1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
4 ақпан 2016
Босқындардың қамын күйттеу және түсiнгiш қытайларға сену
“Мұнай өндiру дағдарыста да 18 млн тоннадан түспейдi. Ешкiм жұмыстан қысқартылмайды. Балалар үйi тәрбиеленушiле­рiнiң барлығы тек iрi мұнай компанияларына жұмысқа тұрады. Жаңаөзен қаласының экономикалық дамуы iлгерiлеп, үш ауысымдағы мектеп проблемасы шешiледi. Ел айтып жүргендей Маңғыстауға қытайдан келер қауiп жоқ. Керiсiнше, тек солар ғана менi түсiнедi.
26 қаңтар 2016

Орталық Азия, оның iшiнде қазақ даласы – жылқының отаны, оған дәлел жүздеген мың жылқы сүйектерi табылған энео­лит дәуiрiндегi Ботай қонысы. Ботайлықтар – әлемдегi алғашқы жылқышылар, жылқыны қолға үйреткендер. Демек, XXI ғасырда егемендi ел атанғанда мемлекетiмiздiң басты шарушылығы – жылқы өсiру, халқымыздың сүйiп iшетiн сусыны – қымыз, ұлттық идеямыздың негiзi – тұлпар болуға тиiс.

26 қаңтар 2016
Алақандай Сингапур
30 елге қара, өзiңе қара
1867 жылдан Британ империясының отарына айналған Сингапурды кезiнде ағылшындар теңiз саудасының тоғысында орналасқан iрi теңiз айлағы және Азиядағы әскери бекiнiсi ретiнде пайдаланып келдi. 1959 жылы өзiн басқару құқығына ие болғанда шағын аралдағы мемлекеттiң әскерi де жоқ едi. Елдiң жалпы iшкi өнiмi жан басына шаққанда бар-жоғы 400 доллардан айналған.
19 қаңтар 2016

Дамыған 30 елдiң қатарынан үмiттi Қазақстанның қазiргi жағдайы “қашпаған сиырдың уызын күткен” алаң­ғасардың арманын еске түсiредi. Өйткенi қара алтынның құны төмендегенде-ақ экономиканың өкпесi қысылды. Бұл – бiздiң табиғи байлықтардың есебiнен ғана күн көрiп келе жатқанымызға дәлел. Ал дамыған 30 ел деген қандай мемлекеттер? Бұл жөнiндегi топтастырулар әртүрлi. Мәселен, БҰҰ өзiне мүшелiкке өткен 193 мемлекеттiң iшiнен алғашқы отыздықты iздегенде әлеуметтiк жағдайы мен демографиялық көрсеткiште­рiне басымдық бередi.

14 қаңтар 2016
Қош, Мәжiлiс, артыңа қарама!

Бұл қазақтың бiлмейтiнi жоқ. Президент сайлауы едел-жедел өтiп, Назар­баев тақымын “нықтап” алған соң-ақ дүйiм жұрттың назары Мәжiлiске ауған. “Ендi парламент тарайды” деген әңгiменi сол тұста басқаны қойып, ауылдағы келiн-кепшiкке дейiн айтып жүрдi. Қиырдағы сыпсың сөздiң ұшығы Астанаға жеткенде Мәжiлiс депутаты Тұрсынбек Өмiрзақов оны шөпауыз әйелдердiң өсегiне теңеп, ел iшiндегi ызыңға “тойтарыс” бергендей болған. Бiрақ көптiң көкейiндегi күмән бәрiбiр сейiлген жоқ. Мiне, ендi ол ақыры шындыққа айналды. Кеткiсi келiп тыпыршыған депутаттардың президентке жасаған өтiнiшi кеше Владислав Косаревтiң аузынан атқып шықты.

12 қаңтар 2016
«Заманың шабуылшы болса, қорғаушы болып шал»
СПОРТ КОММЕНТАТОРЛАРЫНЫҢ ТIЛI ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДI?
Бүгiнде “Ел болам десең – телеарнаңды түзе” деген сөз мәтелге айналып, өзектiлiгiн танытып тұр. Жұрт сан алуан ақпаратты электронды ақпарат құралдарынан алатын, интернеттен iздейтiн, телеарналарға көбiрек телмiретiн заман туды. Сол телеарналарымыздан көпшiлiктiң сүйiп көретiн көрсетiлiмдерiнiң бiрi – спорт хабарлары.
12 қаңтар 2016

«Халықтың бір бөлігін үнемі алдауға болады, белгілі бір уақытта халықты тұтастай алдауға да болады, бірақ бүкіл халықты жаппай және ұдайы алдауға болмайды». Десек те біз әлі де биліктің ойлап тақан «уәждеріне» ұзақ жылдар бойы, ұдайы иланып келеміз. Билік өзінің саяси режимін сақтап қалуға, өмірін ұзартуға негізделген, түрлі бұл ойын ережелері мен мифтерді халық арасына таратып отырады. Көпшілік сол сүреңмен өмір сүреді. Мен бұл мақалада халық арасына кеңінен таралып кеткен «аңыздарға» байланысты қарсы уәждеріммен бөліскім келеді. Сонымен...

6 қаңтар 2016

Жаңа жылдық шырша да, мерекеден кейiнгi демалыс та ұмыттыра алмайтын дүниелер болады. Бiз солардың қатарына өткен жылы әлдекiмдердiң аузынан шыққан өрескел ұсыныстарды да қосқанды жөн көрiп отырмыз. Өйткенi қымбатшылық қысқан халықты қияңқы ұсыныстарымен қажағандар аз болған жоқ. Олардың бiрқа­тарынан президентке жағыну мен жеке басқа табынудың 

6 қаңтар 2016
Текетiрестiң ұшқыны дiни соғысқа ұласып жүрмесе
Қарым-қатынасы бұрыннан аса мәз емес екi мемлекет – Сауд Арабиясы мен Иранның арасына сызат түсуi алыс-жақын жердегi Таяу Шығыс және Африка елдерiн қақ жарды. Иран мен Сауд Арабиясының ашық текетiресi аймақтағы ғана емес, әлемдегi ахуалға әсер етерi сөзсiз. Өткен сенбi күнi Сауд Арабиясы “лаңкес­тiкке қатысы бар” деп сотталып, өлiм жазасына кесiлген 47 адамға қатысты үкiмдi орындады.
29 желтоқсан 2015
Отызды аңсап жүргенде...

Қазақстан үкiметi 2011 жылдан берi дамыған отыз елдiң қатарына қосылуға жанталасып жүр. 2012 жылы халыққа арнаған жолдауында Н.Назарбаев та осы мiндеттi жүктеген. Дамыған отыз ел деген не? Бұл – өндiрушi, өңдеушi, т.б. экономиканың салалары дамыған, шағын және орта кәсiп жолға қойылған, халықтың өмiр сүру деңгейi мен әл-ауқаты жоғары, жан басына шаққандағы iшкi жалпы өнiмi үлкен мемлекет. Елдiң қаншалықты дамығанын танытатын көрсеткiштердiң бiрден-бiрi – бәсекеге қабiлеттiлiк. Оның өзiнде шикiзат саласындағы емес, шикiзаттық емес саладағы бәсекеге қабiлеттiлiк назарға алынады

29 желтоқсан 2015
ҚОҒАМДЫҚ САНА ҚАЛЫПТАСТЫ
Биылғы жылдың басты ме­рей­лi екi мерекесi болса, соның бiрi – Қазақ хандығының 550 жылдығы.   Тойладық. Кедейлерiмiз “ша­ла байып” тоймаса да. Байларымыз байлығының “баж” ете қалатындай бiр бөлiгiн ортаға салмаса да. Ұлы Даланы дағдарыс кезсе де. Дегенмен, бүкiлхалықтық мерекеге айналдыра алмадық. Үкiмет әшейiнде дарақыланып, “гуманитарлық көмек” жасағыш.
29 желтоқсан 2015
2015 жылы “Қазақ елi” атауы ақырындап ығысып, “Ұлы дала елiне” орын бердi. Бiрақ билiк пен оның насихаты қанша жерден күш салса да, бұл жылы Қазақстан әлемге улы дала ретiнде танылды. Осы жылдың еншiсiне бұйырған – Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау үстiнде президент Н.Назарбаев “Қазақстан – ұлы iстердiң ұйытқысы болған Ұлы дала елi” деп мәлiмдедi.
29 желтоқсан 2015
Отызды аңсап жүргенде...

Қазақстан үкiметi 2011 жылдан берi дамыған отыз елдiң қатарына қосылуға жанталасып жүр. 2012 жылы халыққа арнаған жолдауында Н.Назарбаев та осы мiндеттi жүктеген. Дамыған отыз ел деген не? Бұл – өндiрушi, өңдеушi, т.б. экономиканың салалары дамыған, шағын және орта кәсiп жолға қойылған, халықтың өмiр сүру деңгейi мен әл-ауқаты жоғары, жан басына шаққандағы iшкi жалпы өнiмi үлкен мемлекет.

24 желтоқсан 2015
ЭКСПО-2017: 3 жыл өттi, 526 күн қалды. Әзiрге 60 мемлекет келе жатыр

Аунап өткен ай артымен, күн­тiзбеден бiлiнбей жылжып шыққан осы жылы шетелдерде, халықаралық аренада Қазақстан туралы ең көп талқыланған тақырып қандай? Елiмiзде биыл есте қаларлық әр­түрлi жағдай көп болды. Бiрақ, интернеттегi Google, Yandex секiлдi iздеу қызметтерi бойынша көптеген шетелде Қазақстанға қатысты 5 әрiп, 4 цифрдан құралған бiр сөз iздеуге өте көп түсiп, алдыңғы шепке шығыпты

24 желтоқсан 2015
Еуроодақтың сыртқы iстер және қауiпсiздiк саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини апта басында Астанаға сапармен келдi. Қазақстан мен Еуроодақ екiжақты кеңейтiлген әрiптестiк және ынтымақтас­тық жөнiндегi келiсiмдi бекiттi. Қазақстан тарапынан бұл құ­жатқа сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов қол қойды. Еуро­одақпен келiсiм 29 саладағы қа­рым-қатынасты қамтыған.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»