1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (16210)   28 наурыз, сейсенбі 2017
28 наурыз 2017
Мамин бе, әлде Мырзахметов пе?

 Әрине, премьер-министрдің орынбасары деген қызмет өте үлкен лауазым ғой. Облыс әкімдері қызмет ауыстырып, министр боп тағайындалып жатса, ел «бұдан гөрі облыс әкімі боп жүргені дұрыс па еді?..» деп министр қызметін менсінбей қалатыны бар. Ал алда-жалда премьер-министрдің орынбасары креслосына жайғасып жатса, жұрт ол әкімді «бәрекелді, қызметі өсіп кетті» деп мақтар еді. Бәлкім, енді бір аттаса үкімет басшысының өзі боп шыға келмесіне кім кепіл дейтін шығар...
Дегенмен де соңғы жылдары премьер-министрдің орынбасары қызметіне келгендер көп тұрақтамай жүр. Рас болса, Ақордаға жақын жүрген ағайындардан естігеніміз, бас уәзірдің орынбасары қызметінде жүргендерде пәлендей билік жоқ көрінеді. Әрине, өз саласына қарасты министрліктерге столды тоқпақтаса да айтқанын істетеді ғой. Бірақ қарамағында хатшы қызы мен көмекшісінен басқа пәлендей қызметкері жоқ вице-премьер қашанғы арбаның бесінші доңғалағы сияқты жанама билік жүргізіп отырсын? Оның үстіне бұл қызметте жүргендердің барлығы дерлік кеше ғана облыс, қала басқарып, миллиардтаған бюджет ақшаларын игеріп, кадрларды қалауынша сапырылыстырып үйреніп қалғандар емес пе? Қалай айтсақ та, не өз алдына бюджеті, не қаптаған қызметкері жоқ бұл лауазымға «үлкен астаудан жем жеп» үйрніп қалғандардың көңілі толмай жүргені анық. Содан ба соңғы кездері осы қызметтен облыс әкімі боп ауысып кетіп жатса, «әп-бәрекелді, қайта осы қызметі дұрыс қой» деп, бөркін аспанға атып қуанатындар көбейді.
Сонымен, қазір біздің елдің премьер-министрінің екі орынбасары бар – Асқар Мамин және Асқар Мырзахметов. Тағы Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы министрі қызметін қоса атқарып, «жалғыздығын» сезінбей жүрген сияқты.
Қайбір жылы Иманғали Тасмағамбетовке Астана қаласының әкімі боп тұрған кезде бір жиында «Сіз депутат болар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылған. Сонда бас қаланың әкімі: «Мен қарбаласқа толы жұмысты, үнемі белсенді жұмыс істегенді жақсы көремін. Сондықтан парламентте отырғанымды еш елестете алмаймын. Қызметсіз қалсам да, депутат болмас едім», – деп жауап берген еді. Қаршадайынан қым-қуыт тірліктің ортасында қайнап өсіп, қашан көрсең қарбалас жұмысқа білек түріп қойып кететін Иманғали Нұрғалиұлы да екі-үш қызметкері бар вице-премьерлікті қомсынды ма, әйтеуір, өз өтініші бойынша Ресейге елші боп кетті. Оның алдында Бердібек Сапарбаев та осы қызметтің шырайын келтіріп, аймақтарды жиі-жиі аралап, белсеніп-ақ кірісіп еді, артынша «маған осы қызмет ыңғайлы сияқты» дегендей Ақтөбеге әкім боп ауысты. Гүлшара Әбдіхалықова да вице-премьердің креслосында ұзақ отырмады...
Енді, міне, идеология саласына жетекшілік жасайтын вице-премьер деген қызмет те қысқарып тынды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге елші тағайындау туралы шешімін жария еткеннен кейін «Премьер-министр орынбасарларының аз болғаны жөн. Министрлер өз шаруасын бітіру керек ешкімге сілтемей, ешкімге сүйенбей... Берген мәселені шешіп, өздері жауап беруі керек» деп бұл қызметті премьердің екі орынбасарының біріне жүктелетінін айтқан болатын. Сонымен, идеология саласы үкімет басшысының қай орынбасарына беріледі? Қай Асқардың асығы алшысынан түсуі мүмкін? Асқар Маминнің бе, жоқ әлде Асқар Мырзахметовтің бе? Әрине, екеуі де осал емес. Бір кездері Мамин Астананы, Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысын басқарып, барлық шаруаға жетекшілік жасағандықтан, бұл саланың жұмысын қосып алып, жүргізе беретіні анық. Бірақ нағыз идеолог бола ала ма? Идеология жөніндегі орынбасарға тиесілі міндетінен де артылар жүк көп, ол қашанда елдің көз алдында жүруі керек қой. Елдің экономика, ауыл шаруашылығы, кез келген саласындағы жетістікті көрсете білу, халыққа жеткізе білу де – идеология. Қазір дін, тіл, жастар тәрбиесі мәселесінің ушығып, төбе шашыңды тік тұрғызатын жағдайлардың орын алуы идеология саласының ақсап тұрғанын білдірмей ме?
Біздіңше, идеологияның үлкен-кішісі болмайды. Кішкентай ғана ауылдың, қарапайым ғана бір отбасының да өз идеологиясы бар. Идеология – бұл ғылым саласы емес, бұл – үлкен күш, үлкен армия, үлкен насихат, үлкен илеу. Осыдан кейін белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбековтің бір кездері «... Бізде мықты идеологтар болғанымен де, нақты қызметтің өзі жоқ. Соның салдарынан бәріміз шөре-шөре болып жүрміз. Шын мәнінде қазақтың идеологиясымен, қазақтың мүддесімен айналысатын күн туды» деп ағынан жарылуы бүгінгі күннің шындығын тап басып жатқандай.  Қалай ойлайсыз, қазаққа идеология қажет емес пе?


Ерназар САРЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар