1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
ЕХРO: Маса қырғыны

Астанада масамен алапат күрес басталыпты. Әсіресе, EXPO-2017 көрмесі өтетін Есіл ауданындағы масалардың тұқымын тұздай құрту науқаны 20 сәуірден басталып кетіпті. Маса қырғыш мекеме – Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 15 мамырда маса қырғынының екінші кезеңіне білек сыбана кірісіп, масалардың ұясы саналатын тоғандар мен қар суынан қалған көлшіктер, жертөлелер түгел тінтіліп, ызыңдайды-ау деген жәндіктер жөргегінде тұншықтырылып жатқан көрінеді.

Масамен күреске қазы¬надан қанша ақша бөлінгені белгісіз, бірақ дәл қазір күрестің қызған шағы. Себебі ЕХРO-2017 көрмесінің ашылуына аз уақыт қалды. Ал әлгі оңбаған маса ызыңдап көрмеге келетін қонақтардың мазасын алып, Астананың имиджіне нұқсан келтіруі әбден мүмкін екен. Көрдіңіз бе, мәселе қайда! Демек, масадан басқа нәрсе Астананың имиджіне нұқсан келтіре алмайды деген сөз. 2015 жылы Астана қаласы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті «2017 жылға дейін масаларды түп-тұқиянымен құртамыз» деп зор міндеттеме алған екен. Алайда жылда шығатын масаны біржолата құртып жіберу қолдарынан келмейтінін түсініп, алдыңғы екпіндері басылған маса қырғыштар «енді тым болмаса ызыңдаған бәленің санын күрт азайтамыз» деп қызу күрес үстінде қауырт жұмыс істеп жатыр.
Жалпы, маса атаулы мазасыз, ызыңдап ығыр қылатыны болмаса, ол да тірі жәндік. Адамның арам қанын сорады деседі. Зиянкестігі де бар, әрине. Бірақ Астана¬ның имиджіне нұқсан кел¬ті¬ретіндей зиянкестігін көр¬меген екенбіз. Бас қаланың имиджіне масасыз-ақ талай нұқсан келді ғой. Санамалай кетсең, санына жетпей қаласың: мәселен, миллион доллар пара алып ұсталса да, отсыз-сотсыз босап кете берген Нидің оқиға¬сының өзі ресми Астананың сот жүйесінің беделіне жа¬ғыл¬ған қара күйе емес пе?! Өйткені Астана имиджі де¬геніңіз – ресми биліктің іс-әре¬кетінен құралады ғой. Ни аз десеңіз, министрлердің елге күлкі, дұшпанға таба болған неше түрлі қылық¬та¬рының өзі елорданың беделін талай рет шұрқ-тесік қылды ғой. Үлкен жақтан алғанда, сайлау жүйесі, сөз бостан¬ды¬ғы, халықтың әлеуметтік жағ¬дайы, мұнайға тәуелді эконо¬миканың аухалы – бәрі-бәрі¬нің шын мәніндегі жағдайы Астананың имиджінің ел ішін¬де қандай дәрежеде екенінің көрінісі. Осы жайларды тіз¬бек¬теп ойласаң, маса «Аста¬наның имиджіне нұқсан кел¬тіреді» деген нәрсе күлкілі ғой. Әрине, жоғарыдан беріл¬ген тапсырманы асыра орын¬дауға әдеттенген шолақбел¬сенділік «масаны тұқымымен құртамыз» деп айтқызып, енді қалайда көрме кезінде масаны болдырмаудың амалын жасап жатқаны түсінікті. Бі¬рақ маса адамды шаққаны бол¬маса, жемқорлыққа бел¬ше¬сінен батқан жүйенің ше¬неуніктері құсап қазынаның қаржысына түспейді, келсін-келмесін «Алға, Қазақ¬стан¬дап» науқаншылдықпен айналыспайды. Бәлкім, ресми Ас¬тананың масаға өшіккені со¬дан ба екен... Мүмкін, Арқа¬ның сары масасына да нақты әрі ірі саяси реформа, әділ сайлау, ауыспалы, ашық, есеп беруші билік, демократия мен сөз бостандығы керек шығар. Ала жаздай ызыңдап, Астананың мазасын алатыны содан ба екен... Әлде баяғы Ахмет Байтұрсынұлының «Масасын¬дай» ұйқыдағы қоғамды ша¬ғып оятпақ болып жаны қал¬май ызыңдап жүрген болар...
Масаның өзіне келер болсақ, бұл жәндік кім көрін¬генді шаға бермейді. Үнемі қозғалыста жүретін адамға маса үйір келеді. Сондықтан қыста жылы, жазда салқын ка¬бинеттен шықпайтын қоз¬ға¬лысы өте аз шенеуніктер сары маса шағады-ау деп уайымдаса да болады. Ал сол шенеуніктердің тапсырмасын орындаймыз деп алашапқын болып ойға-қырға шапқылап, тыным таппайтын науқаншыл, шолақ белсенді орындаушыларды маса оңдырмай ша¬ғады.
Қаланың ішіндегі ұясын қанша ойрандап, қырғын сал¬ғанмен, маса ЕХРO-2017 қо¬нақтарын да оң-дырмайды-ау. Қонақ демекші, көрмеге баратындардың 85 пайызы Қазақстан азаматтары деген дерек бар. Оның көбі мұға¬лімдер болса керек. «Ұстаз¬дар қауымына көрме билет¬терін міндеттеп ал-ғызып жатыр» деген ақпа¬раттың шық¬¬қବнына да көп бола қой¬ған жоқ. Ал ЕХРO көрме¬сінің би-леттерін амалсыз алып жат¬қан мұғалім¬дер¬де маса сор¬атындай қан да қалмаған шығар. Билік қит еткен нау¬қанның бәріне көк есектей жегіп-жегіп әбден қанын іш¬кен мұғалім¬дер биліктен гөрі масаны тәуір көреді-ау...
Сөз басында масаның бәрін қырып бітіре алмайтындарын маса қырғыштардың өздері де мойындап отырға¬нын айттық. Шынында да, Астананың айналасында 60 шақырым қашықтық аралы¬ғында ызыңы құлақ тұндырар, талауға даяр даланың аш масасынан қашып құтылмасың анық енді... Қар мол түсіп, дала жайқалып тұрған жазда «Астананың имиджіне зиянымыз тимесін» деп дала масасы жайбарақат жатады дейсіз бе?!. Осыны ойласаң, маса қырғыштардың еңбегі зая кететін болды-ау деп уайым қыласың. Маса қырғынына бөлінген бюджет ақшасын қойшы, қазынадан қаражат қайда бөлінбей жатыр, кімдер алмай жатыр оны... Бюджет¬тен миллиардап ақша бөлі¬ніп, лентасы қиылған талай зауыт, өнеркәсіп жылға жетпей жабылып тынды емес пе?!. Оның қасында маса қыр¬ғы¬нына бөлінген ақшаның қызы¬ғын бірер ай болса да астана¬лықтар көріп қалады. Қара¬пай¬ым жұртқа тиер пайда сол болар деп топшылап отырмыз. Дегенмен маса қыру науқаны көрме аяқ¬тал¬ған соң сап тыйылатынын бал ашпай-ақ білуге бола¬ды. Сондықтан Астана¬дағы ағайынды сары маса көп сағындырмай қайта оралар. Ал ЕХРO-2017 көрме¬сі ел есінде маса қырылған жаз болып қалатын сияқты.

Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті