1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 81-82 (16268-16269) 12 қазан, бейсенбі 2017
12 қазан 2017
Сағынтаевтың сөзіне сенбедім...

ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІ А.АТАМБАЕВТЫҢ СӨЗІНЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАҒАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР Б.САҒЫНТАЕВҚА САНСЫЗ СҰРАҚ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Сіз мәлімдемеңізде «Қырғыз елінің жасалған жауапсыз, арандатушылық мәнді және көпе-көрінеу жалған пайымы елдеріміздің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек пен достықтың дәнекеріне нұқсан келтірмеуі тиіс» депсіз.
Қазақ – көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты халық. А.Атамбаевтың айтқанын тыңдадық. Қырғыз басшысы қазақ ұлты мен қазақтың салт-дәстүрі, тарихын кемсітпегенін көрдік. Тату-тәтті екі көрші ел арасына от жағып, ұлтты арандату, достық қарым-қатынасқа нұқсан келетін сөздер айтпаған. Тек Қырғыз елінің ішкі мемлекеттік ісіне Қазақстан билігі араласпасын дегендей өткір сын айтыпты. Егер мәлімдемеңізде айтқандай, А.Атамбаев тарапынан заңға томпақ сөздер болса, халықаралық сотқа жүгініп, Атамбаевтан ресми түрде кешірім сұрауды неге талап етпейсіз?
Оның орнына қырғыз жұртшылығын Қазақстанның шынайы экономикалық дамуымен дереу хабардар етуді, сондай-ақ қазақстандықтар да біле жүрсін дегендей экономикалық есеп жариялапсыз.
Сол мәлімдемеңізде «Тәуелсіздік жылдары біздің экономикамыз 20 есе өсті» депсіз.
Алайда Қазақстанда қымбатшылық ай сайын қарыштап өсіп, жалақы мен еңбекақы мардымсыз ғана көбейіп, оның өзін сол сәтінде инфляцияға жұтылып кететінін айтпапсыз.
«2012 жылы Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ең озық экономикасының қатарына кірді» деп атап өтіпсіз.
Әкімдер мен министрлердің жалған мәліметтері арқылы 50 ел қатарына енген шығармыз. Десек те, халықтың әлеуметтік жағдайы әлі күнге дейін орташа. Оның үстіне Бүкіләлемдік экономикалық форумның жақында ғана жариялаған есебінде Қазақстан бәсекеге қабілеті сыналған 137 елдің ішінде 57-орынға тұрақтап, сіз мақтанып айтқан «елуліктен» шығып қалды (2015 жылы Қазақстан 42-орында болатын). Бұл деректі ескермепсіз.
«Қазақстанның көлік инфрақұрылымы да кең ауқымда жаңғыртылуда. 25 жылдың ішінде 10 мың шақырымнан астам автожол салынды және қайта жөнделді. Таяу жылдары, бұған қоса, ұзындығы 8000 шақырымнан асатын автокөлік жолдарының желісі жаңғыртылатын болады» депсіз.
Бұл санды жоққа шығармаймыз. Алайда автожолдар сапасыз, сол себепті жыл сайын бір жерді қайта жөндеп, ілгері жылжымай отырмыз. Сапасыз жолдың кесірінен жол-көлік оқиғалары көбейіп жатыр. Ауыл-аймақта әлі күнге дейін дені дұрыс жол жоқ.
«Қазақстан тәуелсіздік жылдары 120 млн шаршы метр тұрғын үй салып, 1,1 млн-нан астам қазақстандық отбасын баспанамен қамтамасыз етті» депсіз.
Басқа аймақтарда баспана мәселесі шешілсе шешілген шығар. Алайда Орал қаласында үй кезегі орнынан жылжығанын көрмедік.
«Тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамуда. Тек осы жылдың өзінде 10,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі» депсіз.
Еңбекке жарамды адамдарды айтпай-ақ, Орал қаласындағы әлеуметтік қорғауға жататын: мүмкіндігі шектеулі жандар, зағиптар, жетім-жесірлердің өздері үйдің шексіз кезегінде әлі тұр. Баспана мәселесі, сіз айтқандай, қарқынды шешіліп жатса, көпшілік неге жалдамалы пәтер жағалап, кісі есігін тоздырып, босағада жүр?
«Елімізде әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамып, 500 жаңа балабақша және 1,4 мың мектеп салынды» деп көрсетіпсіз.
Мектеп пен балабақшаны салуын салдық. Дегенмен Қазақстанда 1356 мектеп жетпейтінін қырғыз басшысы емес, іргеңізде отырған қазақ депутаттарының өздері айтып жатқан жоқ па? Есепке жүйріксіз ғой, бір мектепке орташа алғанда 600 бала барады деп санап жіберсеңіз, 813 600 баланың тағдыры шыға келмей ме? 1 миллионға жуық бала мектеп тапшылығын көріп отырғанда қай бетімізбен мақтануға болады? Сосын 26 жыл бойы үздіксіз реформаға түскен білім саласы әлі күнге дейін орнықты жүйеге түспей, былыққа батпады ма?
«Жыл сайын орташа есеппен 270 мың жаңа жұмыс орындары ашылады» депсіз.
Егер осы мәлімет шындыққа сай келсе, барлық қазақстандықтар 26 жылдан бері жұмыспен толық қамтылар еді ғой. Амал не, зейнет жасына жақындар мен жастардың басым бөлігі жұмыссыз қаңғып жүргені баршаға аян.
Мәлімдемеңізде «соңғы 15 жылда орташа еңбекақы мен зейнетақы 10 еседен астам көбейді» депсіз.
Өскенін жоққа шығармаймыз. Бірақ сол 15 жылда халық көп тұтынатын азық-түлік пен заттардың, бензиннің, коммуналдық тарифтердің, дәрі-дәрмектің де қанша мәрте еселеп өскенін де айта кетпедіңіз бе?
«Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық мақсаттарын іске асыра отырып, біз жаңа Астанамызды салдық. Астананың дамуына 50 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Қазіргі таңда Астана тұрғындарының саны 1 млн адамнан асты» дейсіз.
Астана салынды, оған сөзіміз жоқ. Ұлттық-рухани, моральдық-материалдық жағынан әбден қалжыраған халқыма, азаматтық қоғам қалыптастыра алмаған еліме теледидарда көркейген Астана не береді?
«Биыл Астанада бүкіл ТМД елдерінің ішінде алғаш рет «Болашақтың энергиясы» Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Оған 115-тен астам мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені өткізу кезінде 4 миллионға жуық турист келді» деп әдемі сандарды көрсетіпсіз.
Көрме барысында қанша қаржы, пайда түскенін сіз бәрібір айтпассыз, біз сұрамай-ақ қоялық. Бірақ осы ЭКСПО-2017 не үшін қажет болды бізге? «Жасыл энергия», «Болашақтың энергиясы» деп ала жаздай ұрандадыңыздар. Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Жылы креслода жабысып отыра бермей, бір сәтке орныңыздан тұрып, үкімет үйінің терезесінен әсем деген Астанаға бір қарап қойыңызшы. Көмірден шыққан қара түтін мен қою ыс басқан сұрлы, нұрсыз Астананы көрдіңіз бе? «Жасыл энергия», «Болашақтың энергиясы» деген осы ма еді? Айтпақшы, көмірдің үстінде отырып көмір таппай жүрген облыстарды айтпағанда, жерлестеріңіз, бас қаланың қарапайым тұрғындарына жаздай салған «Жасыл энергия» жыры не берді?
 

Талғат ҚАТАУОВ, қоғам белсендісі
Орал қаласы
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (6)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 12 қазан 2017 16:33
"БАСТЫ"мақтағанда,тіптен бір байшікеш өлгенде сөйлейтін сөздерін қағаздан басын алмай оқитын Сағынтаевта әйтеуір ғой..Осы сандарды"БАСТЫҢ"ӨЗІ түсінер ме екен.Көз алдыңызға"котеджімнің алдына үйдегі млн-ған ақшамды,алтындарымды біреу алмасын деп офчарка асыраймын.Самолетіммен АҚШ,Европаға базарлап қайтамын"деп сайрап отырған үйсіз,жұмыссыз адамға қандай көзбен қарайсыз.Міне!Мен"БАСҚА"да,Сағынтаевқа да,міністрлерге де,"жепутаттарғада"аянышпен қараймын!Бұлар намыстан,ар-ожданнан мақұрым қалғандар!
Қызылордалық Балталы Төлеген | 12 қазан 2017 16:47
Сағынтаевтың өзі"инфляция","импорт","экспорт","дефецит","мораль"деген терминдерді,тіптен "ЭКСПО"деген көрменің не үшін жасалынатынын түсінер ме екен.Не үшін ХАЛЫҚ қалжырап тұрғанда,Алматыны тастап млрд-тарды жұтатын Тасқала-Астананы салудың қандай қажеттілігі болғанын түсінер ме екен.Адамдар тұратын үйлер салынғанымен,жұмыс жасайтын өндіріс ошағы болмаса,ештеңе өндірілмесе ЭКОНОМИКАНЫҢ құрдымға кетеріне санасы жетер ме екен.Ол"БАСТЫҢ әй-әйі"болғанымен ҚЫРҒЫЗҒА бірдеңе айтар ақылы бар тұлға емес.
маке | 13 қазан 2017 14:18
Жалпы бәрі дұрыс шығар,кемшіліктер жетіп артылады,жемқорларда толып жатыр,оған әңгіме жоқ.Менің көңілім толмайтыны А.Атамбаевтің елбасымыз Н.Әбішұлына тигізіп айтып тұрғаны.Ол кісі неменеге шаты айрылып қызу қандылыққа салынып тұр? Бұлай сөйлейтіндей не ойлағаны бар?Бізде жаман болатын болса мұның алдында неменеге елбасын мақтап сөйлеп жүр? Біз үшін бәрібір ғой Қырғыстанда кімнің елді басқаратыны.Соншалықты неге бабановқа қарсылық көрсетіп тұр,мүмкін С.Жәнібеков болатын шығар Бабанов е
qazaq | 13 қазан 2017 15:17
Позор!
Рудныйлық | 16 қазан 2017 10:21
Осы Атамбаев сөзі біздің билікті қатты шошытып жіберді.
Бірақ, тәтті өтіріктен ащы шындық артық емес пе?
Немесе ауруын жасырған өледі демейме қазақта.
Тәуелсіз ел атанғанымызға 25 жыл болсада Рудный қаласында бір де бір көше аттары ауысқан емес. 128000 тұрғынға не бәрі 3 ғана қазақ мектебі. Ата-аналар қазақ метктептерінде орын болмаған соң, балаларын жартылай бос тұрған орыс мектептеріне беруде. Қазақша мини-орталықтармен бала бақшалардан орын табу мүмкін емес.
Қазақ | 16 қазан 2017 12:55
НӘН, Сағынтаев,Мырзахметов,Парламент депутаттары Ашысайға (ОҚО) келіңіздер, осы жерге келіп мақтану керек...
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар