1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Билік енді қазақша сөйлей ме?

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 82 пайызға жеткенін хабарлады. Ол анау-мынау тойда көтерген «тостында» емес, үкіметтің ресми жиынында осылай деді. Министрдің бұл дерегіне бір де әріптесі күмәнмен қараған жоқ. Яғни шенеунік біткеннің бәрі өздерінен басқа жұрттың мемлекеттік тілді біліп, қазақша сөйлейтінін шеттерінен мойындап отыр. Ал дені сау мемлекетте азшылық көпшілікке бағынады. Президент мұны демократия деп атап, соның талабымен мемлекет басқарып келе жатқанын айтып жүр. Енді қисынға салсақ, «екі тілде сөйлеуге мәжбүрмін» дейтін президент те, үкімет жетекшісі мен министрлер және әкімдер ендігі жерде пайыздық үстемдікке көңіл бөліп, баяндамаларының 82 пайызын мемлекеттік тілде жасаулары міндет. Демократияның талабы осы! Азшылық көпшілікке бағынсын! Ал халықтың 18 пайызы қазақ тілін білмейді екен деп, оларға жалтақтауды тоқтату керек. Себебі осы азшылық, шындығына келгенде, шенеуніктердің өздері. Көпшілікке ұғынықты тілде сөйлейтін кез жетті!

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті