1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
23 ақпан 2017
ЭКСПО-дағы «Боратстан» бейнесi

Астанада өткен ЭКСПО көрмесiнiң кезектi жиынында Қазақстан шенеунiктерi шетелдiк қонақтардың аяқтарын жерге түсiрмей, аязға беттерiн қарғызбай, жүгiрiп жүрiп қарсы алды. Қонақтардың көңiлдерiнен шығу үшiн бiздiң шендiлер қазақ тiлiн ысырып қойып, ағылшынша сөйлеп құрақ ұшты. Ал шетелдiктер болса, қазақ шенеунiктерiнiң осындай жанталасы мен жарбақайлығына назар да аудармады. Олар өз павильондарының сыртқы маңдайшасындағы жазу өз ана тiлiмiзде болуы шарт деп отыр.

“Қымбатты достар! Ұлы дала, көшпелi өркениет бесiгiнiң астанасы – жаңа Астанаға қош келдiңiздер! Бораттың емес (Қазақстанды мазақтап жүрген ағылшын сайқымазағы – ред.), өз көздерiңiзбен көргенге сенiңiздер. Барлығыңызды бiз күтемiз” деп қала әкiмi Әсет Исекешев “ЭКСПО-2017” көрмесiнiң халықаралық үшiншi кеңесiне келушiлердi қарсы алды. Қонақтар алдында ағылшын тiлiнде таза сөйлеуден “ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есiмов Астана әкiмi Әсет Исекешевпен жарысып-ақ көрдi. Бiрақ А.Есiмовтiң қағаздан бас алмай оқыған ағылшынын сол мәтiндi жазып берушi түсiнген болса, ол да бiр жетiстiкке саналар едi.
Қонақтар Ахметжан Есiмовтiң ағылшынша жасаған баяндамасын ғана емес, басталуына 108 күн қалған көрменiң дайындығын да түсiнбей отыр.
Қонақтардың сөзiнше, Қазақстан алдын ала келiсiлген павильон көлемiн бiрнеше ел үшiн қысқартып тастаған. Ендi бiрiне тиiстi екi қабат павильонның бiр қабатын ғана ұсынған. Мәселен, Малайзия өкiлi көрмеден алуы тиiс 330 шаршы метрдiң орнына небәрi 200 шаршы метрлiк орынды сипап қалғанын, онысы жоспарлы шараларына таршылық жасайтынын айтады.
Кариб елдерi де уәделi кеңселерiн таппай отыр.
“Екi күн бұрын бiзге бөлiнген қасбеттi көрiп таңғалдық. Себебi, ондай кескiн, дизайн көремiз деп ойламадық. Өз нұсқамызды тапсырғанбыз. Оның қалай өзгерiп кеткенiн түсiнбеймiз. Алда бiздi бұл жерде не күтiп тұрғанын бiлгiмiз келедi.
Шынымызды айтсақ, қобалжып тұрмыз” дедi Италия делегаты. Қонақтардың шағымының астында қалған ЭКСПО-ның сәулет және құрылыс департаментiнiң директоры Зәуре Айтаева бұл мәселелер бойынша тағы да ақылдасып, ортақ шешiм табуға уәде бердi. Ал “ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есiмов бұл пiкiрталасқа араласпай кетiп қалды.
Қазақстанның сайқымазақ Борат сипаттайтын елге түк қатысы жоқтығын көрсетуге бiздiң шендiлер қанша тырысса да шетелдiктер А.Есiмовтiң қызметкерлерiне түрлi сұрақ қоюдан жалықпады. Тiптi, “дәретхана мен жуынатын орын бар ма, жоқ па?” дегенге дейiн барды.
Шетелдiктерге ұнамайтын бiр мәселе – көрме павильондарындағы қасбеттегi жазулардың тек ағылшын және қазақ тiлiнде жазылуы.
“ЭКСПО-2017” көрмесiнiң сәулет және құрылыс департаментiнiң директоры Зәуре Айтаева “елдердi таныстыру белгiсi қасбетке, желекжол шеңберiне, желекжол кiреберiсiне екi тiл – ағылшын мен қазақ тiлiнде бiрдей әрiп көлемiмен жазылады. Ал атриумда (көрме ғимаратының iшкi бөлiмiнде) төрт тiлде (қазақша, ағылшынша, орысша және көрмеге қатысушы елдiң ресми тiлiнде) жазылмақ” дедi. Алайда Қытай делегаты “ЭКСПО-ға келетiн қытайлық азаматтар не ағылшынша, не қазақша түсiнбейдi, сондықтан павильон қасбетiндегi жазу тек иероглифте болуы шарт” дейдi.

Қанат БIРЛIК,
Астана

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар