1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (16196) 7 ақпан, сейсенбі 2017
7 ақпан 2017
КРЕМЛЬ АСҚАН «КОМСОМОЛ» және тосын тағайындаудың тобықтай түйiнi

Сырттан қараған адамға Ақорданың тынышы кеткендей көрiнедi. Тосын тағайындаулардан жұрт жаңылатын жағдайға жеттi қазiр. Тосынның тосыны – Иманғали Тасмағамбетовтiң Ресей асуы. Бұл – баяғы билiк транзитi туралы әңгiменi қайта қоздырды. Өйткенi И.Тасмағамбетовтiң ел алдындағы азды-көптi беделi мен тұлғалық тұрпаты “тас түскен жерiне ауыр” дейтiн мақалдың мазмұнымен мәндес. Сондықтан да болар, “комсомолдың” Кремль асуын ширек ғасырдан берi болмаған ең iрi ауыс-түйiс қарсаңындағы “артық салмақтан арылу” амалына балайтындар өте көп. Алайда ТАС-тың “қозғалуын” анау айтқандай жаңалыққа жатқыза қоюға болар ма екен?!
 

Бұл тағайындаудың жай-жапсарын президент былайша тәпсiрледi: «Мен Мәскеудегi Қазақстанның елшiсiн тағайындадым. Ол елшi Иманғали Тасмағамбетов болатын болды. Бiрiншiден, бiз үшiн Ресей – өте үлкен көршi, әрiптес, экономика, саясат жағынан өте жақын мемлекет. Ол жерге өте белдi, тәжiрибелi, салмақты, Қазақстан мен Ресейдiң арасындағы жағдайды бiлетiн адам болғаннан кейiн осындай шешiм қабылдадым. Екiншi қабылдаған себебiм, Тасмағамбетовтiң өзiнiң сұрауы солай болды. Өзiнiң ойы, көңiлi. Сол жақта iстеп келемiн деп, менен сұрағаннан кейiн оны да ескерiп, екi жағынан да тура келетiн болғаннан кейiн тағайындадым».
Егер И.Тасмағамбетовтiң өзi сұранғанына илансақ, “екi жағынан да тура” келерiне күмән келтiру қиындау. Бiрақ сол “тура” деген сөздiң өзiн әркiм әртүрлi түсiнедi. Өйткенi жалғыз Ресейде емес, кез-келген мемлекеттегi Қазақстан елшiсi бiлiктi, беделдi, тәжiрибелi болуы шарт. Әрине, қазақ елiн жетпiс жыл құрсауында ұстаған Ресейдiң жөнi бөлек. Бiрақ бұл мемлекетте кезiнде З.Тұрысбеков, Н.Әбiқаев секiлдi шендiлер де елшi болып едi ғой. Ендеше олардың қабiлет-қарымын Тасмағамбетовтiң тегеурiнiмен салыстыруға бола ма, болмай ма? Iргемiздегi екi алыптың бiрi – Қытай. Ондағы елшiмiз – көпке беймәлiмдеу Шахрат Нұрышев. Ендi Сiз Ш.Нұрышев пен И.Тасмағамбетовтi таразының екi басына “отырғызып” көрiңiзшi. Қайсысының салмағы басымдау?
Ендеше президенттiң бұл тағайындауын Тасмағамбетовтiң тәжiрибесiнен ғана iздеген орынды бола ма? Мұны бiр деп қойыңыз. Екiншiден, “комсомолдың” Кремльге “билет сұрауы” шындыққа қаншалықты үйлеседi? “Тасмағамбетов елшi болып кетедi екен” деген сөздi жұрт сонау 2006 жылы да айтқан. Сол тұста Алматыны басқарған әкiм не деп едi? Былай деген: “Дипломатиялық жұмыс iстеуге ешқашан келiспеймiн. Өйткенi ол салада кәсiби дипломаттар еңбек етуi керек”.
Мiне, президенттiң “екi жағынан да тура” келген тағайындауына қатысты тiл ұшына оралатын дәлел-дәйектер осындай.
Дегенмен ел алдында абырой-беделi бар тұлғаны “көзден тасада ұстау” саясаты iлгерiде iске асқанын бiлемiз. Мысалы, президент 2002 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлын Ресейдегi Төтенше және өкiлеттi елшi етiп тағайындады. Мұны бiрқатар сарапшылар “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы жектекшiлерiмен байланыста болғаны үшiн Алтынбектi елден аластады деп түсiндi. Бiрақ елшiлiк қызметте жүрiп те өз ойларын ашық айта бiлген А.Сәрсенбайұлы Қазақстанға қайта оралып, оппозициялық күштiң көшбасшысына айналған едi.
“Президент өзiмен бәсекелес болуы мүмкiн адамды ерiксiз елшiлiкке қуды” делiнетiн тағы бiр тұлға – Ерiк Асанбаев. Қазақстанның алғашқы әрi соңғы вице-президентi болған Е.Асанбаев саяси карьерасын Германиядағы елшi қызметiмен тәмамдағаны есте.
Әрине, И.Тасмағамбетовтi бұл екi саясаткермен салыстыру орынсыз. Өз сөзiмен айтқанда, бүгiнгi билiкте жүрген шендiлер секiлдi “комсомолыңыз” да – президенттiң “өнiмi”. Алайда оны әлдебiреулер өзiмен бәсекелес санауы мүмкiн бе? Мәселе осында болса керек.

Алдымен И.Тасмағамбетовтiң жүрiп өткен жолына көз салайық. Ол сол кездегi жастардың саяси ұйымы – ЛКЖО қатарында жүрiп өстi. Майда-шүйдесiн айтпағанда, министр, вице-премьер, премьер министр болды. Президенттiң көмекшiсi, президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi, мемлекеттiк хатшы қызметтерiн де атқарды. Облысты да басқарып көрдi. Жаңылмасақ, И.Тасмағамбетов – Алматы мен Астана тiзгiнiн ұстаған жалғыз әкiм. Алайда iсiне тындырымды шендiнiң шынайы бейнесiн “Шаңырақ” оқиғасы ашып бердi. “Шаңырақ” пен “Бақайдағы” қырғын Тасмағамбетовтiң маңдайына “қарғыс таңбасы” болып басылды.
Дегенмен мойындау керек, егер 4-5 жыл сайын президент алмасып тұрса, 25 жылдың iшiнде бiр мәрте болса да Тасмағамбетовтiң таққа мiнуi әбден мүмкiн едi. Себебi шаруасына мығым. Президент қай қызметтi ұсынса да, ұмтылып ала жөнеледi. Және көп шендiден көш iлгерi. Зиялының тiлiн тапқыш. Халық алдындағы сүйкiмi де әжептәуiр, әрине, салыстырмалы түрде алғанда. Бүгiнгiдей билiк пен халықтың арасы алшақтап, билiк – қырда, халық – ойда қалғанда Тасмағамбетовтiң жұрт көзiне жылыұшырап көрiнетiнi рас. Неге?
Тасмағамбетов – тарихқа жақын адам. Мысалы, Моңғолиядан Күлтегiн тасының көшiрмесiн жеткiзуi ел алдындағы мерейiн үстем еттi. Төрт ай бұрын президентiң тұңғыш қызы Д.Назарбаева Сенатқа жылжығанда, оның орнына Қорғаныс министрлiгiн басқарған И.Тасмағамбетов келгенiн бiлесiз. Келе сала Талхизды талқандауды тоқтатуға пәрмен бердi. Ел iшiнде дәл осы жобаны “қыздардың бизнесi” үшiн қолға алыныпты” дейтiн пiкiр бұрыннан айтылатын. Ал Тасмағамбетовтiң оған тоқтам салуы жұрт алдындағы беделiн арттыра түстi. Оны айтасыз, ақпан туа сала Алашорда қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай Алаш зиялыларының шығармашылық мұраларын зерделеу және оны жандандыру мәселелерi бойынша кеңес өткiздi. Бұл да халықтың өшкенiн жандырып, өлгенiн тiрiлтердей жағымды жаңалық едi. Бiрақ халыққа жаққан дүниенiң билiкке, оның төңiрегiндегiлерге, билiкке ұмтылғандарға жаға қоюы мүмкiн бе? Мiне, бiрқатар сарапшылар ТАС-ты шекара сыртына “ытқытудың” жоралғысын осыдан iздейдi.
Дегенмен бiз “Тасмағамбетовтiң “жылжуын” жаңалыққа жатқызуға бола ма?” деген сауалды жоғарыда қойғанбыз. Ендi соның мәнiн ашуға тырысайық. Естерiңiзде болса, Тәуелсiздiктiң 25 жылдығында И.Тасмағамбетов Н.Назарбаевты көкке көтере мақтаған. Тiптi жағымпазданудан алдына жан салмайтын зиялылардың өзiн шаң қаптырып, тарихтан Назарбаевқа тең келер қаған таппай “қиналған”. Байқасаңыз, осының өзi-ақ “комсомолға” да бiр тықырдың таянып келе жатқанын меңзейтiн едi. Кейiнiрек Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты шу шыққанда Iлияс Тасмағамбетов деген зауыт директорының аты аталды. Ол кiм? Оны Иманғалимен бiр туған Құрманғали Тасмағамбетовтiң баласы дейдi бiрқатар ақпарат құралдары.

Мұндай жағымсыз жаңалық И.Тасмағамбетов үшiн жақсы ма? Әрине, жақсы емес. Жақсы деуге келетiн жаңалықтарды да құлағымыз шалған. Ол – мемлекеттiң “Казкоммерцбанктi” құтқару үшiн 4,5 млрд қарыз беретiнi туралы ақпар. Бiрақ оның да соңы И.Тасмағамбетов үшiн жақсы болды деп айта алмаймыз. Өйткенi бұл банк “Халық” банктiң құрамына кiруге айналды. Басқадай айтсақ, Тасмағамбетовтiң күйеубаласы иелiк ететiн банк президенттiң күйеубаласының банкiне қосылмақ.
Бұған ендi өткендегi Айсұлтан Назарбаевтың “жазғыруын” қосыңыз. И.Тасмағамбетовтi Ә.Жақсыбеков және Б.Өтемұратовпен қабаттай соққан жас баланың сөзiне қайта үңiлсеңiз, “балалы үйдiң ұрлығы жатпас” деген мақал ерiксiз есiңiзге түседi.
Өткенде Универсиаданың ашылуына келген И.Тасмағамбетовтiң өңi тым салыңқы көрiнген. Үкiметтiң отырысында да ол сұп-сұр болып отырды. Соған қарағанда, вице-премьер елшi болудан да “еңселiрек” қауiп күттi ме, кiм бiлсiн?!
Ақорда жақтан Арқаның желiмен тараған ызың сөзге қарағанда, құс қайтқанда, яғни күзге салым жоғары билiкте үлкен өзгерiс болуы мүмкiн екен. Болу-болмауы екiталай жағдай орын ала қалса, ел алдында азды-көптi сүйкiмi бар И.Тасмағамбетов бұл қызықты шекараның арғы бетiнен ғана бақылай алады деген сөз. Бұл кiмге керек? Әрине, ықтимал өзгерiстiң ықтимал үмiткерлерiне және өзгерiске ұмтылыс танытқан “өзгермейтiн адамға” қажет.

Сансызбай НҰРБАБА
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (17)
Бек Молда | 7 ақпан 2017 13:10
Кайда кетсе онда кетсин. Дал осындай чиновниктер каптап жатыр емес пе. Биреуи кетсе екиншиси келеди. Оган неменеге басынды катырып отырсын.
пионер | 7 ақпан 2017 14:23
"Тас" та көп шендінің бірі. Оның басқалардан ерекшелігін көрмедім. Жағымпаздығыда ешкімнен кем емес. Жаны тәтті адамнан батыр шықпайды.
Ореке | 7 ақпан 2017 14:56
Самарқанттың тасы ерігенше, Ар соты басталғанша, Н-ның былықтарына араласқанша Тас-қа шекараның сыртында болғаны дұрыс сияқты. Биліктегі оңбағандар өздері сұранып, жауапкершіліктен қашуда.
Атырау | 7 ақпан 2017 16:59
"Тас" та көп шендінің бірі. Оның басқалардан ерекшелігін көрмедім. Жағымпаздығыда ешкімнен кем емес. Жаны тәтті адамнан батыр шықпайды.


Өте дұрыс пікір!
Мәлік Бекарыс | 7 ақпан 2017 22:39
Иманғали - тұлға. Жаман ба, жақсы ма, ол басқа мәселе. Уақытпен, шыңдалған, кемеліне келген тұлға. Келесі Президент кім болса да ,олар үшін ең бірінші конкурент Иманғали болатыны даусыз. Сондықтан Иманғалидың елден шеттетілуіне мүдделітек президент айналасынан ғана табылады. Сондықтан сол мүдделі адам не президенттің өзі, не президентке сөзі өтетін жақыны ғана болады.
ақтау | 8 ақпан 2017 03:35
елбасыда күштті саясаткер тас тас дәу төбенің басынан бірақ тастап жіберді
Есенғали, Антакиядан | 8 ақпан 2017 07:17
Суретші інім !
Тасқа орыстың ұлттық киімі күпәйке (фуфайка) кигізіп, қолына СССР
заманынан қалған чумадан ұстатқаныңда, жүзікке қас қондырғандай
болған болар еді.
мен | 8 ақпан 2017 08:35
Бір өзгерістің жақындап қалғанын сезген ТАС қашу керек деп әдейі кетіп отыр.
Үлкен толку Қазақ елінде болуы леле жатыр.
Назарбаев Н өз керек адамын қою үшін қоркып ТАС ты шетке шығарды.
Айқын | 8 ақпан 2017 14:25
Бәрін пенде өзім бұйрығыммен жасап жатырмын деп ойлайды, ол олай емес пенде пақыр мен күштімін бәрін білем деп те ойлайды шындығында білетіне түке тұрмайды, жаратушы қалай жазды солай болады, босқа өзеуреп шаршамандар
Қасқырбай Мәдиев | 8 ақпан 2017 15:25
Тасмағанбетов "Шаңырақ" оқиғасымен аты шыққан адам. Елбасының өзі Астанада алты жыл әкім болғанда шірік суға әлі келмегендігін атап айтқан. Қайда барса онда барсын. Адам қимайтын ештеңесі жоқ.
Қазақ қызы | 8 ақпан 2017 18:53
Тасмағанбетов Алматыға келгенде, "Ferrari"-мен, тікұшақпен жүреді. Қай әкесінен қалған мұра екен? Ал халықтың жағдайы аянышты.
Ерлан | 8 ақпан 2017 19:04
олай деуге болмайды Имангалиды салыстыруга келмейди ешкиммен ол казактын мандайына биткен 21 гасырдагы тулга. А баскаларына барибир. Имангалиды сынаганша оз озинди сына "неге мен сорлы адаммын деп немесе сорлы халыкпын деп"
Найман | 8 ақпан 2017 19:20
Тас ол кəдімгі ТЖ лардың бірі, оны неге əулие көресіңдер. Тастың теликтен немесе газеттен халықтың жағдайы туралы, жер мəселесі туралы сөйлегенін көргем жоқ. Ол млрд санап үйренген адам. оған Шаңырағың беш тиын
Ая апай | 9 ақпан 2017 01:37
Ұятсыз екенсіңдер осыларды жазып отырған адамдар. шенеуніктің бəрі Тасмаганбетовтей болса жағдай баяғыда басқаша болар еди. жогарыда нағыз үлкен билікте отыргандар тіпті қазақша да білмеиді гой. тілін білмегесін қазақтың өзін неғылсын, есілдерттері ақша жане қалайда орындарын ұстап қалу. дұрыс адам екеу болса, бірі Тасмаганбетов! оны бəрі біледі
Сәулебектің Оралбайы | 10 ақпан 2017 12:28
Тасмағанбетов "Шаңырақ" оқиғасымен аты шыққан адам. Елбасының өзі Астанада алты жыл әкім болғанда шірік суға әлі келмегендігін атап айтқан. Қайда барса онда барсын. Адам қимайтын ештеңесі жоқ.

Сандалған екенсіз! Әттең, Заманбек өліп қалды, әйтпесе, дәл соның мойнына ілетін кінә! Швейцарияда қашып жүрген Храпуновты желкелеп алып келіп, соның мойнына ілетін кінә бұл! Одан қалды, сол Шаңырақтағы жерді 600 доллардан сатқан Арон Атабектің кінәсі! Одна қалды, жап-жас жігітті тірідей
казах | 15 ақпан 2017 11:50
таста коптин бири ози ушин омир суруде
казах | 15 ақпан 2017 22:04
тик ушак комсомолдан калган мура гой, халыкты оилап не кылсын
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар