1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16199) 14 ақпан, сейсенбі 2017
14 ақпан 2017
Тұңғыш президенттiң рөлi

ОНЫ КОНСТИТУЦИЯДА БЕКIТУ НЕ ҮШIН ҚАЖЕТ?

Билiк өкiлеттiктерiн бөлiсу дүрмегiмен өтiп жатқан кезектi науқанда президенттiң мәртебесiн Ата заңда нықтап тастау көзделген сияқты. Себебi осындай да бастамалар көтерiлiп жатыр. ҚазАқпараттың хабарлауынша, мұндай ұсыныстың түскенi туралы мемлекеттiк билiктiң тармақтары арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының үшiншi отырысынан кейiн Қазақ гуманитарлық заң университетi Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыров айтқан.

“Конституциялық реформаның өзi қоғам арасында зор сiлкiнiс тудырды. Комиссия өз ұсынысын жiберген азаматтардың барлығына ризашылығын бiлдiредi. Реформа басқа да жолмен жүргiзiлiп жатқандығын есте ұстау маңызды. Бұл тек қана конституциялық өзгерiстер емес. Бiз 45-тен 39 өкiлеттiктi үкiмет пен Парламентке беретiндiгiн санап шықтық. Өз еркiмен 39 өкiлеттiктi еш қиындықсыз атқарушы билiкке бере салу әлемдiк оқиға екендiгiн атап өткiм келедi. Жұмыс жүрiп жатыр, заң жобасы әзiрленуде. Ол айдың соңына дейiн парламентке енгiзiлуi тиiс”, – дептi Т.Қаудыров.
Сондай-ақ, оның тағы бiр айтқаны – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлiн Конституция мәтiнiнде бекiту туралы да ұсыныстың болғаны.
Әдетте мұндай бастамалар алғашқыда елеусiздеу жасалып, кейiн парламенттiң бiрауыздан қолдауы нәтижесiнде жүзеге асатынын бiлемiз. Мәселен, 2010 жылы конституциялық заңға “ҚР тұңғыш президентi – Елбасы – Қазақстан республикасының негiзiн қалаушы” деген өзгерiс енгiзiлген. Құжатқа бастамашы болғандардың бiрi – мәжiлiс депутаты Розақұл Халмұрадов мұның мәнiсiн “президенттiң айрықша тарихи миссиясына байланысты, оның мәртебесiн, өкiлеттiгiн нақтылау мен қызметiн қамтамасыз ету кепiлдiгiмен” байланыстырғаны есiмiзде.
Сол заңға үңiлсеңiз, талай мәселенiң шегенделiп тастағанын көресiз. Айталық, “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына ешкiмнiң тиiспеуi” деп аталатын 3-бап бүй дейдi: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Ол өзi Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы деген өз мәртебесiн жүзеге асыруға байланысты әрекеттерi үшiн жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тiнтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды.

Тиiспеушiлiк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне жекеменшiк құқығымен тиесiлi барлық мүлiкке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтiк үй-жайларға, қызметтiк көлiкке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесiлi құжаттарға қолданылады. Тиiспеушiлiк Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының қорына тиесiлi мүлiкке де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне жекеменшiк құқығымен тиесiлi мүлiкке, сондай-ақ оның қорының мүлкiне қандай да бiр шектеулер қойылмайды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң банктiк шоттарының банктiк құпиялығына және оларға тиiспеушiлiкке кепiлдiк берiледi”. Бұл аз десеңiз, заңда тұңғыш президенттiң өкiлеттiгi тоқтағаннан кейiн де ерекше құқықтар берiлетiнi көзделген. Мәселен, ол өмiр бойы мемлекеттiк күзет қызметiн пайдаланады. Өзi былай тұрсын, онымен бiрге ерiп жүретiн отбасы мүшелерiне де осындай мүмкiндiк қарастырылған. Өмiр бойы жүргiзушiлерiмен бiрге жеке автомабиль, ал онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне қызметтiк автокөлiктi пайдалану құқығы берiледi. Өмiр бойы курорттық емдеу құқығы сақталады. Өмiр бойы елде көлiкпен тегiн жүруге және ресми адамдарға арналған залдарды тегiн пайдалануға құқылы. Өмiр бойы...
Заңға енген өзгерiс осылай жалғасып кете бередi. Ал Конституцияда “тұңғыш президент” туралы сөз 42-баптың 5-тармағында ғана кездеседi. Онда былай делiнген: “Бiр адам екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентiне қолданылмайды”.
Оқырман құлағдар болуы тиiс, билiк өкiлеттiктерiн қайта бөлу әуресiмен Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлмек. Президенттiң үкiмет пен парламентке бөлiп беретiн құзыретi – заңда көрсетiлуi тиiс. Конституциядағы “Үкiмет”, “Парламент” деген бөлiмдер үкiмет пен парламенттiң жаңа өкiлеттiкке ие болуына байланысты “шимайланса”, ондай күзеуден “Президент” бөлiмiнiң де тыс қалмасы анық. Мiне, осындай кезеңде жоғарыда аталған “Тұңғыш президент туралы” заң да Ата заңға енiп кете ме деген қауiп бар. Әйтпесе тұңғыш президенттiң рөлiн Конституция мәтiнiне енгiзу не үшiн қажет? Президенттiң рөлiн Конституцияға енгiзбесе, халық президенттiң орнын бiлмей ме? Әлде президенттiң мәртебесiн нықтайтындай басқа мәселе шықты ма? Ендеше ол қандай мәселе? Президентке “Тұңғыш президент – елбасы туралы” заңнан асыра дәрiптейтiндей қандай артықшылық берiлуi мүмкiн?
Мұны уақыт көрсете жатар. Бiр анық дүние, заң атаулының бәрiнен биiк тұратын нәрсе бар. Ол – халықтың бағасы мен уақыт. Уақыттан асар төрешi болмайды. Кезi келгенде барлығы да өз орынына келедi. Тек осыны ұсыныс жасаушылар мен соның бастамашылары түсiнбей жүрген сияқты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар