1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
16 ақпан 2016
Ел болудың алғышарты – Алтынбектiң арманына ұмтылу
А. Сәрсенбайұлын еске алу шарасына жиылған қауымның ортақ пiкiрi осыған сайды
11 ақпан күнi мемлекет және қоғам қайраткерi, оппозиция көшбасшысы Алтынбек Сәрсенбайұлының екi серiгiмен бiрге қастандықпен өлтiрiлгенiне 10 жыл толды. Сондықтан да болар, марқұмдарды еске алуға, Алтынбектiң халыққа аманат болып қалған азаматтық iстерiн зерделеуге, оны қайта жаңғыртуға, құпиясын iшiне бүккен қанды қылмыстың ашылуын талап етуге жиылған халық жылдағыдан көп болды.
16 ақпан 2016
Әлем назарындағы Норвегия
Отыз елге қара, өзiңе қара
Норвегия – Еуропаның солтүстiгiндегi мемлекет. Еуропа құрлығындағы көлемi жағынан ең үлкенi саналатын Скандинавия түбегiнде екi мемлекет орналасса, соның бiрi – Норвегия. Ресей, Финляндия һәм Швециямен шекаралас елдiң жер көлемi 386 мың 960 шаршы шақырым. Жерiнiң кеңдiгi жағынан әлемде 125-орында болса, Скандинавия мемлекеттерi арасында Норвегия жерiнiң көлемi үлкен екiншi мемлекет саналады.
11 ақпан 2016
«Билiк пен отбасы мүшелерiнен нелiктен күдiктенетiнiмiз туралы...»

Елдi дүрлiктiрген қанды оқиғаның басты тапсырыс берушiлерi мен қарақшылары нелiктен тасада қалды? Күдiктiлер қатарында есiмдерi аталғандардың, iске әртүрлi шамада қатысы болғандардың тергелмеуi, сотқа шақырылмауы ненi бiлдiредi? Жәбiрленушi жақтың талаптары мен пiкiрлерi қашанғы ескерусiз қалмақ? Көпшiлiктiң көңiлiндегi осындай сауалдар әркезде-ақ айтылып жүр. Ақиқатты ашуға септесетiн мәселелерге қозғау салған қоғамдық тыңдаулар мен тал­қылауларға билiк тарапынан жауап жоқ.  

11 ақпан 2016
«Арқаңда  сенің алты Алаш»

Саясат – ұлттың, мемлекеттің тағдырын шешетін тетік. Ұлттың құл болмауы, мемле­кеттің тұл қалмауы да саясат пен саясаткерлерге байланысты. Демек, ірі саясаткердің мезгілсіз қазаға ұшырауы – ұлт пен мемлекет тағдырына да мейлінше кері әсерін тигізетін күйзелісті құбы­лыс. Көрнекті саясаткер, мемлекетшіл тұлға, қайраткер-реформатор Алтынбек Сәрсенбай­ұлы­ның қайғылы қаза­сын Қазақстан зиялы­ларының аса ауыр қабылдауының сыры да осында жатқандай.

11 ақпан 2016
Алтынбек пен Mахамбет

Екеуі екі дәуірдің ұлы. Екеуі екі кезеңнің бөрісі. Екеуі де қырықтан аса бере өмірден өтті. Махамбетке сілтенген семсер арада 160 жыл өткен соң айналып келіп Алтынбекті тапты. Махамбеттің басы денесінен бөлініп түскенде мұқым қазақтың жүрегі біз сұғып алғандай дір ете түскен. Алтынбектің қазасы да иісі алаштың көкірегін қарс айырды.

11 ақпан 2016
Ер бағасын ел берген
ТӘУЕЛСІЗДІК, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТТІ
Біздің қазақта, мұсылманда «шейіт» деген қасиетті ұғым бар. Қысастық қазаға ұшыраған адамдар – шейіт. Ақ жолда, ұлт жолында, әділдік жолында қаза болған адам шейіт болады. Алтынбек бауырымыз – қай жағынан алғанда да шейіт. Әзіз шейіт. Амал жоқ...
11 ақпан 2016
10 жыл өттi, не өзгердi?
2006 жылғы 11 ақпанда көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлына, оның қасындағы серiктерi Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлевқа сая­си тапсырыспен қастандық жасалды. Одан берi он жыл өттi. Қазақстан тарихында, ХХI ғасырдағы ұлттық қасiрет саналған бұл оқиға ешқашанда ұмытылмайды. Сан мың адам әр жыл сайынғы дәл осы күнде және кез келген сәтте аяулы азаматтарын еске алады, жауыздық әрекеттi айыптап, қылмыстың толық ашылмағанына күйiнедi. Қоғамның бүгiнгiсi мен ертеңiне ерекше алаңдайды. Өйтетiн себептерi жетерлiк...  “Жас Алаш” елiмiзге танымал тұлғаларға төмендегiдей сауалдар қойған едi. Жауабымен танысыңыздар, өзара пiкiр бөлiсiңiздер, қадiрлi тiлеулес оқырман!
9 ақпан 2016
Қазақстан мен АҚШ-тың әскери жоспары осыған қызмет етедi
Өткен аптада Қазақстан мен АҚШ 2016-17 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспарын мақұлдады. Америкалықтар елдегi әскери оқу орындарының мамандарын әскери оқу әдiстемелерiн да­йындауға үйретiп, бiтiмгерлiк мис­сиясы аясында бiрлескен шараларға қатыспақ. Биылдың өзiнде америкалықтар тұңғыш рет Қазақстанның
9 ақпан 2016
Ырысты, күрiштi Жапония

Халықтың бақытты, я бақытсыз болуы кейде мемлекет басшысына да байланысты сияқты. Мәселен, 1868 жылы Жапонияның император тағына Муцухито отырды. Осы император басқарған кезеңдi (1868–1910 жылдар) жапон тарихшылары “Мэйдзи кезеңi” дейдi. “Мэйдзи” деген не? “Бiлiктi, бiлiмдi басшы” деген сөз.

4 ақпан 2016
Босқындардың қамын күйттеу және түсiнгiш қытайларға сену
“Мұнай өндiру дағдарыста да 18 млн тоннадан түспейдi. Ешкiм жұмыстан қысқартылмайды. Балалар үйi тәрбиеленушiле­рiнiң барлығы тек iрi мұнай компанияларына жұмысқа тұрады. Жаңаөзен қаласының экономикалық дамуы iлгерiлеп, үш ауысымдағы мектеп проблемасы шешiледi. Ел айтып жүргендей Маңғыстауға қытайдан келер қауiп жоқ. Керiсiнше, тек солар ғана менi түсiнедi.
26 қаңтар 2016

Орталық Азия, оның iшiнде қазақ даласы – жылқының отаны, оған дәлел жүздеген мың жылқы сүйектерi табылған энео­лит дәуiрiндегi Ботай қонысы. Ботайлықтар – әлемдегi алғашқы жылқышылар, жылқыны қолға үйреткендер. Демек, XXI ғасырда егемендi ел атанғанда мемлекетiмiздiң басты шарушылығы – жылқы өсiру, халқымыздың сүйiп iшетiн сусыны – қымыз, ұлттық идеямыздың негiзi – тұлпар болуға тиiс.

26 қаңтар 2016
Алақандай Сингапур
30 елге қара, өзiңе қара
1867 жылдан Британ империясының отарына айналған Сингапурды кезiнде ағылшындар теңiз саудасының тоғысында орналасқан iрi теңiз айлағы және Азиядағы әскери бекiнiсi ретiнде пайдаланып келдi. 1959 жылы өзiн басқару құқығына ие болғанда шағын аралдағы мемлекеттiң әскерi де жоқ едi. Елдiң жалпы iшкi өнiмi жан басына шаққанда бар-жоғы 400 доллардан айналған.
19 қаңтар 2016

Дамыған 30 елдiң қатарынан үмiттi Қазақстанның қазiргi жағдайы “қашпаған сиырдың уызын күткен” алаң­ғасардың арманын еске түсiредi. Өйткенi қара алтынның құны төмендегенде-ақ экономиканың өкпесi қысылды. Бұл – бiздiң табиғи байлықтардың есебiнен ғана күн көрiп келе жатқанымызға дәлел. Ал дамыған 30 ел деген қандай мемлекеттер? Бұл жөнiндегi топтастырулар әртүрлi. Мәселен, БҰҰ өзiне мүшелiкке өткен 193 мемлекеттiң iшiнен алғашқы отыздықты iздегенде әлеуметтiк жағдайы мен демографиялық көрсеткiште­рiне басымдық бередi.

14 қаңтар 2016

Бұл қазақтың бiлмейтiнi жоқ. Президент сайлауы едел-жедел өтiп, Назар­баев тақымын “нықтап” алған соң-ақ дүйiм жұрттың назары Мәжiлiске ауған. “Ендi парламент тарайды” деген әңгiменi сол тұста басқаны қойып, ауылдағы келiн-кепшiкке дейiн айтып жүрдi. Қиырдағы сыпсың сөздiң ұшығы Астанаға жеткенде Мәжiлiс депутаты Тұрсынбек Өмiрзақов оны шөпауыз әйелдердiң өсегiне теңеп, ел iшiндегi ызыңға “тойтарыс” бергендей болған. Бiрақ көптiң көкейiндегi күмән бәрiбiр сейiлген жоқ. Мiне, ендi ол ақыры шындыққа айналды. Кеткiсi келiп тыпыршыған депутаттардың президентке жасаған өтiнiшi кеше Владислав Косаревтiң аузынан атқып шықты.

12 қаңтар 2016
«Заманың шабуылшы болса, қорғаушы болып шал»
СПОРТ КОММЕНТАТОРЛАРЫНЫҢ ТIЛI ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДI?
Бүгiнде “Ел болам десең – телеарнаңды түзе” деген сөз мәтелге айналып, өзектiлiгiн танытып тұр. Жұрт сан алуан ақпаратты электронды ақпарат құралдарынан алатын, интернеттен iздейтiн, телеарналарға көбiрек телмiретiн заман туды. Сол телеарналарымыздан көпшiлiктiң сүйiп көретiн көрсетiлiмдерiнiң бiрi – спорт хабарлары.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21»