наурыз банк” төңiрегiндегi ию-қию оқиғалар бiрнеше жылға созылды. Алдымен оны парламентте Төлен Тоқтасынов көтерiп, аталған банктың сол тұстағы басқарма төрағасы Оразалы Ержановтың президентке арнаған хатын оқып берген. Осы даудың iшiнде сол кездегi президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi И.Тасмағамбетов пен “Қазақстан темiржолының” басшысы Е.Атамқұловтың аттары аталғаны есiмiзде. О.Ержановтың хатындағы деректерге сүйенсек, 2002 жылы Тасмағамбетов пен Атамқұлов “Наурыз банк” акционерлерi болуға құлшынып, 25 миллион доллар қаржы салуға уағдаласады. Алайда лауазымды шенеунiктер банк төрағасының қолына 10 миллион доллар ғана ұстатып, қалғанын кейiн беруге келiскен. Экс-банкирдiң сөзiне сенсек, екi шенеунiк ақша таба алмай шарқ ұрып, артынан келiсiмнен айнып шығады. Сөйтiп, олар 2004 жылы банктен 10 миллион долларды қайтаруды талап еткен. Мұндай үлкен соманы бiрден қайтарудың мүмкiн еместiгiн, оның бiртiндеп қайтарылатынын айтқан банкирге қысым жасалған. “Президент әкiмшiлiгiнiң басшысы лауазымын пайдаланып, бас прокуратураны қатыстыру арқылы банкке заңсыз қысым көрсеттi” деп едi сол хатында О.Ержанов.
Бұл оқиға немен аяқталды? Банк басшысының шетелге қашып кетуiне байланысты ел арасындағы абың-күбiң әңгiме бiртiндеп ұмытыла бастады. “Наурыз банк” 2005 жылы-ақ банкротқа ұшыраған. Әйткенмен “ұйымдасқан топ құрды”, “3,4 миллиард теңгенi жымқырды” деп айыпталған банк төрағасы 2010 жылы Мәскеуде ұсталып, 2011 жылы Қазақстанға жеткiзiлдi. Және экс-төраға мен оның бiрқатар орынбасарлары сотталып кеттi. Ал банк басшысы айыптаған Тасмағамбетов пен Атамқұловқа қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүрген жоқ. Мiне, И.Тасмағамбетовтiң жыл соңындағы президенттi әсiре мақтауының сырын осыдан iздейтiндер аз емес.


Ендi биылғы мадақтың себебiне үңiлейiк. Биылғы жыл Иманғалиға не бердi? Иә, ол биыл 60 жасқа толды. Бiрақ мұны президенттi мақтауға себеп ретiнде қарастыруға келмейдi. Жаздың күнi журналистер қорғаныс министрiн “жоғалтып алғаны” есiмiзде. Тiптi сол кезде “Иманғали үйқамаққа алынуы мүмкiн” деген де ақпараттар әлеуметтiк желiде желдей ескен. Алайда көп ұзамай Қорғаныс министрлiгiнiң баспасөз қызметi мұны жоққа шығарды. Мұндай әңгiменiң қайдан өрбiгенi, Тасмағамбетовтiң нелiктен журналистер назарынан жырақтап кеткенi сол күйi белгiсiз. Тағы не болды? Рас, апыр-топыр ауыс-түйiстiң кезiнде ол үкiметке қайта оралды. Онда да тура Дариға Назарбаеваның орнына. Сенатқа жылжып, комитет төрайымы атанған адамның орындығына отырса да, қадiрлi қыздың қолының табы кетпеген үстелге жайғасуы оған жеңiл-желпi мәртебе деп айта алмаймыз. Өйткенi жұрт арасында “Дариғаның мандытпаған тiрлiгiн президент Иманғалиға итерiп салды” дейтiн пiкiрдiң айтылары әу бастан белгiлi-тiн.
Бiрақ бұл президенттi аспандата мадақтап, 128 қаған мен ханнан асырып жiберуге себеп бола ала ма? Осы тұста тағы бiр мәлiметтi көлденең тартуға мәжбүрмiз. Жуырда ғана Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты ауқымды операция жүргiзiлдi. Мұнай ұрлады деген күдiкпен дәстүрлi емес дiн өкiлдерi ұсталды. Арнайы операция жүргiзiлген мұнай өңдеу зауытының бас директоры Iлияс Тасмағамбетов деген адам. Оның Иманғали Тасмағамбетовпен туыс екенiн сол тұста бiрқатар ақпарат құралдары жазған едi. Бiр қарағанда, мақтау бiлмейтiн адамның өзiн шешен сөйлеуге мәжбүрлеп-ақ жiберетiн себеп.
Дегенмен соңғысы әрi салмақтысы мынау: Күнi кеше “Қазақстан елiмiздегi iрi банктi құтқарудың алғашқы қадамы ретiнде 1,5 трлн теңге (4,5 млрд доллар) көлемiнде шұғыл қарыз бердi” деп хабарлады Bloomberg агенттiгiне сiлтеме жасаған ҚазАқпарат. Ал шұғыл қарыз қай банкке берiлген? Казкоммерцбанкке! Бұл банктiң директорлар кеңесiнiң төрағасы И.Тасмағамбетовтiң күйеубаласы Кеңес Рақышев екенi белгiлi.
Осыны ескергенi шығар, қазiр “Тасмағамбетов президенттi неге асыра мақтады?” дегендер ендi “Мақтаудың құны қанша?” деген сұраққа ауысқан сияқты. 
                                                                                                                                                                                                Қ.БАЯН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Ореке | 5 қаңтар 2017 23:12
Пікірлер наурыз айына дейін сақталуы тиіс!!!... Өшіруді тоқтатыңдар ЖАС АЛАШТЫҚТАР !!!
Қадыр | 10 қаңтар 2017 00:37
Енді Иманғалиға шықтыңдар ма. Ұят !
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті