1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
23 ақпан 2017
Қағазда бәрi қанттай...

ОҚУ ЖҮЙЕСI ОНДА НЕГЕ ОҢАЛМАЙДЫ?

Қай кезде де ешкiмдi бейтарап қалдырмауға тиiстi бiр жайт, ол – бiлiмге қатысты. Бiлiм саласына самарқау қарау – ұлт ұрпағының болашағына шабылған балта. Ол түсiнiктi де. Бiрақ ел-жұрт тарапынан айтылған сын-ескертпелерден, өтiнiш-тiлектерден шыққан немесе шығатын нәтиже бар ма?.. Мәселе осында.

Бас мұғалiмнiң бiр жылдық есебiне қарасаң, бәрi қанттай: жан-жақты ойластырылған, келiсiлген. Ал министрлiк бәрiн шынымен де “жетi рет өлшеп, бiр рет кескен” болса, неге шалағайлықтар шыға бередi? Оның бiрiншiсi оқулыққа қатысты екенiне сөз жоқ. Атап айтқанда, ел-жұрт ең алдымен “Әлiппенiң” құрдымға кеткенiне қапалы. Соны меңзеген Б.Тiлеухан күнi кеше Е.Сағадиевтi жекпе-жекке шақыруға дайын екенiн аңғартты. Басы бiтпес дауға қалған министр ақырында “Әлiппенi” қайтаруға уәде етiп құтылды. Ал осы мәселенi мұншама ушықтырмай, о бастан-ақ тиiмдi шешуге не кедергi болды? Жарайды, “Әлiппенi” қайтарсын-ақ. Ал оның орнын аз уақытқа болса да иеленген “Сауат ашудың” “күнi” не болады? Оны жазуға, басып шығаруға кеткен қыруар қаржының өтеуiн кiм қайтарады?!
Одан бөлек, бастауыш сынып оқулықтарының бала жасына лайық еместiгi, тапсырмалардың күрделiлiгi, одан қалса, қатенiң өрiп жүретiндiгi де – таусылмайтын жыр. Министрдiң айтуынша, әр оқулықты дайындағанда оған 100-ден астам адам қатысады екен. Ал соларды iрiктеп алған кiм?! Оқулықты даярлауға бiлiктiлiгi жетпесе, жауапкершiлiгiн сезiнбесе, соншама адамның осындай маңызды шаруаның маңына жолап несi бар?! “Оқулық дайын болғанда оны сайтқа салып, елге көрсетемiз. Ол сайтта 6 ай тұрады. Қарамайсыңдар ма дұрыстап?” дейдi министр. Яғни салмақты халықтың өзiне салып отыр. Осы жерде мынандай сұрақ туады: егер дайындалатын оқулықтың қатесiн қарапайым халық, яғни сiз бен бiз түзететiн болсақ, аты дардай Бiлiм министрлiгi, оның қарайған оқу-әдiстемелiк бөлiмдерi, ғылыми қызметкерлерi, Алтынсарин атындағы бүтiндей бiр Бiлiм академиясы не керек?! Ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты ажырата алмаса, барлығы бiрдей не бiтiрiп отыр?!
Тағы бiр жайт, жақында электронды күнделiк енгiзiлдi. Министрлiк “мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарады” деп сендiрген бұл шараның да қайыры шамалы болып тұр. Қиыр шеттегi қоңыртөбел күй кешкен кiшкентай ауыл түгiлi, нағыз өркениеттiң ортасындағы қала мектептерiнiң өзi компьютермен, ғаламтор жүйесiмен толық жабдықталмаған. Мұғалiмдердiң көпшiлiгi “қағаз күнделiктi бiр, электронды күнделiктi бiр толтырып, қаратер болдық. Мектепте ғаламтор жүйесiне қосылған компьютерлер санаулы ғана, күнiмiз кезек күтумен өтiп жатыр” деп зар қағып жүр. Содан да болар, Е.Сағадиев бастапқы райынан қайтып қалыпты. Айтуынша, электронды күнделiктi әркiм ерiктi түрде пайдалануға құқылы көрiнедi. Олай болса, жүгенсiз реформалардан онсыз да жүйкелеп жүрген мұғалiмдер қауымын соншама әуре-сарсаңға салудың не қажетi бар едi?!
Ұстаздарды тығырыққа тiреп тұрған басты қиындықтардың бiрi – үштiлдiлiк. “Ағылшын тiлiн үйренуге ешкiмнiң қарсылығы жоқ, мейлi оқытайық, ағылшын тiлi пәнiнiң сағаттарын көбейтейiк. Құдай үшiн, тек жаратылыстану пәндерiне тиiспеңдершi. Химия мен биологияны, физиканы балаға қазақ тiлiнде әрең ұқтырып, кейде тiптi ұқтыра алмай жүргенде ағылшынша қалай оқытамыз, қалай түсiндiремiз? Өзiмiз сөйлей алмай тұрып, балалармен қалай ағылшынша сөйлесемiз?” деп қанша айтса да, сала тетiгiн ұстаған шендiлер олардың шырылын шыбын шаққан ғұрлы көрер емес.
Өйткенi олардың есебiнше бәрi дұрыс. Бәлкiм, төменнен сондай мәлiмет алады немесе барлығын өз бiлгендерiмен топшылайды. Бiрақ жауырды қашанғы жаба тоқиды?.. Одан кiм ұтады, кiм ұтылады? Бiр мезет соны ойлайықшы...

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті