1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16211)   30 наурыз, бейсенбі 2017
30 наурыз 2017
Өзбектер бізден бақытты

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі бақытты елдердің (World Happiness Report 2017) рейтингін жариялады. Бұл тізімде «жер-жаһанды мойындатқан», «халықаралық қақтығыстарға төрелік айтқан», «аймақта оқ бойы озып, өзгелердің аузын аштырып кеткен» деп сипатталып, мақталатын Қазақстан ең бақытты елдермен терезесін теңестіре алмады. Қайта, керісінше, аста-төк байлығына қарамастан кері кетіп, алты сатыға төмендеп (өткен жылы 54-орында болатын), 60-орынға әрең тұрақтаған.
Нағыз бақыттың құшағындағы үздік үштікке Норвегия, Дания және Исландия енген. Ал шын бақыттың бесігіне айналған он мемлекеттің ішінде Швейцария, Финляндия, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия және Швеция бар.
Адам еркіндігі, бостандығы басты құндылық деп білетін өркениетті елдердің шаңына ілесе алмаған Орталық Азия елдері ішінде Өзбекстан тұрғындары ерекше бақытты. Қазақстаннан 13 саты жоғары тұр. Өзбектермен салыстырғанда ресейліктердің «соры» қалыңдау – 49-орынға тұрақтапты. Түрікменстан көршіміз бізден көбірек күліп, артық шаттанады екен, тізімде 59-орында. Ал қырғыздарға бақытты ұзақ іздей түсуі керек. World Happiness Report 2017 рейтингісінде бауырлас қырғыз елі 98-орында.
Бас-аяғы 155 мемлекеттің бақытын таразылайтын бұл тізім тұрғындардың маңызды шешімдер қабылдаудағы еркіндік деңгейі, мемлекеттің ішкі өнім көлемі, қоршаған орта, адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы, халықтың мәдениеті мен жомарттығы һәм жемқорлығы сияқты бағамдарын талдау арқылы жасалады.
«Бақытты елдер дегеніміз – молшылық пен әлеуметтік капиталдың тұрақты балансы бар елдер. Яғни қоғамның жоғары сеніміне ие болған, теңсіздік деңгейі өте төмен, билігі әділ мемлекеттер», – дейді SDSN директоры әрі БҰҰ бас хатшысының кеңесшісі Джеффри Сакс.
Былтыр жоғарыда аталған агенттік «Бақытсыздық индексі–2016» деген атаумен экономикасы осал елдердің тізімін түзіп, 63 мемлекеттегі экономикалық көрсеткішке, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне, жұмыссыздық пен инфляция деңгейіне қарап рейтинг жасаған болатын. Сол рейтингте Қазақстан Венесуэла, Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Сербия, Бразилия секілді ең кедей мемлекеттердің ортасынан көрініп, бақыт дегеннің не екенін білмейтін елдердің ондығына ілінген еді. Бірақ бұл тізімге бізден басқа Орталық Азиядан ешбір ел енбеген болатын.


Бүркіт НҰРАСЫЛ
Астана

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті