1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
22 қыркүйек 2016
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТIЛТУРАЛЫ ТҮСIНДIРIҢIЗ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ТЫҢДАҢЫЗ
Қазақстан Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, елдегi мектептердiң барлығы 2019 жылдан бастап үш тiлде оқыту жүйесiне көшпек. “Үш тұғырлы тiл” бағдарламасының жүзеге асуына қажеттi дайындық жасал­ған ба? Айталық, оқушылар ана тiлiнде әрең түсiнетiн кейбiр күрделi пәндердi ағылшын тiлiнде оқыта алатын ұстаздар бар ма? Бұл үшiн пән мұғалiмдерiнiң екiншi мамандықты игеруi, яғни ағылшын тiлiнiң де маманы болуы қажет емес пе?
22 қыркүйек 2016
“Қазақстанның Демократиялық таңдауына” – 15 жыл
15 жыл бұрын, 2001 жылдың күзiнде Қазақстанда “Қазақстанның Демократиялық таңдауы” қоғамдық қозғалысы пайда болды. Тәуелсiз Қазақстанның тарихында бұл оқиға жас реформаторлардың тұңғыш рет президент Н.Назарбаев құр­ған саяси жүйеге ашық қарсылығы ретiнде қалады. “Қазақстанның Демократиялық таңдауы” қозғалысының пайда болуына,
22 қыркүйек 2016
Белуардан қан кешкен күндердi ұмыттық...
“Время” газетiне Тохнияз Кучуковтың “Что купил – тем и наградил, или Как Халык Каһарманы Бахытжан Ертаев Героя России Серика Султангабиева “ублажил” деген мақаласын (19.05.2016 жыл) оқып шыққанда-ақ, “Ауған соғысы батырының мұнысы несi?” деп iшiмдi жиып қалып едiм. Ал ендi “Ауған соғысының батырлары бiрiн-бiрi сотқа бердi...” дегенде, шыдай алмадым. Ауған соғысының ардагерi ретiнде өз ойымды бiлдiргендi жөн көрдiм.
16 қыркүйек 2016
Көзiқарақты қауым 14 қыркүйектi Орынбор облысы Тоцк полигонында зұлматты оқиға болған күн ретiнде жыл сайын еске алады. Бұл тақырып ғаламтор бетiнде биыл да көрiнiс тапты. Жалпы, 1954 жылы 14 қыркүйекте “Снежок” деген атпен жүргiзiлген және бертiнге дейiн құпия ұсталып келген бұл операцияның жай-жапсары былай болған... Өткен ғасырдың 50-жылдары әлем III дүниежүзiлiк соғысқа дайындалды. АҚШ-та жүргiзiлген сынақтардан кейiн, КСРО да ядролық бомбаны
16 қыркүйек 2016

Мұса пайғамбар Құдайдың хақ дiнiне ерген халқына 40 жыл бойы жұмыр жерден жұ­мақ iздесе, Конституциясының 1-бабында өзiн зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлеу­меттiк мемлекет ретiнде жариялаған Қазақстанның билiгi 25 жылда адасқан азаматтарын бақылайтын дiн iстерi жөнiндегi министрлiк құрған дәрежеге жеттi. Ата Заңында мемлекет пен дiн бөлек деп жазылған ел­де дiн iстерi жөнiндегi министр­лiктiң пайда болғаны көпшiлiк­тiң көкейiне көп сауал тастайды.

14 қыркүйек 2016
“Атомдық аждаһа” мекенiне айналған Семей полигонының қасiретi Бiрiккен Ұлттар Ұйымына қалай жеттi?

1994 жылы қазан айының басында “Невада – Семей” қозғалысының “Аттан” жорық штабының жетекшiсi Амантай қажы Хан­темiрұлы бiр күнi менi үйiне жеке шақырды. “Ораз iнiм, саған Америка сапарына қатысты айтуға тиiс құпияны есiңе салуым керек. Онда баратынымыз рас. Бiрақ ол жақтан оралмай қалуымыз да мүмкiн. Өйткенi АҚШ-та атомға қарсы шеру-акция өткiзу оңай болмайды. Ал, Бiрiккен Ұлттар ғимараты алдында ұрандап, АҚШ-тағы атомдық сынақтар тоқтатылсын” деп онда жар салу тәуекелдi талап етедi.

6 қыркүйек 2016
Өмiр мен өлiм
ТАРИХТАҒЫ ОРЫНДЫ УАҚЫТ АЙҚЫНДАЙДЫ
Өткен сенбiде елдi 27 жыл бойы билеген Ислам Каримов туған қаласы Самарқандағы Шахи-Зинда кесенесiне жерлендi. Саналы ғұмырының бiр бөлiгiн коммунистiк билiк басында өткiзген тұлға өзiн Мұхаммед пайғамбардың исламды Орталық Азияға таратқан жақын туысымен байланыстырылатын тарихи мавзолейге жерлеудi тапсырыпты. Өзбек тарихындағы ең айтулы тұлғалардың сүйегi жатқан жерден Ислам Каримовтың анасы мен бауырлары да мәңгiлiк қоныс тапқан.
6 қыркүйек 2016
Жаңалық көп, ал «жаңашылдар» кiмдер?..
12 жылдық бiлiм жүйесiне көшу мақсатындағы жаңа стандарттарды елiмiздегi барлық мектептерге 1-сыныптан енгiзу шаралары жаппай басталып кеттi. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған шәкiрттер ендi бiрыңғай базалық оқулықтар бойынша бiлiм алады. Министрлiк өкiлдерi бұл оқулықтардың аймақтар арасындағы бiлiм сапасын онлайн режимiн­де теңестiруге, сондай-ақ оқу үлгерiмiн қадағалауға, қазына қаржысын үнемдеуге мүмкiндiк бе­ретiнiн айтады.
1 қыркүйек 2016
Каримовтан кейiнгi Өзбекстан. Оны кiм қалай елестетедi?

Каримовтың көзi жұмылды деген ақпарды ресми Ташкент жоққа шығарды. Қазiр оның атына тәуелсiздiк мере­кесiне орай құттықтаулар түсiп жатыр. Өзбек президен­тiнiң сайтындағы мәлiметтерге қарағанда, Каримовты айтулы мерекемен құттықтағандардың арасында Украина, Тәжiкстан, Түркiменстан, Ауғанстан президенттерiн былай қойғанда, АҚШ пен Қытай басшысы да бар. Барак Обама Өзбекстанның территориялық тұтастығын қолдай бере­тiнiн бiлдiрсе

30 тамыз 2016
Кешiрiңдер, қарақтарым!..
БIЗ ӨЗ ҰРПАҒЫМЫЗДЫ ҰЛТ ТIЛIНДЕ СӨЙЛЕУ ҺӘМ ОЙЛАУ БАҚЫТЫНАН АЙЫРЫП ОТЫРМЫЗ
Адам айтам деп айтпайды ғой, әбден жетесiне жеткеннен, жүйкесiне тигеннен кейiн айтады. Мiне, тағы да үштiлдiлiк туралы айтуға тура кеп тұр. Осыдан бiр жетi бұрын Ресейдiң Бiлiм министрi Дмитрий Ливанов орнынан алынды. Д.Ливанов та бiздiң Е.Сағадиев секiлдi қит етсе “...балаларға сапалы бiлiм беру үшiн әлемдiк тәжiрибеге жүгiнуiмiз керек”, “...әлемдiк деңгей...”, “...әлем­дiк стандарт...”, “...әлемдiк әдiстеме...”, “...әлемдiк...” және т.т. деп шыға келетiн. “Ана елден де үйренемiз...”, “мына елден де үйренемiз...” деп жүрiп, оқу-ағарту саласын
25 тамыз 2016
Бап. Бақ. Тақ.
«ЕСКI ГВАРДИЯ» ЕСIР­КЕДI МЕ, «ЖАҢА ГВАРДИЯ» ЖАРЫЛҚАЙ МА?
Елге танымал атқа мiнер­лер­ге қатысты соңғы кадр өзгерiстерiнен бiрiздiлiк пен логика iздеп, президент ше­шiмдерiне нақты себеп не сылтау iздеп жатқандарға таңға­ламын. Өйткенi ешқандай қи­сын жоқ: баяғы кадрлық жартас – сол бiр жартас, бәрi де сол ескi сарын, субъективтiк таңдау, қоғам мен билiкте жылдар бойына өз шешiмiн таппай, қордаланып қалған проблемаларды тағы да кейiнге қалдыру. Президентке кiм бүгiн сөзiн өткiзе алды – соның асығы алшысынан түседi, дегенi болады.
23 тамыз 2016
Гүлен: «Мұсылман масоны» әлде түрiктiң «Соросы»?

Түркияда сәтсiз аяқталған әскери төңкерiстен кейiн бұл елде мемлекеттiк аппаратты, әскердi, бiлiм және мәдениет саласын түбегейлi тазалау жүрiп жатыр. Одан бөлек ел экономикасындағы бизнес-құрылымдардың бiр бөлiгi тал­қандалуда. Iс жүзiнде мұны сәтсiз төңкерiстен кейiнгi билiк тарапынан жасалған төңкерiс деуге болады. Қудалауға, тұтқынға түскен, бизнесi мен жұмыстарынан айырылған он мыңдаған түрiк азаматы ФЕТО – “фетхуллашылардың террорлық ұйымының” мүшесi деп танылды. Осы ұйымның жетекшiсi деп саналатын Фетхуллах Гүлен Түркияның ең басты жауы ретiнде аталуда.

18 тамыз 2016
Збырлық немесе өктемсiген казактарды намысқой қазақтар қалай тықсырды?
Қазақ халқы бөтен жұрт­тың жер-суына, жеке мен­шiгiне көз алартып, басқыншылық жасады дегендi ешкiм естiген де, оқыған да емес. Өзiн болмаса да, өз­ге халықтың бәрiн құрметтеген, жау­лыққа бармаған. Бiрақ, киелi атамекенге шабуыл жасаған дұшпандарға аяусыз соққы берiп, қасық қаны қалғанша қорғаған, қорғай бiлген. Қазақ бұрын да, бүгiн де солай. Әйтсе де, қазақ, әсiресе, кеңестiк кезеңде қызыл империя басшылары меншiктi жерiн жырымдап,
16 тамыз 2016
Үштiлдiлiк – үш басты аждаһадан да жаман
МҰНДАЙ КЕСIРЛI «РЕФОРМАНЫҢ» АЯҒЫ ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫНА ӘКЕП СОҒУЫ ӘБДЕН МҮМКIН
Республика мұғалiмдерiнiң тамыз конференциясына қатысушылар назарына
Ертең, яки 17 тамыз күнi республика мұғалiм­дерiнiң дәстүрлi тамыз конференциясы өтедi. Осы конференцияда үштiлдiлiктiң зияны мен зардаптары жөнiнде сөз қозғалуы мүмкiн бе? Әй, қайдам... Бiзге жеткен деректерге сенсек, Бiлiм және ғылым министрлiгi 5-сыныптан бастап физика, химия, информатика, математика, жалпы жаратылыстану пәндерiн жаппай ағылшынша оқытуды 2019 жылға шегерiптi. “Бұған әлi дайындығымыз аз” дептi.
11 тамыз 2016
Тыр-тыр трамвайдың тарихы Б.Байбек келген соң тәмамдалды
9 тамызда Бауыржан Байбектiң Алматы қаласының әкiмi болғанына бiр жыл толды. Осы уақыт iшiнде әкесiнiң президентпен бiрге оқығанын мақтан ететiн жас әкiмнiң не тындырып үлгергенiн және қандай iсiмен есте қалғанын саралап көрейiк. Ағаттықтарын тiзуден бұрын елiмiздегi ең iрi қаланың жас әкiмi атқарған оң iстердi де айта кетейiк. Бауыржан Байбек Астанадағы жақсы тәжiрибенi өзiмен ала келдi. Бұған дейiн елiмiздiң бас қаласы
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»